6-практикалық тапсырма Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастырудың мақсаты мен міндеттері


Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық болып бөлінеді



бет5/7
Дата18.05.2023
өлшемі1,45 Mb.
#94256
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тіл дамыту 6-практикалық тапсырма

Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық болып бөлінеді.

Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалардың дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикалық жаттығулар арқылыкейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе "С" мен "Ш", "Р" мен "Л", "Ж" мен "3" дыбыстарын шатастырып айту сияқты кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер дұрыс оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз. Бастауыш сыныптарда фонетикадан жаттығулар тек дұрыс жазумен қатар, "балалардың өдеби тіліміздің нормаларын сақтап оқуға үйренулері (орфография)үшінде пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоәпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.

Фонетикалық ойындар мен жаттығулар

КІМ НЕ ЕСТИДІ? Дидактикалық міндеті: қоршаған әлемдегі дыбыстар туралы түсінік беру. Құралдар: шымылдық, қоңырау, барабан, стақан, кәстрөл, ағаш қасық немесе ағаштан жасалған зат, шай қасығы. Мазмұны: Педагог немесе балалардың біреуі шымылдықтың артында тұрып, қоңырау соғады, қасықпен шыны стақанды, металды немесе ағаш затты соғады және т. б. Балалар дыбысты және дыбыс арқылы затты анықтайды.

ШЕШІМДІ ТАҢДА Дидактикалық міндеті: сөздің құрылымы туралы білімдерін бекіту. Құралдар: буындар және сөздер. Мазмұны. Педагог сөздерді және буындарды екі дыбыстан, содан соң үш дыбыстан араластырып айтады, мысалы: су, па, ме, то, доп және т. б. Балалар әрбір буынға немесе сөзге сәйкес құрылым бойынша карточканы көрсетеді. Кім қате жіберді, тұрады.

БУЫНДЫ ҚОС Дидактикалық міндеті: сөзді буынға бөлу механизмін қалыптастыру. Құралдар: доп, фанталар, карточкалар, Мазмұны. Балалар шеңберге тұрады, педагог буынды айтып, бір балаға допты лақтырады. Бала допты ұстап алып, бір немесе бірнеше буынды қосып, сөзді жалғастырады. Кім дұрыс айта алмаса немесе тез буынды айтпаса, фантпен төлейді. Мысалы: ас+паз, кі+тап, ба+лық, ба+ла.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет