7.Тақырып: Оқытудың заңдылықтары және қағидалары Тақырыптың негізгі сұрақтары: Оқытудың заңдылықтары және қағидалары, құрылымы, негізгі кезеңдері.
Оқыту процесiн iске асыру белгiлi бiр заңдылық-тарды меңгеру негiзiнде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы объектiлi, маңызды, қажеттi, жалпы, берiк, белгiлi жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы бар объектiлер, байланыстың түрi, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп бiлемiз. Оқыту процесiнiң заңдылықтары оның тұтастығын дəлелдейдi. Оқыту заңдылықтары сыртқы жəне iшкi, жалпы жəне жеке деп бөлiнедi. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-əлеуметтiк жағдайлардан тəуелдiлiгiн сипаттайды. Iшкi заңдылықтар оқытудың мақсаты, əдiстерi, құралдары, түрлерi арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкiл оқыту жүйесiн қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесiнiң нақты, жеке бөлiктерiн қамтиды. Оқыту процесiнiң жалпы заңдылықтары: 1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерi қоғам талабына, мүмкiндiктерiне, педагогика ғылымының даму деңгейiне тəуелдi. 2. Бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту өзара байланысты. 3. Оқушының таным белсендiлiгi артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды. 4. Оқытудың тиiмдiлiгi керi байланысқа, қайталауға, түзету iс-əрекеттерiне тəуелдi. 5. Əрбiр тұлғаның жас жəне дара ерекшелiктерiне байланысты таным əрекетiн ұйымдастыру. 6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерiнiң өзгерiп, жаңарып, толықтырылуы. Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады. Оқытудың негiзгi заңдары: - Қоғамдық қатынастар, əлеуметтiк құрылыс пен əлеуметтiк тапсырыс тəрбие мен оқыту жүйесiн қалып-тастыруға ықпал етуi туралы заң. - Бiлiм алу, iс-əрекет жолдарын меңгеру жəне тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң. - Педагогикалық процестiң бөлiктерiнiң бiрлiгi жəне бiртұтастығы туралы заң. - Оқытуда теория мен тəжiрибе бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң. - Оқу iс-əрекетiнiң жеке жəне ұжымдық түрлерiнiң бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң. Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негiзгi бөлiктерi болып келедi. Кейбiр зерттеушiлер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пiкiрдi бiлдiредi. Жоғарыда аталған педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар терiс пiкiрлердi жоққа шығарады. (Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М. Педагогика Оқу құралы 67-бет) Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:
- ғылымилық,
- саналылық пен белсендiлiк
- көрнекiлiк
- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк
- берiктiлiк
Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады. Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз. Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибе-нiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады. Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принцип-тер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық ролi; ынталан-дыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi. Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.