6. Сұйық дәрілік қалыптар. Анықтамасы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Тазартылған су. Талаптар. Суды дайындау. Дәріхана жағдайында тазартылған суды алу. Сапасын бақылау. Сақтау.Құрал-жабдықтар



бет4/7
Дата16.12.2023
өлшемі25,91 Kb.
#140233
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ОФТ 6-10 теория

Концентрлі ерітінділер - дәрілік заттың мөлшері рецептіде жазылған мөлшерінен әлдеқайда жоғары, белгілі концентрациядағы жұмысшы ерітінділер. Дәріханаларда концентрлі ерітінділердің қоры дайындалады және олар жартылай фабрикат рөлін атқарады. Қажет болған жағдайда осы жартылай фабрикаттарды еріткіштің сәйкес мөлшерімен сұйылтып, дәрілік түр құрамында қолданылатын қарапайым ерітіндіге айналдырады.
Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтары:
1. Дайын дәрілік түрлердің сапасын арттырады, себебі, концентрлі ерітінділер сапалық және сандық талдаудан өтеді, қажет болғанда олардың концентрациясын нығайтады немесе сұйылтады.
2. Фармацевтің жұмысын жеңілдетеді.
3. Науқасқа дәрілік препаратты босатуды жылдамдатады, енбек өнімділігін арттырады.
Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда және жаңа айдалған суда дайындалады. Концентрлі ерітінділерді дайындаған кезде, оның концентрациясы қаныққан концентрацияға жетпеуі керек, себебі, температура төмендеген кезде, еріген зат тұнбаға түсуі мүмкін.
Ерітінділердің концентрациясы қажетті концентрацияға сәйкес болмаса, онда оларды нығайтады немесе сұйылтады.
Сулы дисперстік ортасы бар сұйық дәрілік түрлерді дайындаған кезде, ең алдымен есептелген, өлшенген (тазартылған, шаншуға арналған немесе хош иісті) суда, ерігіштігін және өзара әрекеттесуін ескере отырып, қатты дәрілік және қосымша заттар ерітіледі.

9.Сусыз ерітінділер. Сипаттамасы.Жіктелуі,дәріхана жағдайында дайындаудын технологиялық сызбасы.
Сусыз ерітінділері - құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрілік түр.
Еріткіш ретінде сусыз ерітінділерінде сусыз еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т.б.) қолданылады.Сусыз еріткіштерінің қолданылуы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген.
Сусыз ерітінділері сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерге жатады: кілегей қабаттарға жағуға, тері қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция жасауға арналған ерітінділер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет