Тақырыбы: Үйілмелі жүктердің көлемді массасын және меншікті салмағын анықтау.
Сұрақтар 1. Үйілмелі жүктердің көлемді массасын қандай жолмен анықтауға болады?
2. Үйілмелі жүктердің меншікті салмағын анықтау жолдарын көрсетіңіз.
Тапсырма: Әдістемелік нұсқаудың теориялық бөлімін оқып, жүктердің жеке түрлері бойынша көлемді массасын және меншікті салмағын анықтау жолдарын қарастыру және сұрақтарға жауап беру.
Теориялық бөлімі Құрғақ жүк: үйілме (үйілмелі), ақтарма (ақтарылмалы), ыдысты дара жүктерге бөлінеді.
Үйілмелі жүктерді теміржол көлігімен үйілген күйінде тасымалдайды. Олар сусымалы қасиеті бар бөлшектерден, кесектерден тұрады. Бұндай жүктерге астық (бидай,қарабидай, тұқым), диірменде тартылған өнімдер (ұн, кебек, құрама жем, жарма және т.с.с.), тас көмір, минералдық тыңайтқыштар, цемент, руда, құм, әк, қиыршық тас және т.б. жатады (400 атаудан жоғары).
Ақтарылмалы жүктер деп вагонға тиегенде орынның санын талап етпейтін және өзінің физикалық күйінен үйілме жүктеріне жатпайтын жүктерді атайды. Оларға ағаш материалдары, тастар, металдар, металл сынықтары, әртүрлі брикеттер, болат құймалары т.б. жүктердің түрлері жатады (200 атаудан жоғары).
Үйілмелі және ақтарылмалы жүктерді жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін (ағаш, тас, көмір) және жауын-шашын әсерінен тез бұзылатын (цемент, әк, минералдық тыңайтқыштарға, қарбыз, ас қабақ, капуста) жүктерге бөледі.
Бірінші топқа жататын жүктерді ашық жылжымалы құрамда, ал екінші топтың жүктерін жабық вагондарда, хопперлерде және арнайы контейнерлерде тасымалдайды.
Үйілген және төгілген жүктер оларды теміржол көлігімен тасымалдауға қабылдау шарты бойынша бір топты құрайды. Көрсетілген жүктердің көліктік сипаттамасы келесі қасиеттерін қосады: фракциялық құрам, ылғалдылық, төгілмелік, қатып қалу, коррозиялық және де басқа спецификалық қасиеттер. Үйілмелі жүктер көліктік сипаттамасы мен спецификалық қасиеттерінен тәуелді келесі екі топтарға бөлінеді: өнеркәсіп жүктері, ауылшаруашылық жүктер.
Қатып қалатын жүктер бұл бірқалыпты ұсақ фракциялардың жүктері, олар тасымалдау барысында өз төгілгіш қасиеттерін жоғалтады. Тағайындау пункттарында қатып қалатын үйілген жүктердің сипаттамасы және сепкіштікке және ұзақтыққа қайта оралуына әсер ететін оның негізгі көрсеткіштері осы үрдістің мөлшерінен тәуелді. Төгілген жүктердің қатып қалу үрдісіндегі оларды жылдың суық уақыттында тасымалдау кезінде үш әр түрлі материалды объектілер өзара әрекеттеседі: төгілген жүк, теміржол вагоны, қоршаған орта. Қатып қалған жүкті түсіру үшін, жылытумен немесе ұсақтаумен оның төгілмелілігін қайта құру керек.
Теміржол көлігімен тасымалдау барысында ең көп жоғалту үлесті, ашық және жабық жылжымалы құрамда тасымалданатын өндірістік төгілгіш жүктер құрайды. Төгілгіш жүктердің жоғалтудың негізгі түкрлері: ұсақ фракцияларды ауа ағындарымен үрлеу; құрылыстық саңылаулар мен тығыз емес жерлерге жүктің ағылып кетуі, вагон шанағының бұзулары. Жүкті үрмелеуден қорғау үшін жоғалтуларды алдын-ала болдырмаудың тиімді тәсілі бұл жүктің үстің пленкамен жабу. Жүктердің жоғалтуына ылғалдылық, көлемдік масса, гранулометриялық құрамның біркелілік сияқты қасиеттері үлкен әсер көрсетеді.