6-сынып Қазақ тілі Үстеу бойынша өткен тақырыптардың ережелерін есіңе түсір және тапсырмаларды орында



бет2/2
Дата13.04.2023
өлшемі26,07 Kb.
#81974
түріҚұрамы
1   2
Тапсырмалар:

1. «Біліміңді байқап көр» парағы. (Тест жұмысы)


1.Тіліміздегі қимылдың, әр түрлі белгісін, амалын, мекенін, мезгілін, себебін, т.б. сипаттарын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) зат есім Ә) үстеу Б) етістік
2. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 4 Ә) 2 Б) 3
3. Мыналардың қайсысы негізгі үстеу
А) төмен Ә) адамша Б) таңертең
4. Құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер қалай аталады?
А) күрделі үстеу Ә) негізгі үстеу
5. Мына сөздердің ішінен үстеулерді табыңыз.
А) жылдам, ерте, кеш Ә) 2 барады, келеді Б) бес, өнерлі.
6. Дара үстеуге қандай үстеулер жатады?
А) күрделі үстеу Ә) туынды және негізгі үстеу
7. Ерте, кеш, тым, аса қандай үстеулер?
А) күрделі үстеу Ә) негізгі үстеу
8. Күрделі үстеудің жұрнақтарын ата.
А) – ып, -іп, -п Ә) –ша,- ше,- лай,- лей,- дай,- дей Б) – ыс,- іс,- с
9. Мына сөйлемде қай сөз үстеудің қызметін атқарып тұр?
Биыл Әлім жоғары оқу орнына түсті.
10. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 7 Ә) 4 Б) 6

2. «Өз орнымдамын ба?» Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жаз. Сөйлемдердегі үстеулердің астын сыз.


Жайлау ерте көктеді биыл. Арада уақыт өткен біраз. Нағашым әдеттегісінен кешігіп келді бүгін. Асан ақырын әңгімелесіп келеміз екеуіміз.

3. Берілген үстеулерді құрамына қарай орналастыр.



Дара

Күрделі

Біраз, шетінен, жоғары- төмен,түгел,дереу, кешке, бүгін, етпетінен, тым,биыл, жорта, қолма-қол, аса, ерекше, жаздыгүні,төтеден, тезірек,өз-өзінен, бермен, нақ.

4. Берілген үстеуді сәйкестендір:


емін-еркін сөйледі


ақырын отырды
асыға күлді
бірте-бірте жүрді 
әрең келді
балаша үйренді
таң сәріде сөйледі

5. Күрделі үстеулерді қатыстырып еркін тақырыпта мәтін құрастыр.


Жаздыгүні, ендігәрі, , анда-санда, енді-енді, әрең-әрең, бекерге, күні бүгін, ала жаздай , ертеден қара кешке дейін т.б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет