6. Сұйық дәрілік қалыптар. Анықтамасы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Тазартылған су. Талаптар. Суды дайындау. Дәріхана жағдайында тазартылған суды алу. Сапасын бақылау. Сақтау.Құрал-жабдықтар


Сусыз ерітінділерге қойылатын талаптар



бет5/7
Дата16.12.2023
өлшемі25,91 Kb.
#140233
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОФТ 6-10 теория

Сусыз ерітінділерге қойылатын талаптар:
- қажетті әсер алу үшін медициналық белгіленуіне сәйкестігі;
- дәрілік заттардың толық еруі;
- механикалық қоспалардың болмауы;
- дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына сәйкестігі;
- сақталу кезіндегі тұрақтылығы.
Сусыз ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштер олардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу еріткіштер деп бөлінеді:
- Ұшқыш еріткіштерге этанол (шартты түрде бейсу еріткішке жатқызады, себебі, тәжірибеде абсолютті этанол емес, оның спиртті-сулы ерітінділері қолданылады.), эфир, хлороформ жатады. Дәріхана практикасында кеңінен этанол қолданылады.
- Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы, соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады.
Қазіргі кезде ерітінділер технологиясында күрделі еріткіштер: глицерин-этанол, глицерин-димексид, глицерин-су және т.б. қолдану тенденциясы байқалады. Күрделі ерітінділерді қолдану дәрілік түрде ерігіштігі әртүрлі дәрілік заттарды біріктіруге, сонымен бірге, бейсу еріткіштерді бір мезетте емдік әсер көрсетуге және қосымша зат ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Сусыз ерітінділерінің технологиясы:
- еріту,
- фильтрлеу,
- орамдау,
- безендіру сатыларынан тұрады.
Технологиясының ерекшеліктері:
- ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды;
- құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып, басқа еріткішпен араласпайтын дәрілік заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;
- құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті салады. Себебі мойны ылғалданған құтыға затты салу қиын, көп мөлшердегі, көлемді дәрілік заттарды (ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады;
- сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда ғана құрғақ мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді.

10.Тамшылар - дәрілік қалып ретінде.Дәріханалық жағдайда ішуге және сыртқа қолдануга арналған тамшылар технологиясы.Сапасын бақылау.
Тамшылар - бұл аз мөлшерде жазылған немесе тамшылармен мөлшерленген ішкі және сыртқы қолдануға арналған сұйық дәрілік формалар. Тамшы түрінде дәрілік заттардың сулы, майлы, глицеринді және спиртті ерітінділері, сонымен бірге тұндырмалар, сұйық экстракттар және басқа препараттар жазылады.
Тамшымен дозалау - осы дәрілік түрдің жалғыз ерекшелігі. Тамшылар аз мөлшерде тағайындалады: 5-тен 30 мл-ге дейін. Оларды жеке топқа бөлу себебі - құрамындағы дәрілік заттардың реттік дозасы, дәрілік препараттан бірнеше тамшы қолданғанда алынатын концентрацияда беріледі. Тамшы массасы тамшы өлшегіштің ішкі және сыртқы диаметрлерінің өлшемдеріне, сұйықтықтың беттік керілуіне, тамшы өлшегіштің орнына, температураға және тамшы түзетін бетінің жиілігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет