6-б етте 6-б етте Қойшығұл жылқышиев: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата31.03.2017
өлшемі3,15 Mb.
#10932
1   2   3   4   5   6

БҮГІНГІ САТИРАНЫҢ «ТІСІ» ЖОҚ

– Қазір не көп, әзіл-сықақ 

театрлары көп. Болмасын демейміз, 

әрине. Бірақ солар көрерменнің 

сұранысын қаншалықты қанағат-

тандырып отыр? Қарапайым 

көрер мен ретінде сіздің пікіріңіз 

қандай?

– Мен қарапайым көрермен емеспін, 

себебі ол бағдарламалардың іші-сыртын, 

оның қалай жасалатынын жақсы білемін, 

сондықтан кәсіби көзбен қараймын. Солай 

еткенде осы «Тамаша» тектес бағдарлама-

лар дың жұрттың бәрін ақымақ санайтын 

соншалықты тоғышарлығына жаным күйе-

ді. Бір шалдар мен кемпірлерді келеке 

қылады. Олары милау бірдеңе. Жекелеген 

адамдарда кемістік, мүкістік болуы мүмкін, 

бірақ ол бүтін елдің бейнесі емес қой. 

Ауқымды, елдің жанды жеріне тиетін және 

жеңіл де көңілді күлкі жоқ! Сондықтан ол 

жайында әңгіме еткім де келмейді.

– Белгілі сатирик Сейіт 

Кенжеахметовтің «Күлдіре білу – 

өнер, күлкі болу – өлім» деген сөзі 

бар. Осы тұрғыдан қарағанда, 

бүгінгі сатираның деңгейі сізді 

қанағаттандыра ма? Бүгін біз қалай 

күліп жүрміз?

– Осы әзіл-сықақ театрларының ішінде 

көпсөзділеу демесек, «Шаншарға» көңілім 

бұрады. Бізден алғаш рет бөлініп шығып, 

өз алдына отау құрған, алғашқы аяқалысы 

қуантқан «Бауыржан-шоу» да тұралап 

қалды-ау деймін. Қалғандарынікі өткенді 

шиырлау, жаңалық көре алмай отырмын. 

Әлгі Лұқпанқызы Әлияны Алматыда кафеге 

шақырып алып, сосын режиссер Асылбекке 

де «Тамашаның» форматын өзгертіңдер 

деп, оның бірнеше жолдарын айтып едім, 

құлақ аспады, қолдарынан келмеді-ау 

деймін. Баяғы бір концерттік нөмір, бір 

сықақпен кезектесіп айдай беретін бағдар-

ла малардан жұрт жалықты. Жалпы, Қазақ-

станға кәсіби сатира театры керек. Мұнда 

шартты түрде айтсақ, Шекспирден бастап 

Шерімовке дейінгі комедиялық, сатиралық 

дүниелер көрініс тапса, құба-құп. Директор-

лығына үлкен ұйымдастырушы Тұңғышбай 

Жаманқұловтың тұлғасы сұранып-ақ тұр. 

Бүгінгі сатираның «тісі» жоқ, кәкір-шүкірдің 

маңайында жүрміз. Сықақ, юмор дегеніңіз-

дің әсері саясатыңызды шайқалақтатып 

жібереді. Адамдарды қылығына, сөзіне 

абай болуға үйретеді. Бір ретте – сатира 

рухани тәрбиеші де. Әркімнің жазғанын 

талғамай жұтқан редактор, «попугай» бо-

лып, не жазылса соны қақылдап орындап 

беретін ойсыз актерлер сахнадан кетпей, 

өнер көгермейді. Жалпы, актерлердің не 

берсе, соны ойнап, талғамсыздыққа бой 

ұрып, көрерменіне жеккөрінішті болып 

бара жатқаны рас.

– Күлкі тек жанға дәру ғана емес, 

ол қару да бола алады. «Күлдіріп 

тұрып жылатады өмір» дейді. 

Өзіңіздің күліп тұрып жылаған 

сәтіңіз болды ма?

– Жылап жүріп күлген сәттерім немесе 

керісінше жағдайлар көп болды. 90-

жылдары Балқаш түрмесінде жүргенімде 

сотталғандарға арабшадан сабақ бердім, 

имандылыққа үйреттім, одан шыққан соң, 

мен сонда жүргенде өмірден өткен ата-

анама бір уыс топырақ сала алмағаныма 

күйініп, қоймастан арақ іштім. Қарап 

отырсаң осының өзі бір-біріне кереғар 

нәрсе емес пе? Күлесің бе, жылайсың ба? 

Абайдың:


 Күшік асырап ит еттім,

 Ол балтырымды қанатты.

 Біреуге мылтық үйреттім,

 Ол мерген болды, мені атты, – дегені 

осы «Тамашадан» көрініс бермей ме? 

«Тамаша» сол әртістердің бәріне тамақ 

болды, атақ әперді, кейбіреулері қатарлап 

үй салып алды, машина мінді, ең бастысы, 

халыққа танымал етті, тіпті ел сүйіктісіне 

айналды, ал соның бәріне жол ашқан мені 

олар аузына да алмайды. Қызғаныш деген 

қызыл ит шындықты айтуға жібере ме? 

Абайдың «ызалы күлкісі» осындайда келе-

ді.


– «Саяси сатира – сөз 

бостандығының бір нышаны» 

дейді. Біздегі бүгінгі саяси 

сатираның бағыт-бағдары қандай 

деп ойлайсыз? 

– Қазақстанда саяси сатира деген жоқ 

қой. Оларға бұлай істеме, қой мұныңды 

деп отырған ешкім болмаса да, Оспанхан 

айтқандай, «тек жүрсең тоқ жүресің, 

домаланып көп жүресің» деген принциппен 

діні үшін емес, күні үшін жазатын сатириктер 

көп, актерлеріміз де саясаттың пәлесінен 

аулақ жүргісі келеді. Ал саясат – мемлекеттің 

бейнесі. Осы бейнені ластамау үшін неге 

біз өзіміздің азаматтық көзқарасымызды 

таныта алмаймыз? Үйіміз ыбырсып жатса, 

оны жинамаймыз ба? Саясатты тек Прези-

дентті сынау деп түсіну, Президентті сына-

ға ным  күштілігім деген түсінік аса бекер-

ші лік және басшысына жармасқан ел 

оң бай ды. Елде саяси сатираға лайық тақы-

рып көп. Оны өзіміз пайдалана алмай 

отыр мыз.

– Күлкі күнінде өзіңіздің 

басыңыздан өткерген ең күлкілі 

жағдайды айтсаңыз.

– Он бес-он алтылардағы кезім болса 

керек, көрші  ауылдың  қызына қырында-

дым. Жаз еді. Әлгі бір әнде айтылғандай, 

шешесі саңырау да, әкесі ауру екен «ғашы-

ғымның». Сыртта масаханада ұйықтайды 

екен. Өзім ше үлкен жігіттердей болып, 

қызға «кешке масаханаңа кірем» деп, шетте 

өзі, сосын ана сы мен әкесі жататынын біл-

дім. Ай жа рық болды. Түнгі екі-үш шама-

сында масаха наға кіріп, қыздың қолынан 

ұстай бергенім сол еді, біреу тас қылып 

қолыма жармаса кетті. Шешесі. Сасып қал-

ған мен қолымды жұлқи тартып, басыммен 

масахананы іле қаштым, оны басымнан 

алып тастай алмай, жанталасып шарбаққа 

соғылдым, әрең дегенде қашып шығып, 

содан 12 шақырым жердегі ауылыма дейін 

жүгірдім. Таңертең жайырақ оянып жатсам, 

пештің арғы жа ғын да анаммен шай ішіп 

отырған саңырау кемпір менің анама «құ-

да ғай-ау» деп қойып, сампылдап отыр. 

Анам «мына көксоқ қанның құдағайы несі?» 

деп ештеңе түсінбей әлек. Сол балалығымды 

еске алсам, әлі күнге дейін күлемін.

– Күлкі күнінің қарсаңында 

сұхбаттасып отырғандықтан, мұны 

да сұрап қалайық. «Алаш айнасы» 

газетінде «Белгілі есімнің белгісіз 

сыры» деген айдар бар. Сіздің 

аты-жөніңіздің өзі қызықты сырға 

толы секілді...

– Мен бірнеше қыздан кейін дүниеге 

келген екенмін. Менен бұрынғы бір ер бала 

қайтыс болыпты. Анам мені босанып 

жатқан да Әмен деген ақсақал келіп, «әкесі  

қойшы, шешесі қойшы, қойшы болса арам 

өлмес» деп, Қойшығұл қойған екен дейді. 

Біреулер осы елде Қойшығұл деген атақты 

адам болған, ақсақал соған меңзеген дейді. 

Қырғыздар мені өздерінің туысы екен деп 

қалады. Жылқышы деген – атам. Аудандық 

газетте жүргенімде бір атақты шопан менің 

аты-жөніме сенбей, «мен шопан болғасын 

мені келеке қылып отыр сың» деп үйінен 

қуып шыққаны да бар. Көп адам псевдоним 

екен деп те қалады.



– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Бақытгүл БАБАШ

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Жағымпаздық, жерлестік, руластықты жеңіп, біртұтас қазақтың 

намысын жыртайық. Жағамызға жармаспайық, ағамызбен 

арбаспайық, інімізді ренжітпейік, ділімізді, дінімізді түзейік, ел 

аман болса, пендешілік далада қалады, ең бастысы, әр азамат қай 

салада жүрсе де, ел алдындағы парызын ұмытпаса екен деймін.

ДАТ!


Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ, 

«Тамаша» ойын-сауық отауының тұңғыш редакторы: 

e-mail: info@alashainasy.kz

ЖОБА


Голливуд қазақшаға 

бет бұрды ма?

Балалары күнұзақ үйіндегі 

«көк жәшікке» телміретін қала 

жұрты голливудтық «Тачки» 

деген мультфильмді жақсы 

білетін болар. Небір түрлі темір 

тұлпарлардың өмірі мен жарыс 

жолдары туралы қызықты 

хикаят тарға толы болғандықтан 

ба, мектепке дейінгі балалардың 

қызығушылығы ерен. Сол 

фильм дегі «Макуин» есімді 

жүйрік машинаның суреттері 

тоңазытқышы мен балалар 

бөлмесіне ілінбеген үйлер 

кемде-кем шығар. Міне, осы 

мультфильмнің «Тачки-2» 

нұсқасы қазақша дыбысталып, 

алдағы маусым-шілде айларын-

да отандық кинопрокатқа түс пек. 

Қазір кез келген режиссер 

бола алады, бірақ сатираны  

түсініп бағалай алмайды

Күлкі адамды қорғайды



Адам неге күледі? Күлкінің ғылыми түсініктемесі бар ма?

Орынбасар ХАЛЫҚОВ, Шу ауданы

Психологиялық көзқарас 

тұрғысынан, күлкі  дегеніміз – 

күтпеген кезде оқыс жағдаймен 

қарсы ұшырасып қалған жағ-

дайға адам ағзасының жауабы. 

Әрине, қорқыныштан айырмасы 

– бұл жағымды жағдайда туын-

дай тын құбылыс. Күлгенде адам-

ның кеудесі артық-ауыс жағым-

сыз энергиядан арылып, сол 

се беп ті де жеңілдеуді бастан 

кешіреді екен. Міне, сол үшін де 

«күлкі – өмірді ұзартады» деген 

қағида өмір сүреді.  

Күлкі адам үшін психоло гия-

лық қорғаныш қызметін атқара-

ды. Неден қорғайды? Өкініштен, 

өмірдің қайшы құбылыстарының 

әсерінен туындайтын уайым-

қай ғыдан, т.б. Мәселені күлкіге 

айналдыру арқылы біз оны же-

ңеді екенбіз. Ол біз үшін мәсе ле 

болмай қалады. Өзімізге-өзіміз 

күлу арқылы бойымыздағы жас-

қаншақтық, өз кемшілігімізден ұялу 

секілді жағымсыз әдеттерден 

арылады екенбіз. Бұл күлкінің ішкі 

функциясы болса, сыртқы функ ция-

сына оның адамдар арасын жұм-

сарту, келіспеушілікті жою, ор тақ 

ымы раға келу секілді ықпал дарын 

атауға болады. Ал күле білудің өзі 

адамның жансарайының кеңдігі мен 

ой-өрісінің тереңдігін білдіретін 

болса керек. Ал үнемі қабағын шы-

тып, күлмейтін адам дар әзіл-қал-

жыңды түсінбей, сол арқылы өз ден-

саулығына да кері әсерін тигізіп 

жүргенін түсінбейді екен. Сондықтан 

қалжың түсіну қа сие тін жоғалтқан 

адамның  пси хика лық    дертке  ұшы-

рау қаупі жоға  рылайды екен.   

Шимпанзе қорыққаннан күледі



Күлу – адамға ғана тән қасиет пе? 

Жануарлар мен құстардың арасында күле алатындары бар 

ма? 

ЖАНДОС, Алматы

Америкалық ғалымдар өз-

де рінің соңғы зерттеу нәти-

желері бойынша «күлкіні тек 

адам баласы ғана иемденуі – 

қателік» деген тұжырымға тоқ-

талды. Себебі жануарлар да 

күледі екен. Атап айтқанда, ке-

мір гіштер езу тартады, иттер 

жымияды, шимпанзелер бір-

бірін келемеждеп, мазақтап, 

сықылықтайтын болса керек. 

Қазақтың классик қаламгері 

Қадыр Мырза Әлі ағамыз өзінің 

«Жазмыш» кітабында шимпан-

зенің қорыққаннан күлетіні 

жайлы дерек келтірген. Огайо 

қаласындағы Bowling Green 

State University білім ордасының 

профессоры Яак Пэнксипп жа-

нуарлар күлкісінің кілті тарау, 

қасуда жатқанын айтады. Зерт-

теу барысында жануарлар 

желкесін қасыған, сонда олар 

адамның күлкісіне ұқсас дыбыстар 

мен әртүрлі риза болу, рахаттану 

бел гісін білдірген. Жануарлар әле-

мін зерттеуші ға лымдардың жыл-

дарға созылған еңбектері «жа нуар-

лар да күледі» деген нүктені мы на дай 

дерекке сүйеніп, нақты дәлелдеген. 

Жо ғарыда  айтқандай,  рахаттанған 

сәттерінде олар ды быс шығарып 

қана қоймай, миын да допамин нің 

нейро тізбекшесі бөлі нетінін анық-

таған. Адамдарда да күл ген де дәл 

сондай құбылыс орын ала ды. Демек, 

біз секілді олар дың да күлетіні ақи-

қат бол ғаны. Ал құс тардың арасында 

да күлетін дері бар, мәселен, тотықұс, 

сауыс қан,  т.б. 


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№54 (506) 1.04.2011 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

ДОДА

Қазақстан чемпионатының жартылай 



финалы төрт жеңіске дейін жалғасты. Аты-

раудың «Бейбарысы» Керекудің «Ер тісін» 

алты ойыннан кейін-ақ қапы қалдырған. 

Ал «Барыс-2» мен «Сарыарқа» арасындағы 

жеңімпазды анықтау үшін сегіз ойын 

қажет болды. Рас, бір ойынның нәтижесі 

қарағандылықтардың шағымынан кейін 

жоққа шығарылған. Сөйтіп, бес ойын-

нан кейін 3:2 есебімен «Сарыарқа» алда 

тұрған. Барлығын елордадағы кездесу-

лер шешті. Негізгі уақыт 3:3 есебімен тең 

аяқталып, төреші қосқан қосымша уақытта 

гол соғылмады. Буллиттің негізгі кезеңінде 

қарсыластар бірін-бірі ала алған жоқ. 

Ал алғашқы қателікке дейін болған бул-

литте қонақтар қателесіп, айдын иелері 

сапындағы Вадим Ермолаев «Сарыарқа» 

қақпасынан саңылау тапты. Айта кетейік, 

егер осы жолы қарағандылықтардың 

бағы жанғанда, финалға солар шығар 

еді. Ал бұл ойыннан кейін қос команда да 

тең жағдайға түсті. Шешуші ойында «Ба-

рыс-2» жігіттерін тоқтату мүмкін болма-

ды. Құрлықтық хоккей лигасында ойнаған 

жігіттерді құрамдарына қосып, күшейген 

«Барыс-2» 3-минутта-ақ есеп ашты. Гол 

соққан — Евгений Рымарев. Бұдан кейін 

Илья Солярев пен Максим Худяков тағы 

бір-бір голдан соғып, есепті 3:0-ге жеткіз-

ді.


Финалдық ойындар төрт жеңіске дейін 

ойналса, үшінші орынға таласатын «Ертіс» 

пен «Сарыарқа» жеңімпазды үш жеңістен 

кейін анықтайды. 



Арсен ЖАНАДІЛ

Рас, Зарина Диас, Ярослава Шведова 

сынды теннисшілер емес, бұл турнирге 

Қазақстанның атынан Кәмила Керімбае-

ва, Зарина Хайрутдинова сынды жас та-

ланттар қатысты. Дегенмен Кәмила да, 

Зарина да, тіпті басқа қыздарымыз да 

өз мүмкіндіктерін толық көрсете алған 

жоқ. Доданың негізгі сынында жеті жер-

лесіміз өнер көрсетсе, екінші айналымда 

тек Кәмила Керімбаева мен Наталья Бе-

режная ғана қалды. Алайда Наталья да, 

Кәмила да ширек финалға шыға алма-

ды. Сөйтіп, жүлделі орындарды қонақтар 

өзара бөлісіп алатын болды.

Жалпы, Қазақстан саңлақтарынан бө-

лек, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Ук раи-

на, Белоруссия, Түрікменстан жә не Сло-

вакия елдерінің спортшылары қатыс қан 

бұл турнирдің жүлде қоры 10 мың АҚШ 

долларын құрап отыр. Ал халық аралық 

дәстүрлі дода сәуірдің 3-і күні аяқталады.



ШИРЕК ФИНАЛДА 

МЫНА ЖҰПТАР КЕЗДЕСЕДІ:

Н. Орлова (Ресей) – С. Пираженка 



(Белоруссия);

Е. Яшина (Ресей) – А. Хабибуллина 



(Өзбекстан);

А. Артамонова (Ресей) – 

Е.Пушкарева (Ресей);

М. Гаверова (Ресей) – А. Романова 



(Ресей).

Арсен ЖАНАДІЛ

Финалда — 

Атырау мен 

Астана

Өз жерімізде 

жүлдесіз қалдық

Шайбалы хоккейден 

Қазақстан чемпионатының 

финалында Атыраудың «Бей-

барысына» қарсы ойнайтын 

команда белгілі болды. Сегіз 

ойынға созылған «Барыс-2» 

– «Сарыарқа» текетіресінде 

астаналықтардың бағы жанды.

Бұл күндері елордамыз 

Астананың жабық кешенді 

теннис кортында ITF сериясының 

аясына енетін Astana Womens 

халықаралық турнирі өтуде. Өз 

жерімізде өтіп жатқан турнирде, 

өкінішке қарай, өз өрендеріміз 

өте нашар өнер көрсетті.

ЕРКІН КҮРЕС

ЭКСКЛЮЗИВ-СҰХБАТ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Зинэтула Билялетдинов мешітке барып, құран оқиды екен

Допингімен күрестің жаңа жолдары

Құрлықтық хоккей лигасында бірінші кезекте «Барыстың» жанкүйерімін, әрине. Ал басқа 

клубтардың ішінен Қазанның «Ак-Барсы» ұнайды. Бас бапкері – татар. Ұлты татар ойыншылары 

да баршылық. Башқұрттың «Салават Юлаев» атты клубына қарағанда ұлт мүддесін жоғары 

ұстайтындай. Осы татар клубының бас бапкері Зинэтула Билялетдиновті кейбіреулер орысша 

менталитетті адам десе, кейбіреулер өз ұлтын қадір тұтатын жан деседі. Жалпы, мұсылман 

дініне қалай қарайды екен?

Ербол ӨМІРЗАҚ, Балқаш қаласы

Соңғы кезде велоспортта допингілік дау шектен тыс 

көбейіп кетті. Велошабандоздар бірінен соң бірі допингімен 

ұсталып, спорттан аластатылуда. Жақында Халықаралық 

велосипедшілер қауымдастығының осыған байланысты 

мәселе көтергенін естіген едім. Негізі, бүгінде жазаны 

күшейтудің қандай жолдары қарастырылуда?

Әлсейіт ТАМАНОВ, Тараз қаласы

ПРЕМЬЕР-ЛИГА

ТЕННИС

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ

Еліміздің барлық аймағынан және Ас-

тана мен Алматы қалаларынан жиналған 

балуандар ұлттық құрама сапына ілігу үшін 

өз шеберліктерін ортаға салды. Құраманың 

бас бапкері төл чемпионатымыздың ал-

дында «кім бірінші орын алады, сол Азия 

чемпионатына барады» деп кесіп айтқан 

болатын. Алайда бұл біріншілікте Тейму-

рас Тегеев, Нұржан Катаев, Леонид Спи-

ридонов, сол секілді ел чемпионатынан 

бір күн бұрын жаттығып жүрген жерінде 

аяқасты жарақаттанып қалған Абдулха-

ким Шапиев сынды үздік балуандарымыз 

боз кілемге шықпады.

«Ел чемпионатының бас жүлдесін 

оп-оңай олжалайын, маған кім қарсы 

келер дейсің?» деген болуы керек, аса 

ауыр салмақта Марид Муталимов бел-

десуде. Балуандарға бапкер сөзі қамшы 

болды ма, бәрі де аянбай күресуде. 

Биылғы Жайық жағасындағы біріншілік-

ті былтырғы Қарағанды боз кілеміндегі 

белдесулермен салыстыруға келмейді. 

Біріншіден, биылғы чемпионат күрестің 

үш түрі бойынша, әлемдік талапқа сәйкес, 

бірінің артынан бірі бір қалада өтіп жа-

тыр. Екіншіден, тек мықтылар ғана ұлттық 

құрама сапына алынады деген шарт бар. 

Сондықтан болар, әсіресе жас балуандар 

жан алып, жан берісіп күресті. 

55 келі салмақ дәрежесіндегі финал-

дық белдесу өте тартысты өтті. Өткен жыл-

ғы ел чемпионы, қызылордалық Дәу лет 

Нияз беков жас буынның өкілі, шығыс-

қазақстандық Расул Қалиевпен белдес-

кен. Дәулет те осыдан екі жыл бұрын 

жастар сапынан шығып, елге танылған 

болатын. Әлем чемпионаты мен Азия 

ой 

ындарында ұлттық құрама сапында 



белдесіп, тәжірибе жинақтаған. Расулға 

қарағанда шеберлігі мол. Бірақ Расул 

алғашқы кезеңде азулы қарсыласын тар-

па бас салып, әдіс қолданып, жеңіске жет-

кен болатын. Енді ширақ қимылдамаса 

Сеулсейіт – әйгілі 

Әбілсейіттің немересі

ұтылып қалатындығын түсінген Дәулет 

айлаға көшті. Бапкерлері Расулға дұрыс 

ақыл бермеді ме, әлде жастығына сенді 

ме, әйтеуір, шабуылдаумен болды. Бірақ 

екінші кезеңнің соңында әдіс қолданамын 

деп, қарсыласының қарсы әдісіне түсіп 

қалды. Таразы басы теңескен соң жеңімпаз 

шешуші кезеңде анықталды. Бір ұпай ен-

шілеген Дәулет Ниязбеков Қазақстан чем-

пионы атанды. 

«Бір жылдай болды, Расулмен бірге 

жат тығып жүрміз. Менің айла-тәсілдерімді 

жақсы білетін інім ғой. Бірінші кезеңде 

менің тактикамды біліп қойды. Ол аздап 

шаршап қалмағанда, жеңіске жетуім екіта-

лай еді», – деп ағынан жарылды Дәулет.

 Осы салмақта Әсет Серікбаев пен Рус-

лан Сексенбаев сынды жігіттеріміз қола 

жүлдегерлер атанды.

66 келідегі ақтық белдесу соншалықты 

тартысты болмады. Атыраулық жас бал-

уан Азамат Өміржановпен белдескен Ал-

маты облысының өкілі, тәжірибелі Әсет 

Дүкенбаев екі кезеңде де жалғыз ұпайдан 

Күрес түрлерінен 

Оралда өтіп жатқан ҚР 

халықтарының ІІІ жазғы 

спартакиадасы аясындағы 

Қазақстан чемпионатында 

еркін күрес балуандары 

55, 66, 84 және 120 келі 

салмақ дәрежелерінде 

жүлдегерлерді анықтады.

Иә, шын мәнінде, Халық-

ара лық велосипедшілер қауым -

дастығы (UCI) допингімен ұс-

тал ған спортшылармен күрес-

тің бір неше жолын қарасты рып 

отыр. Ең бірінші қарастыры лып 

отырған ұсыныс – допингімен 

ұсталып, қайта спортқа орал ған 

спортшылар өз командасы 

на 

жыл бойы ешқандай ұпай әпе-



ре алмайтындай болуы керек. 

Яғ ни оның жеңістері саналмай-

ды және командасына ешқан-

дай пайдасын тигізе алмайды. 

Екінші ұсыныс – бұрын-соңды 

допингімен ұсталған спортшы-

ларды велоспорттан мүл 

дем 


аластату туралы. Дегенмен 

екінші ұсыныстың қабылдана 

қоюы екіталай. Себебі бүгін-

де допингімен ұсталғандар-

дың саны ұсталмағандардан 

артып барады. Сондықтан 

егер мұн дай жаза қолданылар 

бол 


са, велоспортта спорт-

шы қалмайтын секілді. UCI 

қарастырып отырған тағы бір 

ұсыныс – допингімен ұсталған 

спортшыны бір-екі жылға 

емес, төрт жылға аластату. Бұл 

жазалардың қайсысы жүзеге 

асатыны алдағы уақытта белгілі 

болады.

Германияның 

деңгейі 

әлдеқайда 

жоғары

Аса ауыр салмақта көпшілігі бас 

жүлдені Марид Муталимовқа беріп 

қойған. Өзі де іштей солай ойлаған болуы 

керек, финалға кердеңдеп шықты. Оның 

қарсыласы астаналық Асхат Құсепов бо-

латын. Қарсыластан қаймықпаған Асхат 

сауатты қорғанды. Екеуі бір жарым минут 

бойы алысып, ұпай ала алмады. Амал-

сыз төрешілер жеребеге жүгінді. Асхат 

қызыл түсті спорттық киім кигендіктен, 

бірінші кезеңде дорбадан шарды суы-

ру соның еншісіне тиді. Ол Маридтің бір 

аяғынан ұстады да, кілем шетіне бір-ақ 

лақтырып жіберді. Үзілістен кейін тағы 

да сол текетірес жалғасып, ешқайсысы 

ұпай еншілемеді. Енді жеребені суыру 

Маридке келгенде, ол қызыл түсті шарды 

алып шықты. Соңғы мүмкіндігін мүлт жі-

бермеген Асхат қарсыласын тізе бүктіріп, 

Қазақстан чемпионы атанды. Есі шыққан 

Марид кілемнен тұрмай ұзақ жатты.

Асхат былтырғы ел кубогы жолындағы 

финалда әзер күрескен болатын. Осы жолы 

өте жинақы. Осының себебін сұрағаны-

мызда, «Мен бір айдан астам уақыт Вла-

дикавказда жаттығу жиынында болып, сол 

жақта тер төктім, соның себі тиді», – деді. 

Үш мың көрермен лық толған Оралдағы 

«Мұз айдыны» кешені дүркіреп, Асхаттың 

тамаша жеңісіне толассыз қол соқты. Осы 

салмақ дәрежесінде Андрей Сватковский 

мен Магомед Агиев үшінші орынға ие 

болды. Андрей Сватковскиймен үшінші 

орын үшін болған белдесуде атақты бал-

уан Әбілсейіт Айхановтың немересі Сеул-

сейіт Айханов белдескен болатын. «Мен 

Сеул Олимпиадасы өткенде туыппын, 

атам содан кейін менің атымды осылай 

қойыпты», – дейді. Енді ғана боз кілемге 

шығып жүрген ол атасындай ел намысын 

абыроймен қорғар деген ойдамыз.



Телжан КҮДЕРОВ, 

арнайы «Алаш айнасы» үшін, Оралдан 

ҚХЛ-дың биылғы плей-офф дода 

сы 

ның ал-


ғашқы сатысында біздің «Барысты» жолынан 

тайдырған «Ак-Барс» келесі кезеңде «Салават 

Юлаевтан» ұтылып қалды. Сонда жанкүйерлер 

арасында «татар ларға башқұрттардан жеңілгеннен 

ауыр өкініш жоқ» деген сөздер желдей есті. Ресей 

журналистері Зинэтула Хай дар ұлынан осы жөнінде 

сұрағанда, «Мен ондайға соншалықты қатты көңіл 

бөл мей мін, бұл – жай ғана дерби, мен қарсы лас-

тарымызды олай жіктемеймін», – деді бай салды 

түрде. Ал мұсылман дініне қалай қарай тындығына 

келер болсақ, сол жолы ол мешітке барып, құран 

оқитындығын да айтқан. «Мәскеуде мешітке бара 

алмаушы едім, қала үлкен, жұмыс көп, аралары 

тым алыс. Ал Қазанда дінге басқаша қарайтын 

болдым. Бұл тұрғыда мен Қазанда тұратыныма 

қуаныштымын», – деп ағынан жарылған-ды.

Германия және Қазақстан ұлт 

тық құрамалары 

арасындағы Кайзерслаутерндегі ойыннан соң біздің 

футболшыларды жаттықтыратын чех маманы Мирослав 

Беранекті сөзге тартқан едік.

– Мирослав-аға, қарсыласымыз – азулы 

команда, жігіттеріміздің кейбіреулері матч басын-

да қобалжып қателесті. Бәрін де түсінеміз. Десек 

те, бүгінгіден де өрнекті ойын үлгісін көрсек деп 

едік.

– Германия құрамасы – дүниежүзіндегі ең мықты 

командалардың бірі. Бүкіләлемдік рейтингіде үшінші 

орында тұр. Олардан үйде 0:3 есебімен ұтылған жоқпыз 

ба? Ал сіз сырт алаңда терезесі тең ойнауымыз керек 

демексіз бе, сонда?



– Жоқ. «Неміс мәшинесінің» қарқынын да, дең-

ге йін де білеміз. Олар құрамында әлемнің ең үздік 

футболшысы (яғни Месси) ойнайтын Арген тина 

құрамасының өзін былтыр жазда 4:0 есебімен жүн-

дей түткен. Сондықтан тек өз ойыншы лары мызға 

ғана баға беріп, бүгінгі ойында кімдердің сені-

міңізді ақтай алмағандығына тоқталып өтсеңіз.

– Мен ойыннан кейін ешкімді де даттап, ешкімді де 

мақтамаймын. Ондайым жоқ. Баспасөз құралдары үшін 

алаңдағы ойыншылардың ешқайсысын бөле-жара 

атап өтіп, қайсыбіреулерін қараламаймын. Рас, бүгінгі 

ойыннан сабақ алып, өзім үшін қорытынды шығардым. 

Бұл ойынды біз әлі бірнеше қайталап көріп, мейлінше 

саралайтын боламыз. Содан соң ғана ойымызды 

жинақтап, бәрін қорытындылап шешеміз: қайсысын 

баспасөз арқылы айтуға болады, қайсысын айтуға 

болмайды. 

Жалпы, бұл ойын көп нәрсені көрсетті. Мәселен, 

осындай азулы қарсыластармен ойнауға болатындығын 

да, әлі көп тер төгуіміз қажет екендігін де. Бізге табан 

тіресе шайқасу керек. Қарқынымызды үдету керек. 

Қорғанысымыз да көп жұмыс жасауды қажет етеді. Бүгін 

кімнің жанталаса ойнағанын да, кімге бұл ойындағы 

тапсырманың тым ауыр тигендігін де көрдім. Оның 

бәрін жадыма түйдім. Өзіңіз көрдіңіз, екінші таймда 

жаман ойнаған жоқпыз. Өкінішке қарай, матч соңында 

төртінші голды жіберіп алдық. 0:3 есебінің жарасы сәл 

де болса, жеңілірек еді... 



– Қақпашы Лория төрт гол жіберсе де, жаман 

өнер көрсеткен жоқ сияқты...

– Сидельников денсаулығы сыр беріп, бабында 

болмады. Лория да – жақсы қақпашы.

– Қырсық шалып, Смақов және Карпович сияқты 

тәжірибелі ойыншыларымыз да жарақаттанып 

қалды ғой. Мүмкін, солар жетіспеген болар?

– Қайтеміз енді, солай болды. Мен ойыннан кейін 

«олар болғанда, әлдеқандай болар ма еді» деген 

сарындағы әңгімеге құштар емеспін. Бәрін де алаңда 

көру керек. 

– Сіз Алматыдағы баспасөз жиынында «Герма-

ния футболды — бесінші жылдамдықпен, ал 

Қазақстан екінші жылдамдықпен ойнайды» деп 

едіңіз. Сонда біздің құрығанда үшінші немесе 

төртінші жылдамдықпен ойнай алмауымызға 

кім кінәлі: оған ойыншыларымыздың күш-қуаты 

жетпей ме, әлде оларды жоғары жылдамдықта 

зулата алмай жүрген бапкерлеріміз бе?

– Өйткені Қазақстан чемпионатындағы командалар 

жоғарғы қарқында ойнамайды. Қазақстан футболы, 

негізінен, өз сорпасының ішінде ғана қайнауда. Ал 

Германия клубтары деңгейі аса жоғары Чемпиондар 

лигасында ойнайды. Финалына дейін жетеді. Қазіргі 

Германия құрамасының сапындағы екі ойыншы 

«Реал» (Мадрид) клубының сапында ойқастап жүр. 

Бірнеше ойыншысы «Баварияның» негізгі құрамында 

өнер көрсетеді. Ал бұл командалар өте жоғары 

қарқында ойнайды. Қашан Қазақстан командалары 

Чемпиондар лигасында ойнайтын болады, сонда біздің 

де қарқынымыз олармен теңесе бастайды. Қазақстан 

клубтарына Еурокубок додаларынан тәжірибе 

жинақтауға тырысу қажет. 

– Жалпы, біздің ойыншыларымыздың әлеуеті 

қандай? Олардың қарқындары мен деңгейлерін 

өсіруге бола ма?

– Ол үшін көп тер төгу керек. Көп жұмыс жасау керек. 

Кө-өп.

Мирослав БЕРАНЕК:

Немістермен болған ойыннан кейін микс-

аймақта өз футболшыларымызды сарыла тоссақ 

та, ешқайсысы шықпады. Төзіміміз таусылып, елдің 

бәрі тарқай бастаған сәтте, үстіне спорттық киім 

емес, күнделікті киім киіп алған Генрих Шмидтгаль-

дің шыға келмесі бар ма. Күтпеген адамым шыға 

келгенде, таңданып та, қуанып та қалдым. Сал ған 

жерден: «Орысша сөйлейсіз бе?» — дедім. Күлім-

сіреп: «Аздап», — деп орысша жауап берді.



– Сіз бүгінгі матчты көрген боларсыз. 

Енді осы ойын туралы өз ойыңызды айтып 

берсеңіз.

– Өкінішке қарай, ойын басталған бетте (үшінші 

минутта) немістер гол соғып кетті. Тез соғылған 

гол біздің ойыншыларға оңай тиген жоқ. Менің 

ойымша, біз екінші таймда жақсы ойнадық. Неміс-

тер бізге бірнеше мүмкіндік беріп те алды.



– Өзіңіз ойнамаған соң, стадионда 

тақымыңызды қысып отыру қиын шығар?

– Әрине. Дегбірім қашып...



– Жарақатыңыздан айықтыңыз ба? Ойнап 

жүрсіз бе, қазір?

– Жоқ. Маған әлі екі-үш апта керек. Содан 

соң ойнайтын боламын. Ал қазір өз клубымдағы 

ойыншылармен бірге жаттығуды бастадым.



– Сіздің аяқ-қолыңыз балғадай. Яғни 

жуан. Әлбетте сіздей футболшылар көп жара-

қаттанбаса керек еді.

– (күліп) Енді бұл футбол ғой. Жарақатсыз бола 

ма? Негізі, бір туыс ағам балуан болған екен. Соған 

тартқан шығармын.



– Ұлттық құрамамыздың жаңа бас бапкері 

Беранекпен кездестіңіз бе, таныстыңыз ба? Не 

деді?

– Иә, кездестім. Бас бапкер маған «егер сенде 

бәрі ойдағыдай болса, әрі қарай құрама сапында 

ойнайтын боласың» деді. Көреміз енді, қалай 

боларын.

– Құрама сапындағы жігіттердің қайсы-

сымен тіл табысып кеттіңіз?

– Ұлан Қонысбаевпен. Екеуміз оқу-жаттығу 

жиынында бір бөлмеде тұрғанбыз. Содан бастап, 

Ұланмен ашық сөйлесетін болып кеттім.



– Орыс тілін қалай, кімнен үйреніп жүрсіз?

– Үйреніп жүрмін. Мен туған жерімнен кет-

кенімде небәрі 2 жаста болдым ғой. Сондықтан 

орыс тілін ұмытып қалыппын. Қазір үйреніп жүрмін. 

Анам да көмектесуде.

– Ал ата-анаңыз сіз Қазақстанның намысын 

қорғап жүргеніңізді қалай қабыл алды? 

Қуанышты ма?

– Әрине, қуанышты.



– Сергей Каримовпен байланысып тұрасыз 

ба? Оның қал-жағдайы қалай?

– Телефон шалып, сөйлескенмін. Ол да жара-

қатынан енді айығып келеді. Бас бапкер айтқандай, 

бәрі ойдағыдай болса, ол да құрама сапында 

ойнайтын шығар. Бас бапкер шешеді ғой.

– Германияда біздің елдің намысын 

қорғағысы келетін тағы да футболшылар бар 

ма? Сізге ешкім ондай ойын сездірген жоқ па?

– Жоқ, білмеймін. Бірақ бір-екі ойыншы бар 

екен дігінен хабардармын. Оның біреуі – Юрий Юдт, 

Нюренбергтен. Бұл енді бас бапкердің құзыретіндегі 

іс қой.

– Ал егер «Миландағы» Александр Меркель 

«Қазақстан құрамасында ойнағым келеді» 

десе ше?

– О-о, Меркель – жақсы футболшы. Білемін. Ең 

бастысы, ол жас.

Біраз әңгімелесіп, Шмидтгаль екеуміз қош-

тастық. Генрих «Үйге машинамен қайтуым керек. 

Жол алыс» деп қолын берді де, «Орысшам қалай 

екен, мені түсіне алдыңыз ба, мен сізге өз ойымды 

жеткізе алдым ба?» — деп тәптіштеп сұрай бастады. 

Мен оған: «Орысшаңыз жаман емес, біршама үй-

реніп қалыпсыз, енді қазақ тілін де үйреніңіз», — 

дедім. Басын изеп, екеуміз осылай жылы шыраймен 

қоштастық. 



Сұхбаттасқан Нұрғазы САСАЕВ

Генрих ШМИДТГАЛЬ:

Әттең, 

немістер 

тез гол соғып 

кетті...

еншілеп, әупірімдеп жүріп жеңіске жетті. 

66 келіде Айдар Балдабаев пен Цотнэ Ба-

рамидзе үшінші орын алды.

84 келі салмақта батысқазақстандық 

Қанат Бердиев алтын медаль иеленді. 

Ол финалда Гуанжоуда өткен Азия ойын-

дарында қола жүлде алған Ермек Бай-

дуашевты ұтты. Кездесу тартысты болды. 

Інісіне қарағанда тәжірибелі Ермек шабан 

қимылдады. Бірінші кезеңде бір ұпай ен-

шілеген Қанат жеңіске жетсе, екіншісінде 

Ермек таразы басын теңестірді. Үшінші 

кезеңде екеуі бір жарым минут бойы алы-

сып, ұпай ала алмағандықтан, төрешілер 

жеребеге жүгінді. Ермек Қанаттың 

аяғынан ұстау  мүмкіндігіне ие болды. 

Бірақ төреші ысқырығы естілген бетте 

шапшаң қимылдаған Қанат оның уысы-

нан сытылып шығып кетті де, екеуі кілем 

үстінде алыса кетті. Ермекті бірінші ауда-

рып үлгерген кілем иесі Қазақстан чем-

пионы атанды. Осы салмақ дәрежесінде 

Семен Семенов пен Алтай Оңғарбайұлы 

қола жүлдеге ие болды.

4-турдың орталық кездесуі елор-

дамыздың «Астана-Арена» стадионында 

өтті. Өткен жылғы Қазақстан кубогының 

иегері және биылғы жылы еліміздің кіл 

мықтыларын құрамына жинаған «Локо-

мотив» соңғы жылдардың үздік ұжымы 

«Ақтөбені» қабылдады.

Негізі, 4-турдың алғашқы нәтижелері 

Талдықорған мен Шымкентте белгілі бол-

ды. Алматы облысының орталығында 

«Жетісу» Қызылорданың «Қайсарын» қа-

былдаса, Шым қалада оңтүстік дербиі 

өтіп, қонақтар бір гол айырмашылығымен 

басым түсті.

Сондай-ақ тағы бір қызық әрі тартыс-

ты кездесу Қостанайда өтті. Ел чемпио-

ны «Тобыл» Қарағандының «Шахтерін» 

қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

4-ТУРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

«Локомотив» (Астана) — «Ақтөбе» 

– 1:0



Гол: Нөсербаев, 21.

«Ордабасы» (Шымкент) — «Тараз» 

– 0:1



Гол: Кургулин, 47.

«Ертіс» (Павлодар) — «Восток» 

(Өскемен) – 3:1

Голдар: Мальцев, 53. Сергиенко, 55. 

Чернышев, 70 — Мулиса, 37.

«Тобыл» (Қостанай) — «Шахтер» 

(Қарағанды) – 1:2

Голдар: Бекрич, 87 — Борантаев, 42. 

Борантаев, 44.

«Атырау» — «Қайрат» (Алматы) – 1:1

Голдар: Шафф, 34-пенальтиден. Чуреев, 

53 — Струков, 30. Головской, 68.

«Жетісу» (Талдықорған) — «Қайсар» 

(Қызылорда) – 3:0

Голдар: Климавичус, 17. Бакаев, 54. 

Мұжықов, 86.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Ел чемпионаты 

қайта жалғасты

Ұлттық құрамамыздың ойын-

дарына байланысты екі апта 

үзіліс алған футболдан Қазақстан 

чемпионаты кеше кешкісін қайта 

жалғасты.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№54 (506) 1.04.2011 жыл, жұма                   



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№54 (506) 1.04.2011 жыл, жұма                    



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Нұрмұх

аммед МАМЫРБЕК

ОВ

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет



Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Қабылд

ау бөлмесі: 8(727)388-80-60, 

факс: 8(727)388-80-61

Айдын ҚАБ

А – ж

ау

апты х



атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат  

минис


трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi 


көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты 


алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

8 (727) 380-41-78

e-

m



ail



alikulova.a@orangepoint.kz

Алма

ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 



Қалд

аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 

8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №913

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №603

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


8 

(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №3241 

 

 

 



   

Бағасы  к

елiсiмдi

Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

екс


i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы:

 

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,05



00

51

, Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



e-

m

ail



inf

o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – А

зама


т ҚА

СЫМ, т


ел.: 8777 3554114

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

Астана бюросы: Мек

енж


айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:


 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Ас

тана бюросының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

АСЫЛ – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


БҮГІН:

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

СӘУІР

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

Сәуірдің 1-і

Алаштың атаулы күні

• 140 жыл бұрын (1871-1927) ақын, әнші Кете Жүсіп Ешниязұлы 

дүниеге келді.

• Алаштың көрнекті композиторы, дәулескер домбырашы, дирижер, 

Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы Нұрғиса 

Тілендиевтің (1925-1998) туғанына – 86 жыл.

• Күлкі күні.

• Халықаралық құстар күні.

Туған күн иелері

Қойшығара Салғараұлы (1939) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты;



Қоғабай Сәрсекеев (1939) – «Қазақ» газетінің бас редакторы, 

жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты;

  Шәміл Тәжібаев (1945) – Тағамтану академиясының вице-

президенті, Халықаралық жобалар институтының директоры, 

медицина ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың 

лауреаты;



Любовь Есмағамбетова (1953) – Ақтөбе облысы Қобда ауданының 

әкімі; 


Меңдіғали Рақышев (1953) – Алматы қаласы бойынша 

Қазынашылық департаментінің директоры; 



Аманжан Жамалов (1960) – Мәжіліс депутаты; 

Айдар Ниязов (1960) – Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет 

колледжінің директоры; 



Тілеген Мәткенов (1966) – Ақмола облыстық ішкі істер 

департаментінің бастығы, полковник; 



Мәди Бексұлтанов (1969) – Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор 

меңгерушісі; 



Орал Қаппасов (1974) – Премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы; 

Жанарбек Әшімжан (1976) – Жазушылар одағының хатшысы, «Қаламгер» 

медиа орталығының директоры, ақын.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы» 

Белгілі есімнің белгісіз сыры

ҚОЙШЫҒАРА – Бұл есім жайлы қазақтың белгілі жазушысы Қойшығара 

Салғараұлы: «Біздің Торғай өңірі жақта бір дәстүр бар. Ағайынды адамдарда 

бала болмай жүрсе, сағынтып, аңсатып жарық дүниеге келген сәбилерге 

Тайшығара, Қойшығара деп ат қоятын болған. Біздің ауыл да ашаршылықтан, 

басқа да нәубеттерден көп қырылған. Сондықтан дүниеге мен келгенде есімімді 

– Қойшығара, ағайынымыздың бір баласын Тайшығара деп атаған екен. Ал енді 

мағынасына келер болсақ, бұған араб-парсының қатысы жоқ, жанымызда қара 

қойшы боп малын бағып, тірі жүрсе болғаны деп қойған. Ата-анамның сол тілегін 

қабыл көріп, өзім де екі жыл қой бақтым», – дейді.

Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148/1 А

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148/ 1а

Бір жүргізуші екіншісіне әңгіме айтады:

– Мені жақында көлігіммен бір сиырды қағып 

кеткенім үшін сотқа тартты.

– Малдың иесіне ақша беріп әрең құтылған 

шығарсың?

– Жоқ, ә. Пара бердім. Сот «сиырдың өзі кінәлі» 

деп шешім шығарып берді.

***

Қайғылы оқиға:

Бөлменің ортасында бір адам өліп жатыр. 

Марқұмның досы тергеушіге түсінік беруде:

– Ол маған ылғи да бастан қалай ату керек 

екенін көрсететін, ал мен бүгін ол тапаншаға оқ 

салып қойып едім...

***

Бір келіншектің көлігі ұрланады. Тергеуші:

– Сіз қылмыскердің бет-әлпетін есіңізге сақтап 

қалдыңыз ба?

– Көліктің нөмірін ғана жазып үлгердім, бірақ 

маркасы есімде жоқ...

***

Шекара сақшысы:

– Тоқта, атамын!

– Тоқтадым.

– Аттым!

Әзіл-шыны аралас



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Газетіміздің  №53 (505)  санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН:

 

Желек. Идо. Нина. «Гаудеамус». Каста. Айт. Тәрте. Сұлба. Аужар. Ұтыс. Онон. Паб. Ма. Аноа. Аран. 



ТІГІНЕН:

 

Регата. Ұстын. Сөл. Жендет. Баспа. Кие. Атау. «Наз». Жоба. Сиам. «Арман». «Уайт». Рома. Морс. Тең. Нан. 

Қораз

1501жылға 



дейін шық-

қан кітап

Тән

Әк

Бір жасу- 



шалы 

жәндік


Жаңа Зелан-

дия түйеқұсы

Жаман

Үлкен балық-



тарды ұс-

тайтын 


қармақ

Құрманға-

зының күйі

Күрке, 


баспана

Моторсыз 

ұшақ

Кеңсе 


қызметкері

Аң аулау 

үшін қазыл-

ған ор


Қазба 

байлық


Екі доңға-

лақты арба

Жыл құсы, 

қарға


Америка. 

улы бақа


Сынақ

Тікұшақ


Сыр

Мереке


Некесіз 

туған 


бала

Суда жүзу 

тәсілі

Қауын-


қарбыз дәні

Бір актілі 

драма

Әсел


Сәлемде-

ме зат


Мұғалім

Гүлденген 

елді мекен

Голландия

ф/клубы

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 06:55  

 

            12.43 

 

           19:18    

ТАРАЗЫ

Сізге жұлдыздар бүгін 

тын дыруға болатын істі ер-

тең 


ге қалдырмауға кеңес 

береді. Назарыңыздың басым 

бөлігін кәсіптік салаға бөлгеніңіз 

жөн. Өйткені ақиқатына келгенде 

сізді нағыз жақсы нәтижеге жет-

кізетін саланың бірі – осы.



САРЫШАЯН

Өміріңізге әрі өзіңіздің 

айналысатын істеріңізге өз-

геріс енгізетін уақыт келіп 

жетті. Бәсекелестер сіздің әр 

қадамыңызды аңдып, қақпан 

қойғылары келеді. Олардың 

аран датуына бой ұрмаңыз. Ро-

мантикалық кездесуге қолайлы 

күн. 


МЕРГЕН

Кездесу ұйымдастырып, 

келіссөз өткізуге қолайлы 

күн. Бастамаларыңызды бі р-

ауыздан қолдауға қабілетті, 

қолында билігі бар жандармен 

танысасыз. Сондай-ақ өмір лік 

жарыңызды іздеп жүрген бол-

саңыз, бүгін дайын болы ңыз.

ТАУЕШКІ

Бүгінгі күніңіз сізге аса 

көтеріңкі көңіл күй сыйлап, 

ерекше мәнге ие болады. Өзі-

ңізді өте жақсы сезінесіз. Бос 

алаңдаушылықтан құтылып, дұ-

рыс шешім қабылдайсыз. Жа қын 

жандармен қарым-қаты нас тек 

қана қуаныш сыйлайды.

СУҚҰЙҒЫШ

Жеңіл әрі жағымды күн. 

Өз әділдігіңізді дәлелдей 

алатын көп ақпарат аласыз. 

Сондықтан кез келген бәсеке-

де сіз тек жеңіске жететініңізге 

сеніңіз. Алайда тыныш демала 

алмайсыз, жиналып қалған үй 

шаруасын тындыруға тиістісіз. 

БАЛЫҚТАР

Бұл күн өз-өзіңізді, ішкі 

әлеміңізді қажетсіз ойлардан 

арылтуға қолайлы күн. Себебі 

бүгін сіз өз қалауыңыз бен 

мақсатыңызды нақты әрі ай-

қын түсінесіз. Жақын дары-

ңыз 


дың арқасында сізге 

дұрыс шешімге келу қиынға 

соқпайды.

ТОҚТЫ

Бүгін қолында билігі бар 

жандарға жақсы әсер қал-

ды рудың әдісін табасыз. Сіз 

осы күні ешкімге ұқсамайсыз 

әрі өзіңізді басқалардан ерекше 

ұстайсыз. Ғашық жандар сүйік-

тілерін тосын сыймен қуантып, 

уақытты жақсы өткізеді. 

ТОРПАҚ

Бұл күні сіздің белсен-

ділігіңіз артып, кез келген 

істен күшіңізді еш аямайсыз. 

Бүкіл іс пен жауапкершілікті өз 

мойныңызға алмай, басқалар-

мен бөліскеніңіз жөн, сонда 

жұ мысыңыз тез бітеді. Жолға 

шығудан бүгінше бас тартқан 

абзал. 


ЕГІЗДЕР

Осы күні басшыларыңыз-

ға жақсы жағыңыздан көрі-

ніп, қызмет сатысымен жо-

ғары көтерілуге мүмкіндігіңіз 

бар. Егер батыл әрекеттерге әр-

дайым дайын болсаңыз, бәсе-

келестеріңізді басып озасыз, 

от басыңызбен ортақ тіл таба-

сыз. 


ШАЯН

Бүгін өзіңізді бүкіл әлем-

де жалғыз қалғандай сезі не-

сіз. Себебі сіз талпынған ар-

манға ешкім қолдау көр се туге 

асықпайды, тіпті қол ұшын да 

ұсынбайды. Мойымай алға 

ұмтылыңыз. Сонда көп нәр сеге 

қабілетті екеніңізді түсінесіз. 

АРЫСТАН

Сіздің бүгін қызықты әрі 

көңіл көтеретін іс табуға мүм-

кіндігіңіз мол болады. Күн де-

лікті мәселелерді ше 

шуді 


бүгінше басқа біреуге тапсыры-

ңыз. Егер сіз алдыңызға мағына-

лы мақсат қойсаңыз, құл шыны-

сыңыз да жоғары болады.



БИКЕШ

Бүгінгі күннің барысы 

сізді жалықтыруы ықтимал. 

Өз қызығушылығыңызды 

оятпайтын істермен айналысуға 

мәжбүр болуыңыз мүмкін. Мы-

са лы, біреудің қатесін түзетіп, 

ренжіскендерді татуластырып, 

өзгелердің мәселесін шешесіз. 

Ауа райы

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?



«Тағам аллергиясы» – шындыққа жанаса бермейтін диагноз және оны көп 

жағдайда адамдардың өзі ойдан шығарып алады. Портсмут универси те тінің 

зерттеушілері аталған ауруды көпшіліктің дұрыс түсінбейтінін анықтады.

The Times of India-ның хабар лауын ша, зерттеуге 

қатысқан ұлы британиялықтардың 20%-ы кейбір 

тағам түрлерін жей алмайтынын айтқан. Олар 

мұның себебін «аллер гия» деп түсіндірген. Ғалым-

дар қор ға ныш жүйесі реакциялары нәти же лерін 

талдау арқылы бұл адам  дар дың әбден шатасып 

жүргенін анықтады. Шындығында, Ұлыбританияда 

тағам аллергиясымен халықтың 2%-ы ғана ауырады 

екен. Кейбір тағам түрлеріне төзе алмау мен 

аллергия – екі бөлек жағдай. Бірақ адамдар белгілі 

бір тамақ өнімін жегеннен ұшынып, терісі қышитын 

болса, оны аллергия деп есептеп, қате емделуге, 

бұрыс тамақтануға мәжбүр болатын көрінеді. 

Кейбір ағылшындар осындай жалған диагноздың 

салдарынан басқа да ауруларға шалдыққан.

«Аллергия» дегенді адамдардың 

өзі ойлап табады екен



Сүтқоректілердің қыста қалың ұйқыда жатуы – олардың ұзақ 

өмір сүруінің құпиясы. Австриялық ғалымдар жануар лар дың 

қысқы ұйқысының табиғаттағы реттеліс екенін анықтады.

Венадағы ветеринарлық 

медицина университетінің ға-

лым 


дары қыстыгүні ұйқыға 

кететін жануарларды бірнеше 

жыл бойы зерттеген. Нәтиже-

сінде мұндай сүтқоректілердің 

15%-ға ұзақ өмір сүретініне көз 

жеткізді. «Осы кезге дейін аң-

дар дың қысқы ұйқысы олардың 

уақытты бос өткізуі делініп 

келді. Бірақ бұл жануарлар үшін 

аса қажет табиғи құбылыс екен. 

Қысқы ұйқыдан соң аңдар әл-

деқайда тыңайып шығады, бұл 

әлсіздерді әлділердің жеміне 

айналудан құтқарады», – дейді 

зерттеу тобының жетекшісі 

Клау диа Бибер. Расында да, 

қысқы шырт ұйқы аю сияқты ірі 

жыртқыштарға қарағанда, 

тыш қан тәрізді ұсақ жануар лар-

ға анағұрлым пайдалы екен.    

Қыста інінен шықпайтын 

жануарлар ұзақ өмір сүреді

ӨМІР – ТЕАТР!

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік

академиялық драма театры (Алматы)

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық 

балалар мен жасөспірімдер театры (Алматы)

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік

академиялық опера және балет театры (Алматы)

Жамбыл атындағы Қазақ

мемлекеттік филармониясы (Алматы)

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ

музыкалық драма театры (Астана)

К.Байсейітова атындағы

Ұлттық опера және балет театры (Астана)

 +6+8

о

 

  -1-2

о

+1+3

о

 

 

-4-6



о

+1+3

о

 

0-2

о

 +8+10

о

 

 0

о

 +9+11

о

 

 +3+5

о

 

-0-1



о

 

-3-5

о

 

+2+4



о

 

-1-3

о

 +15+17

о

 

  +2+4

о

+23+25

о

 

+3+5

о

+21+23

о

 

 +8+10

о

 

+10+12



о

 

 -1-3

о

 +10+12

о

 

  0+2

о

  

+8+10

о

 

 -

5-7

о

 

+8+10

о

 

   -5-7

о

 

+17+19

о

 

+5+7

о

  

+15+17

о

 

+3+5

о

 +13+15

о

 

    +2+4

о

         



0

о

 

-8-10

о

2 сәуір 


18.30

ҚР Мемлекеттік академиялық 

симфониялық оркестрімен концерт

Бағдарламада: 

К.Сен-Санс «Жануарлар 

карнавалы»

8 сәуір 

18.30 


Скрипка және оркестрге арналған 

концерт


Бағдарламада: 

А. Бабаджанян 

«Батырлық балладасы»

9 сәуір 


18.30 

Скрипка және оркестрге арналған 

концерт

Бағдарламада:  



А. Бабаджанян 

«Батырлық балладасы»

1сәуір 

Кіші зал  18.30



 Күйеуіңізді 

сатыңызшы  (комедия) 

М.Задорнов 

ауд.О.Кенбаев,Т.Әлімбеков 

реж. О.Кенбаев

2 сәуір 


Кіші зал  18.30

 Отыз ұлың болғанша  



(мұңды комедия) 

 Ф. Буляков, 

ауд.Т.Әлімбекұлы 

реж. Ә.Рахимов

8 сәуір 

18.30


Премьера  

 Балуан Шолақ  



(драма)

Д.Исабеков 

реж.Е.Обаев

9 сәуір


18.30

Премьера  

Балуан Шолақ  

(драма)

Д.Исабеков 

реж.Е.Обаев

10 сәуір 18.30

 Сыған серенадасы  

(мюзикл)

И.Сапарбай  

реж. Е.Обаев, 

Т.Аралбай

7 сәуір 

19.00


 «Травиата»  

(төрт қойылымды опера)

Дж. Верди 

9 сәуір 

15.00


Халық Қаһарманы,  

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, 

Халық әртісі, атақты режиссер  

Әзербайжан Мәмбетовті еске алу кеші  



(кіру тегін)

Театр ұжымы, 

танымал өнер 

қайраткерлері

1 сәуір 

18.30


 Күшік күйеу  

(комедия)

авт. Т. Ахтанов 

реж. Ж. Хаджиев

2 сәуір 


18.30

 Бөлтірік бөрік астында  



(комедия)

авт. Қ.Мұхамеджанов

 реж. Т. Теменов

3 сәуір 


18.30

 Көгілдір такси 



 (мелодрама)

авт. С. Сматаев, 

Т. Теменов 

реж. Т. Теменов

5 сәуір 

18.30


 Махаббат сазы  

(поэзия кеші) 

реж. 


Б.Сейітмамытұлы 

6 сәуір 


18.30

 Балкон  



(романтикалық иллюзия)

авт. Е.Аманшаев  

реж.С.Қарабалин

7 сәуір 


18.30

Премьера   

Қозы Көрпеш – Баян сұлу  

(трагедия)

авт. Ғ. Мүсірепов

 реж. Ж. Хаджиев

8 сәуір 


18.30

 Келіндер көтерілісі  



(комедия) 

авт. С.Ахмад 

ауд А. Сүлейменов 

реж. М. Ахманов 

9 сәуір 

18.30


 Адасқан жұлдыз 

 (драма)

авт. Н. Ораз 

реж. Б.Сейітмамытұлы 

10 сәуір  18.30

 Ең әдемі келіншек  

(лирикалық мұң)

авт. С. Балғабаев

 реж. Р. Сейтметов

11 сәуір  18.30

 Қызыл орамалды 

шынарым 


 (екі бөлімді драма)

авт. Ш. Айтматов 

инсц. Т. Теменов

 реж. Т. Теменов

12 сәуір  18.30

Премьера   

Қозы Көрпеш – Баян сұлу  

(трагедия)

авт. Ғ. Мүсірепов 

реж. Ж. Хаджиев

1 сәуір


18.30

 «Юнона» мен «Авось»  



(балет)  

А.Рыбников

2 сәуір

18.30


 «Севильский цирюльник»   

(опера)

Дж.Россини

3 сәуір

17.00


 «Спартак»   

(балет)

А.Хачатурян

7 сәуір

18.30


 «Тангейзер»  

(опера)

Р.Вагнер


8 сәуір

18.30


 «Сильфида»  

(балет)

Х.Левенсхольд

9 сәуір

18.30


 «Махаббат шәрбаты»   

(опера)

Г.Доницетти

10 

сәуір


17.00

 «Аққу көлі» 



 (балет)

П.Чайковский

1сәуір 18.30

Премьера  

«Дон Жуанның 

думаны»  (комедия)

М.Фриш

5 сәуір 


11.00

 «Алдардың айласы»   



(ертегі)

М.Ахманов

6 сәуір 

18.30


 «Қымбатты Памелла»  

(комедия) 

Дж. Патрик 

7 сәуір 

18.30


 «Үйлену»  

(музыкалық комедия)

Е.Жуасбек

8 сәуір 

18.30


 «Ғасырдан да ұзақ күн»  

(драма)

Ш.Айтматов

12-17 сәуір аралығында театр 

Ақтөбе қаласында гастрольдық сапарда болады



Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет