«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дү- ниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыра- са, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді» [3: 141]. Бұл жолдар
қазақ тіл білімінің негізін салушы, түркітанушы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым,
педагог, аудармашы публицист қоғам қайраткері Ақымет Байтұрсынұлына тиесілі.
Тілді қарым-қатынас құралы ғана емес, адамды басқа жаратылыстардан ерекше-
лейтін, АДАМ ететін адамдық белгісінің ең мықтысы екендігін дөп басып айтып
өтті. Және де қазіргі таңда адам адамды қарумен емес, сөзімен жеңетінін түсініп,
тілдің қару екеніне мән берген. Әрине сөздің артында білім тұрғандығы түсінікті.
Тілдің қаншалықты маңызды екендігін көрсете отырып, жазудың маңыздылығы-
ның тіл маңызынан кем емес екенін жеткізіп отыр.
Ақымет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық әліпбиін алғаш жасап шығарған ре-
форматор. Қазақ грамматикасы бойынша терминдер атауларын алғаш қазақи етіп
жасап, ұсынушы. Қазақ балаларының сауатын ашуға арналған «Оқу құралы» (1912),
«Тіл құралы» (1914), ересектердің сауатын ашуға арналған «Әліпби» (1924), «Жаңа
әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектердің авторы.
Ақымет Байтұрсынұлы – қазақ грамматологиясының негізін қалаушы ғалым.
Бұлай деуімізге негіз бар. Алдын айтып өткеніміздей, грамматология жазудың не
екендігін, яғни, анықтамасын, типологиясын, жазу мен сөйлеудің байланысын қа-
растырады. Ал, қазақ ғалымдарының ішінен жазу дегеніміз не, жазу мен сөйлеудің
айырмашылығы қандай, тіпті жазу мен оқудың байланысы жайлы алғаш пікір біл-
дірген, қазақ тіліне жазуы ыңғайлы болу үшін қазақ тілі заңдылықтарына сай келе-
тін ұлттық әліпбиін жасаған қазақ ғалымы Ақымет Байтұрсынов болды. Сөзіміздің
дәйектілігін Ақымет Байтұрсыновтың тұжырымдарын жіктей отырып, бірнеше жү-
йеге бөлу арқылы келтіргіміз келеді: жазу және сөйлеу; жазу және дыбыс; жазу және оқу; жазу типологиясы; жазу және емле; жазу және жазуда қолданатын белгілер. Жазу және сөйлеу. «Біздің заманымыз – жазудың заманы: жазумен сөйлесу