Пайдалықазбалары Латын Америкасы барлық минералдық шикізатпен қамтамасыз етілген, олардың көбіінің қоры жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Мұнда ерекше минералды қоспалар мен отын-энергетика ресурыстары мұнай мен табиғи газ қоры өте көп. Мұнайдың барланған қорының мөлшері 18 млрд. тонна. Оңтүстік Америкадағы ірі мұнай алабы-Маракайбо қазан шұңқыры мен Венесуэла аумағында шоғырланған.
2010 жылғы мәліметтер бойынша аймақтағы тас көмірдің барланған қоры 100 млрд тоннаға жуық. Көмірдің негізгі алаптары Мексика, Колумбияның Перу, Аргентина мен Бразилияда тралған. Бразилия дүниежүзінде марганец кенінің қоры жөнінен үшінші орын алады. Бразилия – Венесуэла және Антил аралдарында хром, титан, никель, кобальт кендері өндіріледі. Анды тауында вольфрамның (Бразилия, Перу), молибденнің (Чили), висмуттың (Перу, Боливия) ірі кен орындары бар. Күмістің қорынан дүниежүзінде Мексика бірінші, Перу үшінші орын алады.
Латын Америкасының халқы.Латын Америкасындағы көптеген халықтары мен тайпалары европалықтардың жаулап алғанына дейін «үндістер» деген жалпы атау алған. Олар бір – бірінен сыртқы келбетімен, тілімен, дінімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Бір ұлтты және көп ұлтты мемлекеттер құрамына Аргентина, Чили, Уругвай кірді. Бұл мемлекеттерде үнділер басым. Боливияда 63%, Гватемаледе 54%, Перуде 47%,Эквадорда 40%, Мексикада 15% үндістер құрайды. Латын Америкасында урбандалу өте жоғары. 1998 жылы қала тұрғындары 75% болды. Соңғы онжылдықтарда агломирация жоғарғы көрсеткіш алуда. 1990 жылдардың ортасында 38 милионер қала болды. Ауыл шаруашылығындағы жоғарғы және орта білімді жұмысшылар 0,1%, білікті маман жұмысшылар 5%, өңдеуші өнеркәсіптегі жұмысшылар 1,6 және 17% жетті.
14.3 Латын Америкасы елдері шаруашылығына жалпы шолу Шаруашылығының жалпы ерекшеліктері. Бұл аймақта шаруашылықтың екі саласы дамыған. Олар пайдалы қазбалар мен плантациялы тропикалық дақылдарды өсіру болып табылады. Латын Америкасыныңмемлекеттері өз өнімдерін АҚШ, Батыс Европа елдері мен Жапонияға, Испания мен Португалияға Азия, Африка елдеріне шығарады. Латын Америкасының экономикасында тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының маңызы зор. Экономикасының дамуы шетел капиталмен тығыз байланысты. Металллургия, мұнай кәсіборындары шетел капиталын тартып сауда - саттықты дамытты. Латын Америкасы елдері экономикасының даму қарқыны Бразилия мен Мексикада жоғарылап олардың аймақтағы ықпалы артты. 1990 жылдардың соңында екі мемлекет аймақтағы жалпы ішкі өнімені 1/3 және 1/5 бөлігін, ал Аргентина болса 1/10 бөлігін қамтыды. Латын Америкасының дамуына сыртқы қарыз зор әсер етті. 1985 жылы сыртқы қарыздары 272 млрд доллар болса, 2000жылы ол көрсеткіш 775 млрд. долларға дейін артты. Өзінің экономикалық интеграциясын күшейтү үшін Латын Америкасы кейбір территорияларда пайдалана бастады. 1960 ж Латын Америкасы еркін сауда ассоциациясы (ЛАСТ) құрылды. 1980 жылы Латын Америкасының еркін сауда ассоциациясы Латын Америкасының құрамдасу (қауымдастығы (ЛАИ) және құрамында бес мүшесі бар Орталық Америка ортақ нарқы (ЦАОР) болып қайта құрылды.