6-сынып Тас дәуірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Шариғат – мұсылмандық құқық.  Шаруа бастығы



Pdf көрінісі
бет283/305
Дата26.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#40235
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   305
Шариғат – мұсылмандық құқық. 
Шаруа бастығы – лауазымды әкімшілік қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгізілді. Ондағы мақсат Ресейден 
қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондай-ақ жергілікті қазақтарды басқару болатын. 
Шаруалар – жеке-дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері. КСРО –дағы 
шаруалардың негізгі бұқарасы 135 жеке тап ретінде ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұжымдастыру кезеңінде 
жойылды. 
Шаруашылық есеп – кәсіпорындарда шаруашылықты жоспарлы жүргізу әдісі, ол өндірістің өнім өндіруде 
жұмсалатын шығындары мен нәтижелерін салыстыруға, шығындардың орнын өз табыстарының есебінен 
толтыруға және өндірістің тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген. Шаруашылық есептегі кәсіпорын 
шаруашылық есебін жүргізуде өз дербестігін сақтайды. 
Шахристан – ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені. 
Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі, тарихи жылнама. 
Шекшек ата – ешкі түлігінің пірі. 
Шерби – ұлыс істерін басқаратын қызметшілер. 
Шикі кесек – малдың қиы мен сабан араластырып иленген балшықтан құйылған кірпіш. 
Шовинизм – ұлтшылдық саясаттың бір бағыты. 
Шопан ата – қой түлігінің пірі. 
Шылбыр – салт аттың жүрегіне тағылатын бас жіп. Шылбыр тек жылқы малына ғана тән. 
Шыңғыснама – Шыңғыс хан және оның ұрпақтары жайлы жазылған шежіре. 
Інжу – монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі. 
Эвакуация – көшіру, соғыс жағдайында кәсіпорындарды тылға көшіру. 
Экология – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін ғылым. 


Экономикалық аудан – жалпы ел аумағының тұтастай бірігіп жатқан ірі бөлігі. 
Экономикалық дағдарыс – өндірістің бүкіл қайшылықтарының аяқ астынан пайда болуын сипаттайтын 
экономикалық цикл фазасы. Сұраныс қабілетінің аздығына қарамай тауардың артық өндірілуі, өндірістің шұғыл 
қысқаруы және өндірістік аппараттың толық пайдаланылмауының күшеюі, өндіргіш күштердің бүлінуі, 
бағаның құнсыздануы, жұмыссыздықтың өсуі, жұмысшылардың нақты жалақысының және еңбекші шаруаның 
табыстарының төмендеуі, ұсақ өндірушілердің жаппай күйзеліске ұшырауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет