6. Тақырып: Тұтас педагогикалық процестегі оқыту Тақырыптың негізгі сұрақтары: Дидактика – оқыту және білім беру теориясы


Саналылық пен белсендiлiк принципi



бет7/17
Дата25.11.2023
өлшемі59,71 Kb.
#126813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Саналылық пен белсендiлiк принципi. Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi, ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз. Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады. - Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын назарға алу. - Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн қамтамасыз ету. - Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн негiзге алу. - Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау. - Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi ақпаратпен ұштастыра бiлу. - өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру. - Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу. - Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру. - Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру. - Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.
Көрнекiлiк принципi. Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез, берiк есте сақтайды. Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету, қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк. - ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн - оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу. - Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету. - Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету. - Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн, көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады. - Көрнекiлiк - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретiнде пайдаланылады. - Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемiн, түр-түсiн байқап, көзiмен көруге жəне əр түрлi дыбысын естуге жағдай туғызу. - Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да қолданылады. - Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс дағдыларын қалыптастырады. - Көрнекiлiк бақылай бiлуге, салыстыру, қатар қоя бiлуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетiлдiруге жол ашады. - Көрнекiлiктi оқытудың белгiлi мақсатына сай қолдану. - Көрнекiлiк құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтiндей, кейiн бас жəне қосалқы бөлшектерiн, соңында тағы бүтiндей көрсету керек. - Көрнекiлiктi оқушылармен бiрiгiп жасау. -Көрнекi құралдарын оқу пəндерiнде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным ерекшелiктерiн ескере отыра пайдалану. - Көрнекiлiктердi қолдануда сан емес сапасына көңiл аудару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет