6 Сабақтың тақырыбы: жоспар кіріспе


Валюталық операциялардың экономикалық негіздері



бет5/19
Дата30.11.2022
өлшемі46,69 Kb.
#54004
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
22.11. практика саба0

Валюталық операциялардың экономикалық негіздері.
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негізгі терминднрге анықтама беру қажет, соның ішінде ең негізгісі – шетел валютасы .
Шетел валютасы болып саналады:
банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері;
шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп- айырысу бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржылар.
Ал валюталық құндылықтарға:
1) Шетел валютасы.
2 )Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер
3) Бағалы металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;
4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т. б.
Қазақстан Республикасының валютасына кіреді:
айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер;
Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік мекемелеіндегі счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар.
ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем құжаттары мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы операцияларды жүргізетін субъектілерді анықтауүшін валюталық реттеу жүйесінің «резидент» пен «резидент емес» деген негізгі түсініктеріне анықтама беру қажет.
«Резидент» түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді:
ҚР территориясында тұратын тұлғалар
( белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын тұлғалар да)
ҚР заңдарына сәйкес және қР территориясында орналасқан заңды
тұлғалар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет