Сабақ тақырыбы : Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары Сабаққа шолу



бет1/4
Дата07.09.2023
өлшемі351,16 Kb.
#106502
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
• Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары


08.04.2021ж.8-сынып

Сабаққа шолу
Сенің білетінің:

  • шаруашылықтағы өңдеуші және өндіруші салалар.

Сенің меңгеретінің:

  • шаруашылықтағы өндіруші және өңдеуші шаруашылық салаларды жіктеу.

Сабақтың мазмұны

  • Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші және қызмет салалары

  • Дүниежүзілік шаруашылықтың өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсетуші кешендері көптеген саланы қамтиды. Металлургия, энергетика, машина жасау, химия өнеркәсібі және тұтыну заттары мен өндірістік, өндірістік емес қызмет көрсету салалары бірлесе отырып шаруашылықты құрайды.

  • Металлургия өнеркәсіпті қажет шикізаттармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өзіне қызмет көрсетуші салалармен қатар дамиды. Таралуы әлемде түрліше. Мысалы, Аустралия мен Гвинеяда – алюминий, АҚШ пен Ресейде тазартылған мыс, ал Чили мен Канадада тазартылмаған мыс концентраттарын өндіреді. Өндіріс салаларының орналасуы әртүрлі. Темір өндірісі көмірі көп (кокстелетін), алюминий өндірісі электр энергиясы арзан аудандарға орналасса, болат өндірісі негізінен экономикасы, технологиясы дамыған елдерде орналасады.

  • Энергетика шаруашылықтың басты қозғаушы күші. Өндіріс дамыған сайын қажеттілік те арта түседі. Соның ішінде жаңа баламалы көздердің үлесін арттыру өзекті мәлесе. Сондықтан да Нұр-Сұлтан (Астана) қаласында өткен әлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» болды.



  • 1-кесте. Электрэнергияның түрлері мен олардың қолданылуы

  • Машина жасау кешенінің шаруашылықта маңызы жоғары. Атап айтқанда еңбек өнімділігін арттырады, экономиканың алға басуын қамтамасыз етеді, ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді арттырады. Машиналар – адамға түсетін жүктемені азайту үшін немесе оны толықтай алмастыру үшін белгілі бір жұмысты орындайтын техникалар. Машина жасау кешені өнімдерінің қолданылуына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Мысалы, құрылыс саласы – шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бульдозерлер, ауыл шаруашылық – тракторлар, комбайндар жер жырту, тұқым себу техникалары, көлік – ауыр жүк тасымалдаушы көліктер, жеңіл автомобильдер және т.б.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет