Экспансия – басқа елдерді экономикалық және саяси жағынан бағындыруға, бөтен аймақтарды басып алуға
бағытталған саясат.
Экспорт – шетелдерге тауар шығару, импортқа қарама-қарсы ұғым.
Экспроприация – еркінен тыс мүлкінен айыру.
Элита – қоғамның қандай да бір бөлігінің неғұрлым көрнекті өкілдері.
Эмиграция (лат. emigro – кетемін) – азаматтардың өз елінен басқа елге саяси, экономикалық т.б. себептерге
байланысты тұрақты өмір сүру үшін кетуі.
Эмиссия – ақшаны немесе құнды қағаздарды айналысқа қосу.
Энеолит – б.з.б. 3-2 мыңжылдықта адам баласы мыстан жасалған құралдарды игере бастаған, неолит пен қола
дәуірі арасындағы өтпелі кезең.
Энтузиязм – құлшыныс, ықылас.
Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу.
Эпос – ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін эпикалық сипатта жан-жақты суреттейтін жанр.
Эрозия – белгілі бер нәрсенің беткі қабатының бүлінуі.
Эрозия – қандай да бір нірсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үдерісі.
Эсерлер – көп санды және ықпалды революцияшыл партиялардың бірі, социалист-революционерлер партиясы.
Этнос – халық, ұлыс, ұлт, этникалық қауымдастық. Жеке топ ретінде қалыптасқан ұлт
Этникалық қауымдастық – адамдардың әлеуметтік тұрақты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт т.б. түрінде ерекше
тарихи жағдайларда қалыптасты.
Этникалық сана – жеке адамдардың белгілі бір этникалық ортақтыққа жататынын түсінуі.
Этногенез – әртүрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың
қалыптасуы.
Этногенез – ежелден келе жатқан этнографиялық, лингвистикалық және антропологиялық ерекшіліктері мен
әртүрлі этникалық компоненттер негізіндегі жаңа этникалық қауымдастықтың қалыптасу үдерісі.
Этнография – әртүрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым. Этнография грекше «этнос» - халық,
«графо» - жазамын деген мағынаны білдіреді.
Этнодемография (грек. ethnos – халық, dermos – халық және grapho – жазамын) – этностардың табиғи өсуін
және олардың санының динамикалық ерекшіліктерін зерттеуші этнография (этнология) мен демографияның
түйісуіндегі ғылыми пән.