6-C0002 Абдуллах Өздемир – Бағжылар ауданының әкімі. 02. 40-04. 05



бет7/8
Дата11.11.2022
өлшемі36,41 Kb.
#49357
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аударма

02.15-04.20

Біз 1974 жылы университетке өтініш жаздық. Түркиядағы қазақтарға барып көрейік дедік. Алтай ауылындағы, Ұлыкышладағы, Салихлідегі қазақтарды көрейік дедік. Өзім бар, жұбайым Билге Ержиласун және екі досым Дурсун Йылдырым және Әлеуметтану бөліміндегі Джихат Өзендермен алдымен Алтай ауылына бардық. Ол жердегі қазақтар түрік зиялысы Зеки Велиди Тоганың кітаптарын оқитын еді. Оларды көрдік. Алтай ауылынан шығып, Салихлиге келдік. 1974 жылы Салихлиде болып қайттық. Салихлиде бірнеше күн болдық. Әлібек Хакімді көрдік. Мен оны бұрыннан танитынмын. Хамза Учарды көрдік. Олардан біраз ақпараттар алдық. Қазақтардың дәстүрлері жайлы мәліметтер жинадық. Кейін Анкараға қайттық. Сол кезде мен «Қазақтар ​​арасында» деген мақала жаздым. «Төре» деген журнал бар еді. Сол журналға мақалам басылды. Яғни, Түркия қазақтары қай жылдары келді, қандай салт-дәстүрлері бар, аталары кімдер деген сияқты. Әлібек Хакімның аталарының барлығын мақалада көрсеттім. 1974 жылы, кейін 1970 жылдардың соңында, бәлкім 1980 жылдарда Германияға барған кезімде менің ескі досым Хасан Оралтайды тағы көрдім. Оның үйінде бірнеше күн қалдым. Сол уақытта қазақтармен, қазақ тілімен көбірек жұмыс жасағым келеді дегенмін. Хасан Оралтай ол кезде «Азаттық радиосында» жұмыс істейтін. Қазақша мәтіндерді үстелге қойды. Үстелдің үстіне қойып, қазақша мәтіндерді бірге оқыдық. Сол кезде мен қазақ тіліне аздап таныс болдым. Газеттегі жаңалықтарды оқып, түсіне бастадым.




04.29-06.40

Бір күні ескі кітап дүкенінен Хасан Оралтайдың Мағжан Жұмабай кітабын көрдім. Мағжан Жұмабай кітабын көріп, алып, оқыдым. Кішкентай бір кітап Мағжан Жұмабайұлы жайында еді. Ол кітап менің ақылымда қалды. Кейін университетте магистратура, докторантура зерттеу тақырыптарын беру уақытында студенттерімнің біріне «Мағжан Жұмабайұлы жайында зерттеу жұмысын жаса» - дедім. Мағжан Жұмабайұлының кітабы қайда, оны қайдан табамын деді. Біздің бұрындағы Татарстаннан келген бір оқытушымыз бар еді. Ол оқытушымызда 1920 жылы араб әліпбиімен жазылған Мағжан Жұмабайұлының кітабы бар еді. Ол кітапты алып, Ферхат Тамир есімді докторантурадағы студентім Мағжан Жұмабайұлының өлеңдерінен докторлық диссертация жазды. Кейін диссертация кітап болып та басылып шықты. Яғни Түркияда «Мағжан Жұмабайдың өлеңдері» атауымен кітап жарыққа шықты. Түркиядағы қазақтармен байланысым еш уақытта үзілген емес. Өйткені соңыңда ұлым қазақ қызымен үйленді. Қазақтармен құда-құдағи болдық. Қазақтармен байланысымыз осылайша жалғасуда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет