6-практикалық тапсырма Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері


Морфологиялық жаттығулардың мақсаты



бет6/7
Дата18.05.2023
өлшемі1,45 Mb.
#94256
1   2   3   4   5   6   7

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің жаттығулар құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар; 2) Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің жаттығулар құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар; 2) Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасын оқу барысындагы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін морфемаларды саналы түрде меңгеріп алудың мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнің дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір әлементі - түбір, жұрнақ, жалғау бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы жеке мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды, соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.


Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топңа біріктіріп , жүйелеуге үйретеді. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский: "Баланық тілі шығып, сана сезімі өсе келе ол сөйлеуге (сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық формалар, сөздер күнделікті тәжірибе, үлгі арқасында өздігінен-ақ грамматикалық топтарға бөлініп қалыптаса бастайды; грамматиканық міндеті - сол тәжірибе нәтижесін қорытып, тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру", - деген болатын. Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, жіктік, тәуелдік, көптік жалғауларын меңгереді, оларды қолдана алады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қосып өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру; 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату; 4) сөздің лексикалық жағынан болсын, қалай өзгеретіндігін аңғару; 5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау; 6) ұқсас сөздерді топтастыру; 7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет