|
Бер: PbI2 ерітіндісінің 18 оС ерігіштігі 8 ∙ 10-9. Тұздың ерігіштігін
|
бет | 4/4 | Дата | 16.10.2023 | өлшемі | 13,87 Kb. | | #116223 |
| Байланысты: â6 дÓÑÑÑÑÑÒ£ ÑаÒÑÑÑбÑ-engime.orgБер: PbI2 ерітіндісінің 18 оС ерігіштігі 8 ∙ 10-9. Тұздың ерігіштігін (моль /л және г/л) есептеңіз Шешуі : Тұздың ерігіштігін S (моль/л) арқылы белгілесе, онда PbI2 қаныққан ерітіндісінде S моль Pb2+ және 2S моль I⌐ иондары бар: PbI2 ↔ Pb2+ + 2I⌐ ЕКPbI2 = [Pb2+] ∙ [ I⌐]2 = S ∙ (2S)2 = 4S3 3 3 S = √ ЕК / 4 = √ 8 ∙ 10-9 / 4 = 1,3 ∙ 10-3 моль/л М(PbI2) = 461 г/моль S = 1,3 ∙ 10-3 ∙ 461 = 0,6 г/л Жауабы: S(PbI2) = 1,3 ∙ 10-3 моль/л = 0,6 г/л 4- есеп
Бер: Бірдей концентрациядағы сульфат- және хромат иондары қандай реттілікпен тұбаға түседі:
Шешуі:
Бұл жағдайда 2 реакция жүруі мүмкін:
Pb2+ + SО42- = PbSО4 Pb2+ + CгО42- = PbCrО4 ЕК бойынша алдымен реакция тұнба түзілетін, яғни Pb2+ ионының концентрациясы аз қосылыспен жүреді ЕКPbSО4 = [Pb2+ ] . [SО42- ] = 1,6 . 10-8 ЕКPbCrО4 = [Pb2+ ] . [CгО42- ] = 1,8 . 10-14
ЕК мәндерінен көрініп тұрғандай алдымен PbCrО4 түзілу реакциясы жүзеге асады.
Есептер 1. Күміс хроматының ерігіштігі 1,31 . 10-4 моль/л. Күміс хроматының ерігіштік көбейтіндісін есептеңіз. Жауабы: 9,00 . 10-12 2. Қорғасын сульфаты мен қорғасын иодидінің ерігіштігі 0,045 және 0,300 г/л тең, осы тұздардың ерігіштік көбейтіндісін есептеңіз. Жауабы: 2,2 . 10-8 ; 1,1 . 10-9 3. Көлемі 1,0 л күміс хлориді ерітіндісінде 0,00192 г AgCI ериді. AgCI-дың ерігіштік көбейтіндісін есептеңіз. Жауабы: 1,79 . 10-10 4. Стронций сульфатының ерігіштік көбейтіндісі 2,8 . 10-7 . Осы тұздың ерігіштігін анықтаңыз (моль/л) Жауабы: 5,29 . 10-4 моль/л 5. Күміс фосфатының ерігіштік көбейтіндісі 1,8 . 10-18 . Осы тұздың ерігіштігін есептеңіз (моль/л) Жауабы: 1,60 . 10-5 моль/л
Ерігіштік көбейтіндісі дегеніміз не?
Ерігіштікті қалай есептейді?
Тұнбаға түсіру және ерітудің қандай жағдайлары бар?
Әдебиет
Аналитикалық химия:Оқу құралы / П.С.Маденова.-Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 211б.
Аналитикалық химия : Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар / Б. С. Иманғалиева. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2014. - 88 бет
http://engime.org
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|