Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Азия орасан зор табиғат ресурстарына ие. Оның аумағында дүние жүзінде кездесетін табиғат ресурстарының барлық түрлері бар.
Минералды ресурстардың басым бөлігі геологиялык тұрғыдан Қытай және Үндістан платформаларында шоғырланған. Мұнда тас көмір, мұнай, газ, марганец, темір, т.б. мол. Азияның ең басты минералды байлығы болып мұнай саналады. Ол Оңтүстік-Батыс Азия аймағында жатқан Парсы шығанағы мен Месопотамия ойпатында өте мол. Бұл аймақта дүние жүзі бойынша барланған мұнай қорының 65%-ы және өндірілетін өнімнің 40%-ы шоғырланған. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Индонезия, Малайзия, т.б.) және Тынық мұхиттың теңіздерінің қайраңдарында да мұнайдың мол қоры шоғырланған. Бірак бұл аймақтар әлі нашар зерттелген.
Азияның маңызды минералды ресурстарына, сонымен бірге көмір, қалайы, мыс, никель, вольфрам, табиғи күкірт, графит, сүрме кендері, т.б. жатады. Олардан кейін темір мен марганец (Қытай, Үндістан), хромит (Түркия, Үндістан, Қазақстан және Филиппин), никель (Индонезия, Қазақстан, Филиппин), мыс (Қытай, Қазақстан, Монғолия), полиметалл кендері (Қытай, Қазақстан), сынап (Қырғызстан), алмас (Үндістан) және алтын (Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан) кен байлықтарының мол қоры шоғырланған.
Азияның дамушы елдері ішінде отын-энергетика қоры Оңтүстік-Батыс Азия, Қытай және Үндістанда, ал металл кені, химия, т.б. шикізаттар Қытай, Үндістан, Малайзия, Индонезия, Қазақстан және Түркияда шоғырланған.
.Азияның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы жазықтар егіншілікке аса қолайлы. Азияда дүниежүзіндегі суармалы жерлердің 3/4 бөлігі шоғырланған.
Халқы мен еңбек қорлары.2005 жылығы дерек бойынша бойынша Азияның халқы шамамен 3,8 млрд. адам. Жапониядан басқа мемлекеттердің барлығы халықтың ұдайы өсуінің 2 тұрпатына жататындықтан көпшілігінде «днемографиялық жарлыс», жүріп жатыр. Сондықтан кейбір елдер (Үндістан, Қытай) табиғит өсуді шектеуді көздейтін демографиялық саясат жүргңізуде. Басқа елдер мұндай саясат жүргізбейтіндіктен халқының саны артып жасаруда. Мұндай өсу қарқынымен 30 жылда екі есе өседі.
Азияның аймақтарының ішінде Шығыс Азия демографиялық жарлыстың шыңына жетті
Халқының саны жағынан Азия дүние жүзінің басқа аймақтарының ешқайсысымен салыстыруға келмейді. Мұнда жер бетіндегі халықтың 60%-дан астамы (3,8 млрд адам) тұрады. Азия елдерінің басым бөлігі демографиялық өтпелі кезенді бастан кешіруде. XX ғасырдың 90-жылдарындағы демографиялық саясаттың нәтижесінде Азияның халық саны біршама азайды. Болжам бойынша 2010 жылы Азиядағы халық саны 4,0 млдр-қа жетуі тиіс.
Азияның дамушы елдеріндегі халықтың орналасуы мен таралуының өзіндік ерекшеліктері бар. Халықтың біркелкі қоныстануына табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Халықтың басым бөлігі Азияның бірнеше ареалында ғана таралған. Аймақтың бір бөлігін (өте үлкен аумақтарды) теңіз жағалаулары мен өзен аңғарлары, жазықтар, ал екінші бөлігін шөлді-шөлейтті, биік таулы өңірлер мен тропиктік ормандар алып жатыр. Бұл өз кезегінде халықтың жаппай қоныстануына кедергі келтіреді. Ганг ойпатындағы халықтың тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 1000 адамнан келеді. Оның кейбір аумақтарында 2000 адамға дейін жетеді (Бангладеш елінде). Азияның орта тұсында орналасқан, дүние жүзі бойынша халық өте сирек қоныстанған Монғолияда 1 км2-ге 1,5 адамнан ғана келеді.
Аймақтағы халықтың коныстануына халықаралық көші-қон да өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл, негізінен, Азияның мұнайлы аймағына (Оңтүстік-Батыс Азия) тән құбылыс. Мұнда еңбек ресурсын көп қажет ететін Парсы шығанағында халық біршама тығыз коныстанған. Аймаққа Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен жұмыс күші көптеп тартылады. Шығанақ елдерінің ішінде Сауд Арабиясы мен Кувейттегі иммигранттардың саны XXI ғасырдың басында 1,0 млн-нан асып кетті. Егер Сауд Арабиясы мен Кувейттегі мұнай өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қызмет көрсету шеңберіндегі жұмысқа тартылғандардың 60%-ы шеттен ауып келгендер болса, Біріккен Араб Әмірлігінде олардың үлес салмағы 85%-дан асады.
Жалпы, Азияның дамушы елдеріндегі халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 75 адам. Әсіресе халықтың орташа тығыздығы Сянганда өте жоғары. Азияның дамушы елдерінің кейбіреулерінде (Сауд Арабиясы, Қазақстан, Түрікменстан, т.б.) халық өте сирек орналасқан.