60х84 1-8 Сарыбаев indd


ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. ДИАЛЕКТОЛОГИЯ


бет34/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. ДИАЛЕКТОЛОГИЯ. 
ТҮРКІТАНУ 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ:
ЖЕРГІЛІКТІ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ БЕРІЛУІ
Алдаш А. 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, 
филол. ғ. д.,
 
профессор
Соңғы жылдары қазақ тілтанымы үшін қазақ тілін жаңғырту (тілді реформалау 
деген салмағы бар термин де қолданылып келеді) жолындағы жұмыстар ғылыми-
зерттеу бағыттарының бастысы ретінде ілгері шығарылды. Тілді жаңғырту жайы 
тілді зерттеу салаларының барлығын дерлік қамтиды. Дей тұрсақ та қазірге дейін-
гі қолданыстағы тілдің ахуалын, жарық көрген іргелі және қолданбалы еңбектерді 
ұлттық болмыс, ұлттық код аспектілерінен тағы бір мәрте қайыра зерделеу жолын-
дағы жұмыстардың ең өзектісі қазақ тілінің толығу, тілдің барлық әлеуетін пайдала-
ну мәселесіне барып тіреледі. Бұл ретте сындарлы, байыпты жұмыстар жүргізіліп 
келеді. Ал тілдің барлық әлеуетінің көрініс табатын, тіркелетін жүйесі лексикогра-
фиялық еңбектер екендігі белгілі. 
Лексикографиялық еңбектердің қатарында әсіресе орфографиялық сөздік ма-
ңызды орын алады. Орфографиялық сөздік (әрі қарай – ОС) үшін басты ұстаным 
– сөздің жазылу нормасын, емлесін, сөздің айтылудан айырмашылығын көрсету. 
Орфографиялық сөздік түсіндірме, екітілді терминологиялық, диалектологиялық 
сөздіктердің көшірмесі емес. Алайда орфографиялық сөздікте қазақ тілінің байлы-
ғы, сөздік қоры мүмкіндігінше қамтылуы тиіс. Аталған мәселелерге қатысты анық-
тай түсетін екі жайт бар. Біріншіден, сөздің жазылу нормасы, сөздің жазылуы мен 
айтылуы арасындағы айырмашылық белгіленетін, яғни жазу нормасын танытатын 
ОС жыл аралата жиі шығарылып тұруы тиіс; дамыған тілдердегі тәжірибе осындай. 
Бұлай болуының басты себебі ОС дәл бір кезеңдегі тілдің нақты қолданысын си-
паттайтын жүйе болып саналады, ал тіл өзі өмір сүріп отырған мерзімде негізінен 
сыртқы лингвистикалық факторлардың ықпалымен әралуан өзгерістерге ұшырай-
ды; өзгерістер тілдің нормалану динамикасына әсер етеді; алдыңғы тұста норма деп 
танылғанның норма ретінде басымдығы күшті вариациялары пайда болады. Демек, 
ОС тілді пайдаланушының тілді қолданысын әрдайым ескеріп отыруы керек. Бұл 
жөнінде шетел ғалымы Ю. Н. Караулов «адам және сөздік, сөздіктің ішіндегі адам 
(тілді қолданушы)» тезисін ұсынды [1, 26-27]. Осыған байланысты ОС үшін сөзді 
іріктеудің межелері ретінде нормативті, қолданыс жиілігі межесі, ғылыми меже тә-
різді негізгі параметрлердің басшылыққа алынуы маңызды. Сондай-ақ фонетика-
лық-орфографиялық ақпараттың толық қамтылуы, грамматикалық, стилистикалық, 
семантикалық, экстралингвистикалық ақпарат көрсетілуі іріктелген сөздерді тіркеу 
үшін негізгі межелер болып саналады. Екіншіден, ОС тізбесінде тілдің байлығы 


65
мүмкіндігінше толық қамтылуы тиіс дегенге байланысты атап өтерлік жайт – шын 
мәнінде ОС құрамында жаңа сөз, ғылыми-техникалық термин, диалектизм мен кә-
сіби лексика, сирек қолданылатын сөз, этнографиялық атаулар беріледі және тірке-
луі керек. Ал олардың іріктелуіне қатысты межелер жоғарыда көрсетілді. 
Қоғам дамуының сыртқы байланыстардың, еңбек қарым-қатынастарының қар-
қынды өзгермелілігіне қарай пайда болатын тың ұғым-түсініктерді берудің, сол ар-
қылы қазақ әдеби тілінің сөздік құрамының толығуының басты көзі жергілікті тіл 
ерекшеліктері мен кәсіби лексика екендігі белгілі. 
Көрнекті ғалым, ұстаз, академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың жергілікті тіл 
ерекшеліктерінің күллі табиғаты туралы мағлұмат беретін қазақ тілтанымындағы 
еңбектері айрықша маңызға ие. 1956 жылдан басталатын, жарты ғасырдан астам 
мерзім бойында осы мәселеге арналған іргелі, ғылыми және лексикографиялық ең-
бектерінде ғалым диалектілік ерекшеліктер мен кәсіби лексиканың (ғалым тұжы-
рымдарына қарағанда, жергілікті тіл мен кәсіби лексиканың арасында айтарлықтай 
айырмашылық жоқ) әсіресе әдеби тілге қарым-қатысын ғылыми тұрғыдан нақтыла-
ды. «Проблема диалектно-литературного контактирования, взаймодействие казахс-
ких диалектов и литературного языка мало изучена... . Диалектную лексику сточки 
зрения обогащения или засорения нормализованного языка можно разделить на две 
большие группы: слова, засоряющие язык и слова, обогащающего его» – деп жазды 
ғалым соңғы еңбектерінің бірінде [2, 66]. Ғалым зерттеулерінің нәтижесінде әдеби 
тіл құрамына мердігер, сүдігер, жозы, үшем, төртем, пиала, күләпара, әтір сияқ-
ты сөздермен қатар кәсіби лексика мен өсімдіктердің жергілікті жерлерде қолданы-
латын атаулары (ғылыми меже арқылы) ОС құрамына тіркелді. 
Орфографиялық сөздікке жергілікті тіл ерекшеліктері енгізіледі, ал оларды ОС-
тың сөзтізбе құрамына жергілікті тіл ерекшеліктерінің қайсысының тіркелетінін 
анықтайтын бірнеше параметрлер бар. Ең алдымен, жоғарыда аталғанындай, жер-
гілікті тіл ерекшеліктерінің және кәсіби лексиканың ішінде әдеби тіл айналымына 
қосылуға икемдісі – құрал-жабдықтың, зат пен бұйымның атаулары. Әсіресе бұл 
қазіргі тұста қазақ терминжасамы үшін тіл байлығын пайдалануда тиімді қайнар-
көз болып саналады. Сонымен қатар қазақ классиктерінің шығармаларында көркем 
туынды атқаратын сан түрлі функцияға – оқиға ерекшелігіне, кейіпкер колориті-
не байланысты жергілікті тіл ерекшеліктерінің біразы образды, эмоцияны жеткізу 
мақсатында қолданыла алады. Осындай диалектизмдер бірнеше автордың шығар-
маларында кездеседі, яғни қолданыс жиілігі арта түседі, әдеби тілдегі баламаны 
бейтарап стильдің тілдік бірлігіне қарай ығыстыра түсіп, образды синонимдік қатар 
құрайды. Сөйтіп, олар қолданыс жиілігі межесін ұстану арқылы және фонетика-
лық-орфографиялық, стильдік ақпаратты қамтыған жағдайда ОС құрамына ену-
ге мүмкіндік алады. Осындай себептерге байланысты ОС түзуде диалектизмдерді 
іріктеу үшін қолданыстық меже мен ғылыми межеге назар аударылады. Соңғы Ор-
фографиялық сөздік (2013) материалдарын ішінара талдау нәтижесінен мәліметтер 
беріліп отыр. 
Стастикалық талдау бойынша 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет