6-б етте 6-б етте Қойшығұл жылқышиев: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,15 Mb.
#10932
1   2   3   4   5   6

Дарқан даламыздың 

төсі әзіл-қалжың әнге бай. 

Ілгерідегі әндер қазіргі әзіл 

әндердей тым қарабайыр, 

жеңіл емес. Автордың 

көтеріңкі көңіл күйінен туған 

ойнақы әндер тыңдаушыны 

терең ойға шомдырмайды. 

Керісінше, ондай әндерді 

тыңдаған адамның «Паһ, 

шіркін!», «Бәрекелді!» деп 

бір сергіп қалары анық.  

Әуенге қарай сөзі де мәнді.

Мұрат ӘБУҒАЗЫ, 

өнер зерттеуші, күйші:

«Музыкатану саласында арнайы 

бөліп алып қарайтын «әзіл-қалжың 

ән» деген арнайы жанр жоқ. Бірақ 

қазақтың дәстүрлі ән өнерінде 

автордың көңіл күйін білдіріп, 

ситуацияға қарай туған Үкілі 

Ыбырайдың «Қызыл асық», Жаяу 

Мұсаның «Құлбай байы», Мәриям 

Жагорқызының атынан шығарған 

Үлгебайдың «Дудар-айы» әзіл-

қалжың әндерге жатады. Әзіл 

әндерді күйдегі «Ақжелең», 

«Қосбасар», әнде «Мақпал» секілді 

жанрлық жағынан барлық ақын-

композитор тақырып етіп 

шығармаған. Батыс жақта «мәтөк 

әндер»  деген «қара өлең»  түрінде 

келетін әзіл әндер бар. Арнайы 

зерттелмеген, тек мінез жағынан 

топтастырып, бөліп айтуға болады».

Асылында, қуақы қалжыңды табиғаты 

қалжыңбас, ақ адал пейілді, мінезі жеңіл 

адамдар айтады. Халық композитор лары-

ның ішіндегі әзілқойы – Жаяу Мұса. А.За-

тае вич «Қазақ халқының 1000 әні» еңбе-

гінде Жаяу Мұса туралы айта келе: 

«...М.Жамболовтың айтуынша, көңілді 

НАЗ


Жүсіп АҚШОРАЕВ, 

«Шаншар» театрының әртісі: 

– Қазіргі таңда сахнада жүрген әр 

театрдың өз орны бар. Өз көрермені 

бар. Өзіне лайық аудиториясы бар. 

«Біздің театрды көрмейтіндер 

соларды көреді. Оларды 

көрмейтіндер бізді көреді» дегендей, 

кей театрлардың кей сценарийін 

ұнатпай тұрсаң, кейбіреулер жақсы 

екен деп жатады. Соған қарап 

ойланып қаласың. «Бір адамның пікірі 

– шындық емес» екеніне иланып-ақ 

қаласың. «Не жетпейді?» дегенде 

әуелі ойға оралары – жақсы сценарий 

жетіс пейді. Біз сахнада жүргенімізбен, 

сатира жазатын адамдар емеспіз. 

Алайда кейде өзімізге құрастыруға 

тура келеді. Халықтың ойынан 

шығатындай әдемі етеміз деп әсірелеп 

жіберетін кезіміз де болады. Егер 

таланты жоқ адам ізденсе, 

еңбектенсе, аянбай тер төксе, 

таланттылардан асырып жібереді. Осы 

жағын ескеретіндер кемшін. 

Сатириктердің көбінің ізденбейтін 

себептері: Олардың жұмысы көп. 

Уақыты жоқ. Ағайыны көп, той-

томалағы көп. Тұрмыстық проб-

лемалары бітпейді. Туысқанының 

біреуі полицияға түседі, біреуінің 

баласы оқуға түседі. Соның бәріне 

ортақтасуы керек. Дұрысын айтқанда, 

бір күн бос уақыты болмайды. 

Ресейлік сатириктердің бізден көш 

керуен озып кеткендігінің сыры – 

осында. Олар ағайынның проблемасы 

деп бас қатырмайды. Бос уақыты көп. 

Сол бар уақытты тиімді пайдаланады. 

Берік ТҰРСЫНБЕКОВ,

 «Шымкент-шоу» театрының әртісі: 

– Бізде еркіндік жоқ. Шетелдік 

әзіл қойлардың  кейбіріне  қарап 

отырсаңыз, бастан аяғына дейін не 

эротика, не болмаса саясат. Осы екі 

тақырыптың айналасынан шықпайды. 

Ашығын айтқанда, біз екеуін де айта 

алмаймыз. Айтатын тіліміз жоқ емес, 

айттырмайды. Осы жағынан ақсап 

жатыр мыз. Бәрі жабылып бір 

тақырыпты таптаурын қылғаннан гөрі 

әр тақырыпты қозғап жүрсе, ол 

жақсы. Көпшілік қай тақырыпты 

тың дағысы келсе, сол театрдың өнерін 

тама шаласын. Бізге көбінесе әйелдер 

туралы тақырыпты көп қозғайсыңдар 

деп жатады. Мүмкін ол да керек 

шығар. Оның да өз кө рермені бар. Өз 

бетімізше өзгеше тақы рыптарды 

қозғап эксперимент жасасақ, оны 

сынап-мінеп, қайтып 

шығармайтындай етіп тастайды. 

Еркіндік берілсе, көп дүниені қозғауға 

шамамыз жетеді.

Гүлжан КӨШЕРОВА

Сатираның салмағы қандай?

Бүгінде әзіл-сықақ театрларына сын айтатындар көп. Көрерменнің 

көпшілігі «қазақы қалжыңның бәсі түсіп кетті» деген ренішін де 

жасырмайды. «Қазақ сатира театрларын өрге сүйреп жүргендерге не 

жетіспейді?» деген сауалды ортаға тастаған едік... 

Кезінде «Ой, жеңгем үйлен дейді 

маған», «Қара қыз» атты әндерімен та ныл-

ған «Жеңеше-ай» триосының әншісі, 

жетекшісі болған Арман Хасенов топтан 

кетіп, «Ойнаның» іргетасын қалады. Жер-

гілікті бес өнерпаздың басын қосып, 

аталмыш отаудың шаңырағын көтерісімен, 

араға төрт ай салып қалалық мәдениет 

сарайында тұсаукесер кештерін жасады. 

Одан кейін гастрольдік сапармен Петропавл 

қаласында болып, қызылжарлықтарға ән 

мен  әзілден «қуырдақ қуырып» берді. 

Жел


 

тоқсанда екінші концерттерін берген 

«ойналықтар»  бұл отаудың іргетасы бе рік 

екенін дәлелдеп берді. Себебі бұған дейін 

де Павлодарда әртүрлі әзіл театр 

лар 


құрылғанымен, солардың құрыл ғанынан 

тарауы оңай болып жататын. «Бауыржан-

шоуда», «Шаншарда» қойыл ған әзілдерді 

қайта қойып, халықты күлдіру қаншалықты 

қиын екенін өзіңіз де ойлай беріңіз. 

Ал «Ойна» алғашқы күннен-ақ ав-

торлық әзілдерге ден қойды. Содан да 

болар, «ойналықтардың» әзілдерінің ара-

сында жергілікті биліктің шымбайына ба-

татын шындықтар да астарлы түрде 

қалжыңмен астасып жататын. Өмірі өз гер-

  тілмейтін Кутузов көшесі жайлы, Пав-

лодарда жоқ филармония туралы әзілдері 

сықақтан гөрі ақиқатқа жақын.

Осы театрдың жетекшісі Арман Хасенов: 

«Аймақты жерде әзіл отауының жағдайы 

қиындау», – дейді. Кез келген сатира театр-

ларының бас ауруы саналатын сценарий 

мәселесі – әзіл-сықақ отауларының бірінші 

кезектегі қиындығы.  Ешқандай демеушісіз 

өз күнін өзі көріп келе жатқан «Ойнаның»  

жағдайы қалай екен деп, ән мен әзіл отауы 

ашылғалы бері бірде-бір жергілікті атқа-

мінер ат басын бұрмады. Жабыстыратын 

сақал-мұрттары мен жасанды шаштарын 

(парик) аннан-мұннан құрастырып жинап 

алса, сахналық киімдерін өз қаржыларына 

сатып алуда. Бір концертке киген киімдері 

келесі кешке киюге жарамайтыны әмбеге 

аян. Сондай-ақ  аядай бір бөлмені жалға 

алып, сол бөлмеде дайындықтарын 

жасауда. 

«Халық бізден келесі концертіміздің 

енді қашан болатынын жиі сұрайды. Ал ол 

концертті бергеннен кейін алдыңғы екі 

концерттен де сапалы беру керек. Ол үшін 

қыруар қаржы қажет. Қазіргі заманға сай 

жазылған сценарийді де сатып алып жа-

тырмыз. Бұрынғы құдағи, дәрігер, мұғалім 

туралы әзілдердің дәурені өтті», – дейді 

ойналықтар.

«Жақында екі бірдей концертіміз 

телеарнадан берілді. Алматыдағы әзіл 

саласында жүрген үлкен-үлкен ағаларымыз 

өнерімізге жоғары бағасын беріп жатыр. 

Болашақта бұдан да сапалы жұмыс 

жасауды жоспарлап отырмыз. Қазір бәрін 

де қаржы шешетін заман ғой. Аяғымыздан 

тұрып кетіп жатсақ, комедия жанрында 

кино түсірсек деп отырмыз. Ән мен әзіл 

отауын кеңейтіп, театрға айналдырсақ 

деген де ой бар», – дейді Арман Хасенов.  



Оңғар ҚАБДЕН, 

Кереку

«Ойнаның» отауы – бір бөлмеде

Осыдан бір жыл бұрын Ертістің Кереку өңірінде 1 сәуір – Күлкі күніне 

арнап «Ойна» ән мен әзіл отауы алғашқы концерттерін «Оптым күлейік» 

деген атпен берді. Бұл Павлодарда құрылған алғашқы ән мен әзіл отауы 

болатын. 

ТАЛҒАМ


Өнердің қайнаған ортасы – Алматы 

мен  Астанадан шалғайда жатса да, 

ақтөбелік «Екі езу» сатира театрының 

ұжымы үнемі ізденіс үстінде. Сатира театры 

жаңа маусымын жап-жаңа концертпен 

ашты. Және жап-жаңа форматта. 

– Бұрынғы «Тамашаның» шекпенінен 

шыққан өзге театрлар сияқты арасында ән, 

күй, би дегенді қысқарттық. Тек бір-екі 

әнші ән салады. Көрермендердің езуін екі 

сағат бойы жиғызбадық. Наурыз мерекесі-

не арнап қалада екі күн концерт берген 

едік. Халық лықа толып, залға сыймай, 

үшінші рет 1 сәуір – Күлкі күніне тағы 

концерт беруге мәжбүр болдық. Сонымен 

бірге театр шаңырағы жастармен толықты. 

«Екі езудің» екінші тынысы ашылды, – 

дейді театр басшысы.

Театр тізгінін ұстап, ұйымдас тырушы-

лықпен бірге Нұрлыбек Жұбатқан жаңа 

дүниелер де жазып жүр. Сатиралық екінші 

жеке кітабын жазуды қолға алды. Ол келесі 

жылы жарық көрмек. Ал балаларға 

арналған «Қайсар қоян және оның 

достары» атты ертегіні болашақта сахнаға 

қуыршақтар бейнесінде шығаруды 

ойластырып жүр. 

Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

«Екі езу» ертегіге ден қоймақ

«Спортта жеңіл, ауыр атлетика деген бар. Ал сатираның салмағын 

өлшеп көрмеппін. Дегенмен салмағы ауыр деп ойлаймын. Сатира – 

жауапты жанр. Оған жеңіл қарауға болмайды. Бізде сатира жазатын 

жазушылар саусақпен санарлық. Және қатырып жазып та береді. Тек 

сатирадан қорқатын қоғам жоқ. Газет бетінде жарық көрген 

шығармалар тиісті орындарда талқыланбайды. Кейбір бастықсымақтар 

балаша бұртиып, желкесін күжірейтіп қояды. Қоғамда сатираның 

қармағына ілігетін тақырыптар көп-ақ, анықтап көретін көз болса», – 

дейді «Екі езу» әзіл-сықақ театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан.

шал, қазақ ақындарының салтындағыдай 

домбыраны көп тартпаған, керісінше, татар 

әншілері секілді скрипкада ойнаған. Тура-

сы, татардың кейбір әсері кәсіби өнерпаз 

үшін әртүрлі талғамдағы көпшіліктің көңі-

лінен шығу мақсатында туса керек (Мұса 

орысша әндер де айтқан!). Мұса шығарма-

шылығынан жалпы қазаққа жат жеңіл-

желпі қуаныш пен әзіл-қалжың орын 

алады. Оның жеңіл, қайғысыз, өшіктіруші 

әуендері көбіне біркелкі (бұл да татарлық 

сипатта) гитаралық аккомпанементке биге 

(қазақта мүлдем жоқ) шақырып тұрғандай 

сұрану арқылы соңына дейін нақтылап 

айтылады. А.Байтұрсыновтың жеткізуінше, 

жан-жақты Мұсаға мазурка ырғағы жақсы 

таныс».

Бұл сөзімізге бірден бір дәлел – 

«Құлбай бай» әні:

«Құлбай байдың тұсағы,

Өткір екен пышағы.

Басқасы жаман болса да,

Қызының тәуір құшағы».

Былтырғы жылы «Мәдени мұра» бағ-

дарламасы жаңғыртқан «Қазақтың 1000 

әні» антологиясына енген әндердің ішінде 

елге беймәлім әзіл әндер де бар. Олар – 

Ерлан Рысқалидың орындауында енген 

«Қиясбайдың әні» мен «Шалабек» әні.  

Абайдың ақындық ортасын зерттеуші 

ғалым Бауыржан Ердембеков  Абайдың 

айналасындағы күлдіргі, сөзі қисық, таби-

ғаты ешкімге ұқсамайтын ерекше Қиясбай, 

Мұқамораз, Шәукембай, Қатпа сынды 

адамдар туралы жазған мақала 

сында 


Қиясбайға тоқталуы ерек. «Кім шығарса 

да, әлгі өлең тек Қиясбай айтса ғана жара-

сатын, соның табиғатына ғана сай болған 

соң, сөзсіз, Қия-ағаңның қоржы 

нына 

салынады. Ел ішінде «Қияс байдың қозы 

көші» деген ән бар. Анығы – Шәкәрімнің 

әні, Қия-ағаң бір бестіге сат деп өтінген 

соң, қажы тегін берген екен. Біреуден 

мәнсіз өлең мен ән қолқалап алып жүрген 

Қиясбай күшті ақын болмағанымен, екі 

ауыз сөзді қиыстырар қауқары болған». 

Сондағы Қиясбайдың мағынасыз өлеңі 

мынау:

«Айдалада ақ қасқыр, опақ-сопақ,

Ақ сиырдан туады жирен айғыр,

Аспанда ителгі құс пішен жейді,

Арық тоқты шұлғиды 

 

 

        тоң қатқанда».

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

ТҮЙІН

Ел-жұрт «жындыға» балаған Қиясбайды Абайдың айрықша сыйлап, 

төрінен орын бергенін білеміз.

Расында, әзіл айтып, сайқымазақ болып көрінген кісілер – болмысы 

арам ойсыз, аңғал да аңқау, ақкөңіл адамдар. «Ішімдегіні біл» деп 

тымыраймайтын ақжарқын адамдар қалжың айтып ойнауға, шындықты 

айтып шымшуға бейім келеді. Салмақсыз сатира мен әлсіз әзіл жаулаған 

заманда көше әнімен көмкерілген әзіл әннің бағасы өсіп, Жаяу Мұса, 

Үкілі Ыбырай, Кенендер әзілдеп түйреп өткен әлеуметтік шындыққа 

құрылған әндердің ақысы арзандап тұр. Әннің қадіріне жетіп, құнын 

өсіретін тыңдаушы бар ма екен?!


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№54 (506) 1.04.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚИСЫҚ АЙНА

   


? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Күлмейтін адам бола ма?



Менің сұрайын дегенім, өмірде мүлдем күлмейтін адам бола ма екен? 

Адамның күліп, күлмеуі неге байланысты?

 Бақыт НҰРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ, Кереку

Бет алды күлмейтін, үнемі салмақты 

ұстайтын, «бос күлкі – ақымақтық белгісі» 

деп білетін адамдар да бар. Бұған Маркес 

Габриэльдің  «Күлмей тін адам» («Человек, 

который не смеется») деген шығармасы 

дәлел. Т.И.Иванова өзі нің «Әзіл психоло-

гиясы деген зерттеу еңбегінде: «Күліп 

тұрған адам ның күлкісі – оның жанының 

«айна сы» дей келе, адамның қан дай жағ-

дайда, неге күлетініне қарап, оның ішкі 

жан дүниесін, денсаулығын, интеллек-

туалдық, моральдық қасиеттері мен бүгін-

гі-ертеңгі күнге сенімділігін анықтауға 

болатындығын айтады. 

Ғалымдардың айтуынша, дені сау, та-

ны мал әрі бай адамдар өмірде жолы бол-

майтын адамдарға қарағанда көп күледі. 

Ал адам ауру, кедей әрі бір нәрсеге тәуелді 

болған жағдайда, ешқандай күлуге, қуану-

ға себебі болмағандықтан, күлуге мұршасы 

жоқ. Яғни жарқын болашағынан күтері де 

жоқ. Тек ағзаның қорғаныс қасиеті қызмет 

етіп тұрғанда, адам қайғылы, жылайтындай 

жағдайда да күлетін нәрсе таба алады. 

ҰСЫНЫС 


Алдаркөсе мен Қожанасыр өмірде болған ба?

Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

ҚҰМШАРЫҚ


ҚИСЫҚ СӨЗ – КҮЛМЕККЕ...

Сатира жанрының 

пәрменсіз болуы неден?

Мағынасы майысқан мақалдар

Бәріміз ауыз толтырып айтатын әлгі 

«сатира – күштілер қаруы» деген сөздің 

авторы – қазақы әзіл-қалжыңды ғылыми-

теориялық тұрғыдан бүге-шігесіне дейін 

зерттеп-зерделеп кеткен белгілі ұстаз-ғалым 

Темірбек Қожакеев ағамыз да кезінде 

салмақты сатираның сұйылып бара жатқа-

нына қатты қынжылған екен. Қазір сати рик-

теріміздің шығармашылығын ғылыми 

айналымға түсірмек түгіл, бар дүниеміздің 

өзін талғам таразысына салып, лайықты 

деңгейде бағамдай алмай жүрген сияқты-

мыз. Қаламын қару еткен Асқар Тоқмағам-

бетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкі-

ров тер қазақты күлдіріп қана қоймай, 

ой лан тып әрі жылата білді. Осы бір қабыр-

ғалы қаламгерлеріміздің туындылары әлі де 

болса пәрменін жоғалтқан жоқ. Осы бір 

үштіктің соңын ала қазақ сатирасы тағы бір 

шоғыр таланттармен толықты. Бүгінгі 

қауымға есімдері белгілі Сейіт Кенжеах-

метов, Ғаббас Қабышев, Үмбетбай Уайдин, 

Мыңбай Рәш, Есенжол Домбай, Нұртан 

Төлепберген, Әбдірахман Асылбек, Қажы-

тай Ілиясұлы, Дохтырхан Тұрлыбек, Есен-

бай Дүйсенбай, Жеңіс Шыныбеков сынды 

саңлақтар қоғам дертін сүзеген сөзбен 

түйреп келеді. Одан кейінгі Көпен Әмір-Бек, 

Толымбек Әлімбек, Берік Садыр, Мұх тар 

Шерім, Алпысбай Боранбайұлы, Асқар 

Наймантай, Ермахан Шайхыұлы сияқты  

сатира сарбаздары өздері ден қойған 

жанрға деген адалдықтарынан айныған 

емес. Осы қатарға кейін қосылса да, үлкен 

жанрға зейінімен қалам тартып жүрген Үміт 

Зұлқарова, Қанат Ескендір, Қанағат 

Әбілқайыр, Бейбіт Сарыбай, Олжас Қасым 

секілді жас дарындар қазіргі заман тақыры-

бын шама-шарқыларынша қаузап жүр. Біз 

сатира саласына қатысты көпке белгілі 

есімдерді ғана атап өттік. Осылардың өзі 

біршама күш. Олай болса, соңғы уақыттар-

да «қазақ сатирасы әлсіреп кетті» деген сөз 

қайдан шықты. Осының мәнісін тап басып 

саралап беретін әдебиетші, сыншылар тағы 

жоқтың қасы. Осы орайда бізге қазақы 

қалжыңның бағыт-бағдарын бағамдап, 

оны жан-жақты зерттеп беретін бүгінгі 

заманның Қожакееві тумай тұр демеске лаж 

жоқ. Бұған қоса, қаламгер атаулыға ортақ 

мәселе – қаламақы төлеу, авторлық құқық 

деген секілді жағдайлар дың дұрыс жолға 

қойылмағандығы, осы саладағы продюсер-

лік қызмет пен пиар-технология ның, яғни 

кең насихаттың жоқ ты ғы ұлттық сатираның 

өркен жаюына кәдімгідей кедергі келтіретіні 

сөзсіз. Талмай ізденсек, көркем әдебиеттен 

біршама қол үзіп, қазаққа ғана тән әзіл-

қалжыңның қаді рін жоғалта бастаған бүгінгі 

қоғамды есті күлкіге елітудің жолы табылар 

ма екен?! Кезінде мықты дамыған сатиралық 

әде биет ті қазіргі оқырман тұщынып оқиды 

деу қиын. Қазіргінің адамы қаптаған телеар-

на лар мен интернеттегі қызылды-жасылды 

шоу-думандар мен жеңіл-желпі жылт етпе 

әзілдерге құмар-ақ. Алайда жұрттың тал-

ғамы солай екен деп, желдің ығына қарай 

жығыла беру тағы жарамас. Қалай десек те, 

өз ішінде бірнеше тармаққа бөлініп кететін 

сан-салалы сатира жанры заман ағымына 

барынша ілесіп отырмаса, мағы 

насын 

жоймаса да ескірген үстіне ескіре береді. 



Барды байлық өлтірер,

Жоқты айлық өлтірер.

 ***

 Ержеткеннің түсіне,



Бойжеткен кіреді.

*** 


Танысыңа сенбе,

Табысыңа сен.

***

Бүгінде маймылдан жаралған адам-



дар дың  көлігі  бар,

Топырақтан жаралған адамдардың түгі 

де жоқ.

***


Жолың болмаса, қапаланба, үйрене 

бер, 


Ендігі жолың болмағанға жаттығып 

қаласың.


***

Әркімнің ой-қабілеті айлығының 

мөлшеріндей.

***


Жұмысы үшін ауыратындарды 

ауруханадан ізде.

***

Төрлеу үшін «терлеу» керек.



***

Ана тіліңді үйрететін алғашқы ұстазың 

– құлақ.

 ***


Кемпірдің де түбі – қыз.

***


Қатені көбірек жіберген сайын,

 азы қалады.

*** 

Жүзің жарқын болғанша,



Тісің алтын болсын.

 ***


Екі бастықтың құйрығы,

Бір креслоға сыймайды.

 ***

Мордам ужас болса да,



Фигурам прелесть.

 ***


Тонналап жесең құтыласың,

Грамдап жесең тұтыласың.

*** 

Таңғы нәсіп табыстан,



Түскі асым таныстан.

*** 


Жоғарыда краны жоқтың,

Артында тірегі де болмайды.

 ***

МАИ-ды жамандаған жаяу қалар.



 ***

Депутат дауыс жинарда шынығады,

Мәжіліс отырысында тынығады.

 ***


Абитуриентті оқуға кім түсірсе,

сол ыстық.

 ***

 Қонақ есіктен,



Ұры тесіктен кіреді.

 ***


 Өлген кезінде бәрі жақсы,

Жаман адам қайдан шығады.



Шешесі «басқа күйеуге» шыққан жанр 

Күлкісіз өмір жоқ, күлмей өмір сүру 

тіпті мүмкін емес екенін барлығымыз да 

еріксіз мойындаймыз. Адамзаттың пайда 

болуы және дамуы жайлы деректерді ақта-

рып отырып, бір дерекке көзім түсті де, 

таңғалдым. Адамзатқа тіл бітіп, сөй лемес 

бұрын, ежелгі дәуірдегі бабаларымыз күле 

білген екен. Демек, күлкі – сөз өнерінің де 

атасы деген сөз. Атамыз қазақ та соны біл-

гендіктен болар, ұйқы, тамақпен қатар, 

күл кіні де арсыз яки арланбай-ақ істейтін 

әрекетке жатқызған. Күнделікті өмірде 

күлу бөлек те, оны кәдімгі көркем дүниеге 

айналдырып, қоғамға күлкі сыйлау бөлек. 

Жай арзан күлкі емес, шындықты, кемші-

лікті көрсете күлдіретін, күлдіре отырып 

жылататын уытты сатира қазаққа ешқашан 

жат болған емес. Тауып айтар тапқыр 

Жиренше шешен, Қарашаштардан бастап, 

Аяз би, Алдаркөсе, тіпті қырық өтірікті су-

дай сапырып, қаһарлы ханның иін жұм-

сартқан Тазша бала секілді кейіпкерлерді 

тудырған қазақ емеспіз бе? Одан бері де 

сонау Алаш арыстары арасынан Ілияс 

Жансүгіров, Бейімбет Майлиндер, бертін 

келе Оспанхан Әубәкір, Қалтай Мұхамед-

«Ханның айтқанын 

қара да айтар, бірақ 

аузының дуасы жоқ» 

дегендей, қарапайым 

адамдар айта алмайтын 

көп шындықты бетке 

айтатын аузы дуалы 

бірден-бір адам болса, ол 

– сатирик. Қазақ 

сатирасын алғаш рет 

жанрларға жіліктеп тұрып 

зерттеген ғалым, 

публицист Темірбек 

Қожакеев сатираны текке 

«жауынгер жанр» деп 

атамаса керек. Сөйткен 

жауынгер жанрдың өзі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет