6. Сұйық дәрілік қалыптар. Анықтамасы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Тазартылған су. Талаптар. Суды дайындау. Дәріхана жағдайында тазартылған суды алу. Сапасын бақылау. Сақтау.Құрал-жабдықтар



бет2/7
Дата16.12.2023
өлшемі25,91 Kb.
#140233
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОФТ 6-10 теория

Дәріханада тазартылған суды алу бөлек бөлмеде арнайы қондырғыларды қолдану арқылы құбырдағы суды айдау тәсілімен жүргізіледі.Тазартылған судың сапасына бастапқы құбырдағы ауыз суының құрамы, дистилляторлардың конструкциясының ерекшеліктері әсер етеді. Механикалық қоспалардан тазарту тұндыру немесе фильтрлеу арқылы жүргізіледі. Құрамында көп мөлшерде органикалық қосылыстары бар ауыз суын, дистилляциялау алдында оған калий перманганатының 1%-дық ерітіндісін (25 мл-ден әр 10 литр суға) қосу және 6-8 сағатқа тұндырып қалдыру арқылы өңдейді.
Суда, оған уақытша және тұрақты кермектілік беретін, кальций және магний тұздарының болмағаны дұрыс, себебі, суды дистилляциялау кезінде буландырғыштың қабырғасында қақ түзіледі. Судың уақытша кермектілігі кальций және магний гидрокарбонаттарының болуымен түсіндіріледі. Олардан суды қайнату арқылы тазартуға болады, гидрокарбонат карбонатқа айналып, тұнбаға түседі, оны сүзеді.

7.Еріткіштер.Сипаттамасы. Дәрілік заттардын еруіне әсер ететін факторлар.Еру процесін интенсификациялау жолдары. Сузу- ерітінділерді механикалық қоспалардан тазарту тәсілі ретінде.Қурал-жабдықтар.
Еріткіштер — әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары. Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы жоғары бөлікті айтады.
Еріткіштер: сулы - тазартылған су; бейсу - ұшқыш және ұшқыш емес еріткіштер болып бөлінеді. Ұшқыш еріткіштерге этил спирті (этанол), эфир, хлороформ жатады; Ұшқыш емес еріткіштерге өсімдік майлары, глицерин, этиленгликоль, пропиленгликоль, кремний органикалық қосылыстар жатады.
Еріткіштерді бейорганикалық еріткіштер және органикалық еріткіштер деп екі топқа бөледі. бейорганикалық еріткіштерге су, ал органикалық еріткіштерге спирт, эфир, кетондар және олардың қосылыстары жатады. Органикалық еріткіштердің көбісі өте ұшқыш, улы болады. Сонымен қатар еріткіштерді полюсті және полюссіз, төмен және жоғары температурада қайнайтын, т.б. деп ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет