6-б етте 6-б етте Қойшығұл жылқышиев: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,15 Mb.
#10932
1   2   3   4   5   6

бүгінде жаралы, ал 

сарбаздары «майданда» 

ерлік жасауын 

жасағанымен, онысы үшін 

тіпті арқадан қағып, 

маңдайынан сипар ешкім 

табылмай тұрғандай.

жанов, Бердібек Соқпақбаев, Шона Сма-

ханұлы, бүгінде Көпен Әмір-Бек, Толымбек 

Әлімбекұлы, Берік Садыр, Ермахан Шайхы 

секілді ағаларымыз – осы сатираның 

сарбаздары, қазақы қалжыңның қара 

нары деуге тұрарлық тұлғалар. Бірақ бір 

сәт ойланайықшы, осы біздің қоғамның 

көбіміз көре бермес кемшін тұстарын көзі 

шалып қалып, соны түзету үшін мақтамен 

бауыздағандай әзіл-сықақ жазған, жазып 

жүрген осы бір сала сарбаздарына арнал-

ған тым құрыса бір байқау, бір марапаттау 

сыйлығы бар ма? 



Көпен ӘМІР-БЕК, белгілі сатирик 

жазушы: 

– Сатира деген өгей жанр ғой өзі, 

«әкесі» жоқ, «шешесі» ғана бар. 

«Шешесі» – поэзия, проза, драматур-

гия. Оның өзі «басқа күйеуге» 

шық қан. Сондықтан осы күнге дейін 

ол өгейдің күйін кешіп жүр. Ал енді 

арғы атасы – әдебиет. Сондықтан 

сатира әдебиеттің бір ұрпағы ретінде 

саналады. Ал осы әдебиеттің ішінде 

де бөлек салаларға сыйлық тағайын-

далып, түрлі байқаулар жарияланып 

жүр ғой. Поэзия, проза өз алдына, 

балалар әдебиеті саласында да кейінгі 

кездері арнайы байқау өткізіп тұру 

дәстүрі орнықты. Ал сатирада әзірге 

ондай бастама жоқ. Болгарияның 

Габрово қаласында жыл сайын 1 сәуір 

күніне орай сықақшылар байқауы 

өткізіліп тұрады. Оған карикатура 

жасаушылар, суретшілер де, әзіл ән, 

әзіл әңгіме жазушылар да, біртұтас 

алғанда, әлем әдебиеті әзілкештері 

қатысады. Бізге де осыны орнықтыра-

тын бір орталық керек. Мысалы, қатты 

ағашқа жұмсақ құрт тез үйелейді ғой. 

Сатира да қаһарлы болғанымен, 

жұмсақ құрт сияқты нәрсе. Бүгінде 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 

секілді бастамалар жүріп жатыр, 

осының бәрінің жүгін арқалап келе 

жатқан – сатира. Сондықтан ол – 

бүгінгі заманда пісіп тұрған сала. 

Тіпті ештеңе жоқ десек, онда ауызды қу 

шөппен сүрткендей боларымыз сөзсіз. 

Елімізде 2000 жылдан бері «Егемен Қазақ-

стан» газеті ұйымдастырып келе жатқан 

сатириктерге берілетін Балғабек Қыдырбе-

кұлы атындағы сыйлық бар екен. Алайда 

оның өзін Берік Садыр секілді сатирик 

ұйымдастырып отыр әрі «осы жеткілікті» 

дерліктей оның керемет даңқы да аспандап 

тұрған жоқ. Мәселен, осы сатира деп 

аталатын қарттың бір баласы КВН сала-

сында әр «квнші» армандайтын «Алтын 

КиВиН» кубогы бар. Оған қол жеткізу деген 

сол саладағы үлкен жетістік қана емес, 

шеберлігіңді елдің мойындауы дегенді 

білдіреді. Зияткерлер арасында «Хрусталь 

үкі» сыйлығы бар. Ал енді жалпы сатирик-

терге, сол салада жазып жүрген жазушы-

лар ға біздің елімізде ешқандай да бір 

сайыс не сыйақының болмауы қызық се-

кіл ді. Байқау демекші, төрткіл дүниеге 

әйгілі күлкілі кейіпкер Чарли Чаплин – 

өмірде болған адам. Актердің шеберлігі 

сондай, – тіпті оған өз дәуірінде  еліктеушілер 

саны көп болған. Тіпті жыл сайын Амери-

када «Чарли Чаплинге еліктеушілер» кон-

кур сы жиі ұйымдастырылып, қомақты 

жүлде беріліп тұрса керек. Ең қызығы, сол 

даңқы шартарапты шарлап кеткен бәйгеге 

аты-жөнін жасырып, Чарли Чаплиннің өзі 

қатысыпты. Нәтижесінде, Чарли өзіне 

еліктеушілердің байқауында бар болғаны 

үшінші орынды иеленіпті. Демек, Чаплин-

нің еліктеушілері тіпті өзінен де асып түсті 

дегенді білдірсе керек. Қазақта мұндайда 

«Ұстаздан шәкірт озады» дейді. Бізге де бір 

осындай байқау, мәртебелі марапаттау 

сыйлығы керек-ақ... 

«Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» 

деген мәтел алдау күніндегі ойыннан 

шыққан отқа қатысты айтылса керек. Өз 

қамын ойлап, өзгені аяқтан шалу, сынау 

ойы мен алдайтын да адамдар кездеседі. 

Д.Дидро «Өтірік аз ғана уақыт пайдалы 

бол са, уақыт өте келе зиянды. Керісінше, 

шындық уақыт өткен сайын пайдалы екен-

дігін көрсетеді», – дейді. Қазақ нақылы 

«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» десе, 

қасиетті Құран Кәрімде: «Негізінде айла-

кер ліктің кесірі иесіне ғана болады» (Фа-

тыр сүресі, 43-аят) делінген. Реті келсе, 

күн де күлеміз, қуанамыз. Дегенмен ада м-

зат баласы бір-біріне ерекше қуаныш 

сыйлайтындай зілсіз әзіл айту – дәл осы 

күнге жарасатындай. Пайғамбарымыз 

Мұхаммед (с.а.у) хадисінде: «Досыңмен 

қастаспа (өштеспе) және әзілдеспе. Әрі 

қо лың нан келмейтінді уәде етпе» және 

«Кімде-кім адамдарды күлдіру үшін айтқан 

ОЙТҮР

ТКІ


болса да, оған нендей өкініш!» десе, екінші 

хадисте «Қалжыңдассаңдар да тек шын-

дық ты айтып қалжыңдасыңдар» – дейді. 

Қазақтың бас данышпаны Абай да 

өтірікті адамның бес дұшпанының бірі 

деген. Имандылық пен адамгершілікті 



1 сәуір – алдау күні емес 

насихаттайтын мұсылмандықта да тек үш 

жағдайда өтірік айтуға рұқсат берілген:

1. Адамдардың арасын түзеу, дос-

тастыру мақсатында. Мәселен, екі ренжісіп 

қалған адамды татуластыру мақсатымен 

өтірік айтуға болады.

2. Соғыс кезінде. Қарсылас жауды ал-

дау мақсатымен, әскери айла мақсатында 

сырыңды жасырып, өтірік айтуға, алдау 

тәсілдерін қолдануға рұқсат.

3. Ерлі-зайыптылардың арасында 

 

жүретін қалжың аралас өтірік айыптал май-



ды. Өйткені мұндай қалжың мен күлкілі 

сөздер сүйіспеншілік пен жақсы қарым-

қатынасты ұстап тұру үшін айтылады. 

Қолымыз қалт етсе, анекдот айтамыз. Оның ішінде Алдаркөсе мен 

Қожанасыр «деген екен» деген күлкілі әңгімелер көп. Бұл адамдар 

өмірде нақ болған ба?

 Ораз ЖӘЛЕЛ, Алматы қаласы

Қожа Насыр – мұсылман халық-

тары, Жерор та теңізі мен Балқан ның 

кейбір  халық та рының  қысқа  сатира-

лық-юморлық  қойылым,  ане к  дот, 

тұрмыстық ертегілерінің фольк-

лорлық кейіпкері. Зерттеулер 

дің 


ішін дегі шындыққа жанасатыны – 

түріктің  Қожа Насыры (1208-1284 жж. ). 

Ол Хорты (Үшкіртау) қаласында ту-

ған. Әкесі Абдолла имам болған. Қо-

жа Кониа қаласында медреседе оқып, 

имамдықты меңгерген. Имамдық 

қыз метін Мехмет деген адамға тапсы-

рып, өзі осы күнге дейін зираты мен 

кесенесі сақ талған ғылым-білім қала-

сы – Ақшехирде қай тыс болған. Ал 

К.С.Дав летов Насыр образын   VIII-XI 

ғасырларға жатқызады.

Алдаркөсе – өмірде болмаған. 

Әр халықтың өзінің елді кезіп, халық-

ты күлкіге қандырып жүретін Қожа-

н а сыр образы сынды Ал даркөсе – 

қазақтың  ойдан  шыға  рыл ған 

қалжыңбас, әзілкеш диуана сы. Кей 

аңыз әңгімелерде  Алдардың Жәнібек 

ханмен кез дескені, әкесінің қара па-

йым жалда малы Алдан есімді шопан 

болғаны туралы мәліметтер бар. 

Ауыз ша тара ған әңгімелерден қо-

ғам дағы кем-кетікті түзеуде халық-

тың үнін жеткі зетін бір кейіпкердің 

болуымен тығыз байланысты. Қазақ-

та Алдаркөсе сынды әр заманда 

қыңыр сөйлеп, мін түзейтін типтік 

образдар болған. 

Қазір 1 сәуірді күні 

бұрын күтіп, таныстарды 

алдайтын «өтірік» іздеп 

жүретіндер көбейді. 

Адамның көңілін көкке 

көтеру мақсатында алдау 

– орынды. Қалжыңдасуға 

болмайтын жағдайлармен 

жақынының жанын 

ауыртып жүргендерге не 

жорық? «Біреу ауырды не 

қайтыс болды, ұрды, 

ұрлады» сынды ауыр әзіл 

соққы болып тиюі мүмкін.

Сейіт Кенжеахметов: 

«Күле білу – өмір, күлдіре 

білу – өнер, күлкі болу – 

өлім», – дейді. Демек, 1 

сәуірді жаппай адамды 

алдау күні емес, өзгені әдемі 

әзілмен күлдіру арқылы 

қуанту деп түсінген абзал. 

Қазақта «Құдай күлкіден 

айырмасын» деген жақсы 

сөз бар. Егер адам баласы 

езу тартып, өзгелерге жылы 

жымию арқылы тегін садақа 

беріп жүргенін білсе, алдап 

шошытпай, ойнап қуантатын 

еді. 

Басы 1-бетте

Бүгінгідей ақпараттық дәуірдегі сапырылысқан қоғамда адамдардың да талғамы 

өзгерген. Қашан да күлдіріп тұрып ұялту, әзілдеп тұрып ойланту оңай емес. Сондықтан 

да кез келген дүние жетілдіруді қажет ететіні сияқты сатириктерге тың ізденістер мен 

жаңаша формалар табу қажет. Бірақ біз сатираны қалай дамытып, шарықтатсақ та, 

оның қазақы кейпін сақтап қалуымыз қажет.

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№54 (506) 1.04.2011 жыл, жұма                   



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

Негізі, бұл жобаға бастамашылық жа-

са ған да, қазіргі уақытта голливудтық 

компаниямен серіктес ретінде жалпы үйле с-

тіру жұмыстарын атқарып отырған да 

«Меломан» компаниясы екен. Осы компа-

нияның ұлттық жобалар жөніндегі менед-

жері Низами Мәмедовтің айтуынша, қазақ 

тіліне аударылып дыбысталған бұл мульт-

фильм қазақстандық кинотеатрлардың 

экранына шығатын алғашқы голливудтық 

жоба болмақ. «Бұл жоба біздің компания-

ның бастамасымен қолға алынып, қазір 

қызу жұмыстар жүріп жатыр. Disney/Pixar 

студиясы фильмнің жұмыс істеуге арналған 

бейнематериалдары мен диалог мәтін-

дерін ұсынып, онымен қазір «Болашақ» 

қауымдастығының креативті командасы 

айналысуда. Мультфильмнің мағынасын 

қазақша мақал-мәтел, әзілдермен дәл 

беру үшін ол топтың құрамында ағылшын 

тілінен тікелей қазақша аударатын аудар-

машы, редактор, дубляж режиссері бар», 

– деді ол кеше «Меломан» компаниясына 

телефон шалғанымызда. 

Осыдан кейін «Болашақ» қауымдас ты-

ғына хабарласып едік, расында да, арнайы 

топ «Тачки-2» мультфильмін аудару жұ-

мыс тарымен айналысып жатыр екен. Топқа 

жетекшілік етіп отырған Аян Әлжанов 

деген азамат фильмнің ағылшынша толық 

мәтінін алып, оны қазір қазақ және ағыл-

шын тілін жақсы білетін кәсіби аудармашы 

аударуға кіріскенін айтты. Жалпы, аударма, 

дубляж ісінде тілдердің ерекшелігіне 

байланысты кездесетін ең бірінші қиындық 

– сөйлем тіркестерінің ұзарып кетуі. Бұл 

проблема фильмнің «Тачки» деген атауын 

аударудан-ақ басталған секілді. «Атауына 

байланысты бастапқыда 40-қа жуық ұсы-

ныс айтылды. Қазір бір-екеуіне ғана тоқтап 

тұрмыз», – деген Аян Жеңісұлы бұл атау да 

әлі түбегейлі бекітілмегендіктен, жария 

қылуды жөн көрмеді. 

Дубляждың алдында тұрған ең ауыр әрі 

маңызды жұмыс – мәтін аударудан ке йін гі 

шаруа – фильм кейіпкерлерін лайықты 

дауыстармен дыбыстау. «Меломан» ком па-

ниясының хабарлауынша, «Тачки-2» мульт-

фильмін толық дубляждау үшін 40-тан аса 

жеке дауыс керек екен. Disney/Pixar студия-

сы дауысқа және дыбыстау сапа сына  ай-

рық ша мән беретіндіктен, негізгі назарға 

35-тегі және одан жасы жо ғары кәсіби 

әртістерді алып отырған сыңайлы. Басты 

бес кейіпкерді дыбыстау шылардың тиісті 

талаптарға сәйкестігі студияның Лос-Анже-

лестегі офисінде қарал мақ. 

Низами МӘМЕДОВ, «Меломан» 

компаниясының ұлттық жобалар 

жөніндегі менеджері: 

– Дыбыстау жұмыстары сәуір айын-

да басталып, Алматыдағы «Синема Тон 

Продакшн» студиясында жүргізіледі. 

Сосын дубляждың дәлдігін саралау 

үшін келісім бойынша мамырдың 

1-інен кешіктірмей, Лондондағы Shep-

perton студиясына беруге тиіспіз. Осы-

дан кейін қазақ және орыс тіліндегі 

мульт фильм Қазақстан мен Ресейде бір 

мезгілде, яғни маусымның 23-інде 

прокатқа шығарылады. 

Сәтін салып, уақытында шықса, 

түркітілдес елдердің ішінде 

«Тачки» мультфильмі аударылған 

екінші тіл – қазақ тілі болмақ. 

Бұған дейін бұл фильм түрік тіліне 

аударылған екен. Қияңқы қылық-

тары да, кескілескен шайқастары 

да бар, суреті сұрықсыз, сюжеті 

түсініксіз болып келетін, сөйте 

тұра, балаларымыз ды теледидар-

ға матап қоятын небір түрлі 

мульт фильмдерге  қарағанда, 

мына фильм әлдеқай да жақсы 

екенінде дау жоқ. Енді тек аудар-

ма сы анық, дыбысталуы сәтті 

шықса екен. «Әжептәуір ән еді, 

пұшық шіркін қор қылды» деген-

нің кебін кимесе деп тілейміз. 

 Айбын БАҚЫТҰЛЫ

АЛАШ АЗАМАТЫ



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

«ДУМАНДЫ, ДУЛЫ КЕЗ ЕДІ ОЛ»

– Қойшығұл аға, әуелгі әңгімені 

талай буынды күлдіре отырып 

тәрбиелеген «Тамаша» ойын-сауық 

отауынан бастасақ дейміз. Сіз осы 

әзіл отауының іргетасын 

қалағандардың бірісіз. «Тамаша» 

еске түскенде өткен күндер қандай 

сыр шертеді?

– Тағдыр деген қызық қой... Егер мені 

қазақтың белгілі домбырашысы, Қазанғап 

күйшіні өмірге қайта әкелуші, өзін қай 

жерде де «Көтібар батырдың тұқымымын» 

деп таныстыратын Сәдуақас Балмағамбетов 

кездестіріп, Қазақ телевизиясының музыка-

лық бағдарламалар бас редакциясына 

қызметке келуге үгіттемегенде, сол «Тама-

ша» ойын-сауық отауы бағдарламасы 

дүниеге келер ме еді, жоқ па еді?! Ол мен 

қызмет істейтін Мәдениет министрлігінің 

әдістемелік кабинетінің терезесінің алдынан 

күнде өтетін. Бас изесеміз. Бірде қолында 

домбырасы бар, қызулау келе жатыр екен. 

«Сен осы қай жақтың баласысың?» деп 

жармасты. Терезенің алдынан күнде өтетіні 

– үйі осы жерде екен. Үйіне алып барды. 

Дуылдатып түнімен күй тартты. Қысқасы, 

таңертең мен осы үйден Қазанғапқа ғашық 

болып, Көтібар батырдың тұқымына бас 

иіп, Тұңғышбай айтқандай, «тақылына – 

мақұл» деп шықтым. Ол мені ертесіне 

атақты композитор, өзі шешен, өзі көсем 

Жолан Дәстеновке алып барды. Жоландай 

өте инабатты, аса зиялы бастықтар сол 

кезеңде сиректеу еді. Әнуарбек Шыманов-

ты, Камал Смайыловты кейінірек кездестір-

дік қой. Сонымен, Жолан Дәстенов мені 

қызметке алатын болды. Маған «ана жұмы-

сыңнан жылдам босап кел» деп қатты 

тапсырды. Жұмыстан бір аптада босап, 

«жолаяғымды» жасап, қызметтестерімнен 

сый-сияпат көріп, ертесіне Қазақ телеви-

зия сына келсем, Жолан жоқ. Жолсапарға 

кетіпті. Кадр бөліміне барсам, оның басты-

ғы: «Қызметке Жолан алмайды, біз аламыз, 

ал сіздің мамандығыңыз журналист екен, 

бізге музыкант керек, музыка редакциясына 

жарамайсыз» деп қайырды. Ана жұмыстан 

шығып кеттім, қайтып баруға намыс жібер-

мейді. Сөйтсем, кадр бөлімінің бастығы ол 

редакцияға өзінің жерлесін алмақшы екен. 

Кейін бүкіл елдің аузында мәтел болып 

кеткен даңғайыр жазушы, сатирик ағам 

Берқайыр Аманшиннің:

 Бір жақсы орын босап еді,

 Маған оны бермейді.

 Биография келгенмен 

 Географияң келмейді, – деген өлеңі 

менің айтуыммен осы оқиғаға байланысты 

шығып еді. Жолан келіп барлық мәселені 

жедел шешті де, өзі консерваторияға мұға-

лім дікке ауысып кетті. Егер осы Жоланның 

бірсөзділігі, қайтпас мінезі болмаса, менің 

Қазақ телевизиясына қызметке келуім 

екіталай-тұғын. Олай болса, осы «Тамаша-

ны» басқа кісі ашар ма еді, кім біледі? 

«Тамашаны» Республика сарайына 

алып шыққан Камал Смайылов, орысшаға 

аудартып, Мәскеуден көрсеткен Ғадылбек 

Шалахметов, Қазақ телевизиясына бір 

емес, үш қайтара директор болған, осы 

бағдарламаны қанатының астына алып 

қорғаштаған Рафаэль Жұмабаев еді. Егер 

қазақ өнерінің  дамуы үшін жанын аямай-

тын осындай аяулы адамдар болмаса, 

«Тама ша» «Тамаша» болмас еді, әрине.

«Тамашаның» ең басты адамдары – 

сатириктер. Мен осы бағдарламаны бас-

қар ған тұста Оспанхан Әубәкіров өз қолы-

мен бір рет қана сценарий жазды, қалғанын 

өзіміз түздік. Әсіресе Тұңғышбай Жаманқұ-

лов пен Құдайберген Сұлтанбаев Осекең 

шығармаларынан көптеген скетчтерді 

дүниеге әкелді. Ал Берқайыр Аманшин біз 

қандай «заказ» берсек, дәл сол ойымызда-

ғыны әкелетін.

Үмбетбай Уайдин, Сейіт Кенжеахметов, 

Батырхан Дәрімбетов, Шөмішбай Сариев, 

Жарасқан Әбдірашевтердің сол жылдар-

дағы шығармашылығын «Тамаша 

дан» 

бөліп қарауға әсте болмас. Осы күнгі мық-



тыларымыз, менің қарамағымда істе ген 

Көпен Әмір-Бек, Толымбек Әлімбек, Берік 

Садыров, марқұм Басқар Битанов тардың 

шырайлы сықақтары «Тамашаны» тамаша 

қылды. Сол тұста ауылдағы жұрт малын 

ерте қоралап, қаладағы ел футбол дан гөрі 

біздің бағдарламаға басым дық бергенін 

айтсам, асылық сөз емес. Қазіргі Серік 

Аббас-шах болып аты шыққан сати рик те 

өнер жолын осы «Тама 

шаға» қалам 

тартудан бастаған. Тұңғышбай, Құдайбер-

ген, Мейірман, Тоқсын, Уайс, Қадырбек, 

Ба қыт Айтова, Шолпан Байғабылова, Ли-

дия Кәденова, Бауыржан, Данагүл, Гүл-

жан... Міне, осылар жасады «Тамашаны». 

Қалған дары алдыңғы арбаның ізімен келе 

жатқандар. Құдайшылығын айтсақ, бағ-

дар ламаны  бастауында мен ойлап тапсам 

да, «Тамашаны» «Тамаша» қылып бір ізге 

салған – Тұңғышбай мен Құдайберген. 

Сосын көлеңкесі, күнгейі бар, қалай десек 

те, Лұқпан Есеновтің еңбегі ересен. Бұлар-

дың еңбегі баяғы атом мұзжарғышымен 

тең. Өйткені сатира осылар арқылы тұңғыш 

рет сахнаға жол салып еді. Менің сағыныш-

қа толы өткен күндерім – осылармен өткен 

айғай-шулы, думанды, дулы кездер...



«ТАМАШАҒА» 

ҮШ КЕЛІП,  ҮШ КЕТТІМ

– «Тамаша» мен Сіз туралы ел 

арасында аңызға бергісіз әңгімелер 

көп. Максим Қорғанбаевтың  

«Қойды баға білмеген қуалап 

өлтіреді, Қойшығұлды бағалай 

білмеген қудалап өлтіреді» деген 

әзілі бар екен. Бұл, сірә, «Тамаша-

дан» шетқақпай көріп жүрген 

күндеріңіздің бірінде айтылса 

керек. Дегенмен Лұқпан Есенов 

өмірінің соңғы жылдарында 

«Тамашаны» алып қалуға 

шақырып ты. Неге бас тарттыңыз?

– Мен «Тамашаға» үш келіп, үш кеттім. 

Бірінші кетуім «Сені көлден айырған, Ла-

шын құстың екпіні. Мені елімнен айырған, 

Хан Жәңгірдің тепкіні», – дегендей, «Тама-

шадағы» айтылған артық-ауыс әзілдерді 

шынға балап, мені анда-мында шақырту, 

ескерту көбейді. Бір күні сол кездегі Респуб-

ликалық Теле-радио комитетінің бастығы 

Хамит Хасенов шақыртты. Менімен бірге 

сол кездегі бастығым, «Тамашаның» музы-

калық жағынан аса сауатты шығуына бар 

күшін салған композитор Кеңес Дүйсекеев, 

атақты режиссер Сапарғали Шәріпов бар-

ды. Мен бұл кезде мақтау сөзге әбден 

бойым үйреніңкіреп, ылғи мақтау естуге 

өзім де ыңғайланып қалып едім. Предсе-

дательдің шақыруына кәдімгідей арқала-

нып бардым. Барсақ Хамит Хасеновтың 

қабағы түсіңкі, әп дегеннен «Бізде осы 

«Тама шаның» редакторы кім?» деп сұрады. 

«Мен» деп мақтанышпен атып тұрдым. 

«Садись, безграмотный редактор, – деп 

алды да: – Сен неге милицияны сықақтай-

сың, біз милиция қорғанымыз деп жүрген 

жоқпыз ба? Ұстаздарды неге келеке 

қыласың? Әлде ұстаз көрмей өстің бе? 

Мына «наның, майың көп болса, қарының 

тоқ болады, қайғың жоқ болады» деген не 

сөз? Қазақстанда аштық басталды ма?» деп 

айқайға басты. «Бұл сықақтар Оспанхандікі 

еді», – деп айта бастап едім, Сапекең 

қолымнан ұстап, төмен тартып отырғызып, 

айтқызбады әрі қарай. Осындай ойдағыны 

айтқызбау, аттатпау тәсілі жан-жақтап, 

маған орынды босатып, олардың нұсқауы-

мен өз еркіммен ауылыма кетуге тура келді. 

Сол тұста «Тамаша» әркім нің қолында 

жүрді. Бәсі төмендеді. Берекесі кетті. Сосын 

Камал Смайылов Теле-радио  комитетіне 

бастық болғасын мені қайта қызметке 

шақырды. Екі жыл қызмет істеге сін тағы да 

араға алты жыл салып, үшінші рет «Тамаша-

ға» бастық болдым. Бұл алты жылда мен, 

жасырары жоқ, «байтал түгіл бас қайғы» 

болып, бас еркімнен айырылып жүрдім. 

Осы арада айта кетейін, 1994 жы лы менің 

сотталғандығым алынып тасталды. Бұған 

Фариза Оңғарсынова, Камал Смайы лов, 

Мұхтар Шаханов секілді қазақтың арда 

арыстары күш салды. Осы үшінші рет 

келгенімде өз әріптестерімнің күндестігіне 

тап болдым. Жаңағы мақалды Максим 

досым сол кезде шығарды-ау деймін. 



– Сол «Тамаша» бүгін де 

«Тамаша» бола алып отыр ма? 

Қалай ойлайсыз?

– Ол «Тамаша» жоқ! Неге дейсіз бе? 

Өзіңіз білетін анекдотты біреу өзіңізге 

қайырып айтып берсе, күлер ме едіңіз? 

Күлсеңіз, зорланып, көңіл үшін күлерсіз!

Қазіргі күлкі осындай. Күлкінің дәйегі 

мен сөздің мәйегі жоғалды. Жоғарыны 

сынай алмайды, төменді төпелей алмайды, 

әрі-сәрі, не айтып тұрғандарын, бұл өзі 

халыққа керек пе, жоқ па, өздері білмейді. 

Сатира сөз қуатынан айырылса, малдың 

суатынан айырылғаны сияқты мәңгі бола-

ды. Осыны бағамдайтын сауатты, салауатты 

редактор керек, ол халыққа не керек екенін 

іздейтін сөз менеджері болуы тиіс. Қазір 

кез келгені режиссер бола алады, бірақ кез 

келгені сатираны түсініп, бағалай алмайды. 

Бар қасірет – осында. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет