6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет282/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   305
Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКҚ) – Кеңес мемлекетінің 1917-1946 жылдар аралығындағы жоғарғы 
атқарушы және жарлық етуші органы (үкіметі). 1946 жылы Министрлер Кеңесі болып қайта құрылды.
Халық миграциясы – тұрғылықты орнын ауыстыруға байланысты адамдардың қоныс аударуы. 
Халықшылар – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы төңкерісшілдер. 
Хан, қаған – тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы. 
Ханақа – дін жолын ұстаған тақуалар мен кезбе дәруіштер үшін салынған қонақ үйі 
Харадж – феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық. 
Хорунжий – казак әскерінің төменгі офицерлік шені, жаяу әскердегі подпоручик немесе атты әскердегі корнет 
шеніне сәйкес келеді. Қазіргі армиядағы лейтенант атағы. 
Целлюлоза – қағаз, жұқа пленка, т.б. бұйымдар өндірілетін табиғи өнім. 
Ценз (лат. census) – статистикалық халық санағының ескіліктегі атауы. Онда азаматтардың дүние-мүлкі, 
қоғамдағы әлеуметтік, саяси орны, әскери қызметі көрсетілді. 
Цитадель (қамал) – ортағасырлық қалалардың бекініс құрылыстарымен қоршалған орталық әкімшілік бөлігі. 
Чехословак корпусы – Бірінші дүниежүзілік соғыста қолға түскен 45 мыңдай соғыс тұтқындарынан құралған, 
Еділ бойы, Орал мен Сібір жерінде орналасқан корпус. 
Шағатай тілі – бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі. 
Шад – Түрік қағанаты ақсүйектеріне берілетін лауазым. 
Шанышқы – ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын 
құрал. 
Шаньюй – Ғұн мемлекеті билеушісінің лауазымы. 
Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі. 
Шапан – қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігілген сырт киім. 
Шапқы жұмыр тастың екі жағында өңдеп, ұшын үшкірлеп жасаған ерте палеолитте кең тараған қару. 
Шапқының ұзындығы – 10-20 см, салмағы 0,5-2 килограмдай болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет