Валюталықбақылаудың негізгі жолдары мынадай:
Өткізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және қажетті лицензиялар мен келісімдердің бар екендігін анықтау.
Мемлекет алдындағы шетел валютасында резиденттердің міндеттемелерін өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру.
Шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру.
Валюталық операциялар бойынша есеп ақпардың толықтығы мен объективтілігін тексеру.
Валюталық бақылаудың негізгі органы – ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Оның міндеттері:
Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың Қазақстанда айналу тәртібі мен сферасын анықтайды.
Резиденттер мен резиденттер емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады.
Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды.
Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер мен резидент емес тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.
Банктерге және басқа да несиелік мекемелерге валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.
Есеп беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді.
Басқа да қызметтерді орындайды.
Валюталық бақылаудың болмауы еліміздің валюталық жағдайының құлдырауына әкеліп соғар еді.
Валюталықлегеталар беруде көптеген шығындарға ұшыратты, сонымен қатар валюталық бақылаудан бартерлік операциялар арқылы жолтару кең көлемде орын алады.
Осы себептен қазірні валюталық бақылаудың көптеген кемшіліктерін табу мақсатында қосымша іс-шаралар қолдануқажет, яғни олар валюталық және кедендік заңдарды бұзған үшін жауапкершілікті күшейту қажет, сонымен қатар көптеген басқа да нормативті материялдар шығару қажет.
Жоғарыда айтылғандай, валюталық реттеу жүйесінің негізі валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты резиденттер мен резидент емес тұлғалар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заң сақтауды қамтамасыз ету болғандықтан, оның негізгі бағыттары:
Достарыңызбен бөлісу: |