135-C0008 Ышык Кушжу Бонненфант - Таяу Шығыс техникалық университетінің доценті
00.35-02.45
Мен қазақ диаспорасы және Қазақстанның көші-қон саясатымен докторантурада зерттеу жұмыстарын істей бастадым. Мен өзімді қысқаша таныстыра кетейін. Мен доцент, доктор Ышык Кушжу Боннефант. Мен халықаралық қатынастар кафедрасының доцентімін және оқытушысымын. Менің докторлық диссертациямның тақырыбы: «Қазақстанның бастамасымен Қазақстанға оралу. Этникалық кері оралу саясаты» болды. Осы уақытта әртүрлі елдермен салыстыру жасадым. Докторантураны Американың «Indiana» университетінде бітірдім. Ол кезеңде өте қызықты болды. Қазақстан сияқты салыстырмалы түрде жас мемлекеттің Израиль мен Германия сияқты мемлекеттік саясат жасай бастағаны өте қызық болды. Өз қандастарын, өз отандастарын атамекеніне шақыруы, қолдауы, әр түрлі елдерде тұратын қазақтарға қол ұшын беруінің мәні бар еді. 1992 жылдан басталған бұл саясаттың процесі бұны жүргізген үкімет үшін де, мемлекет үшін, елдегі халық үшін оңай болмады. Қандастар үшін интеграция, үйренісу қиын процестер болды. Менің ойымша бұл өте керемет жоба, соңғы мақаламда осы жайында да қарастырдым. Қазақстанның ұлттық, мемлекеттік құрылысына арналған орасан зор жоба.
05.40-06.57
Бұл саясаттың маңызды екі жолы бар. Бірі институционалдық және бірі құқықтық нормалар. 1992 жылдан бері институттар да, заңдар да осы мәселелерді шешу үшін дамығанын, яғни өзгеріп жатқанын көрдік. Бұл мәселелерді оңайырақ шешуге болады. Мысалы, мемлекеттегі әртүрлі мекемелер осы мәселелермен айналысып жатқанда, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы да болды. Олар өте маңызды жұмыстар жасады. Қазіргі уақытта Отандастар Қоры да құрылды. Бұл өте жақсы қадам болды.
07.45-08.10
Осы тұрғыда Қазақстанның тәуелсіздік алуы оларды рухани жағынан да зор қуанышқа бөледі. Қазақстан ұлт ретінде мемлекет болуы қазақтар үшін өте маңызды болды. Соңғы 30 жылға көз жүгіртсек, оның маңызды екенін көреміз.
11.35-11.55
Қандастар үшін туған жері, тәуелсіз мемлекеті бар екенін білу айрықша сезім. Олар диаспора ретінде жемісі болса, әр түкпірінің олар үшін бұл маңызды қолдау деп ойлаймын. Яғни өздеріне пана бола алатын олардың құқықтарын қорғайтын тәуелсіз мемлекеттің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |