6. Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту Тақырыптың негізгі сұрақтары: Дидактика – оқыту және білім беру теориясы



бет8/17
Дата25.11.2023
өлшемі59,71 Kb.
#126813
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Қали Жұлдыз екі шет тілі 12-13

Берiктiк принципi. Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi: оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi, уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте сақталады. Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет. - Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру. - Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету. - Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында сақтату. - Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру. - Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру. - Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқутаным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. - Бiлiмнiң берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу. - Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау. - Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану. - Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру. - Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу. - Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру. - Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу. Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету. Оқыту процесінң міндеттері ( білімділік, тәрбиелік дамытушылық) сипаттама.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет