60х84 1-8 Сарыбаев indd


«Ұлы дала тұлғалары: академик Шора Сарыбаев және ұлттық тіл-


бет2/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

«Ұлы дала тұлғалары: академик Шора Сарыбаев және ұлттық тіл-
таным тағылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары 
енгізілді. 
Жинаққа енген материалдар филологиялық ғылым бағытындағы өзекті мәселелерді 
қамтиды. Кітап тіл білімімен айналысып жүрген мамандарға, филология факультеттері-
нің докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне, сондай-ақ көпшілік қауымға 
арналған. 
УДК 811.512.122
ББК 81 2 қаз
Ұ 36
ISBN 978-601-7608-00-2
УДК 811.512.122
ББК 81 2 қаз
© А. Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институты., 2020
© «Қазақ кітабы» баспасы, 2020


3
АЛҒЫ СӨЗ
Қадірменді зиялы қауым, қадірлі әріптестер!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты үлкен, бағ-
дарламалық мақалаларында көрсетілген игі бастамаларын жүзеге асыру мақса-
тында жасалып жатқан іс-шаралар ұшан теңіз. Солардың бірі – ұлттық тілтаным 
тағылымдарын зерделеу, елдік, халықтық игі нышандарымызды айғақтап, игілік-
тің тұма бұлақтарының көзін ашу, ұлтжандылық пен адамгершілікті байрақ етіп, 
ұлттық тілімізді, ділімізді дамыту жолында ересен еңбек сіңірген тұлғаларымызды 
елге таныту ісі болмақ. Осы мақсатқа жету жолында А. Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институты ғалымдары тарапынан жүзеге асырылып келе жатқан «Ұлы 
дала тұлғалары» атты ғылыми-танымдық жобаның берері көп. Аталмыш жобаның 
аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының, профессор Құдайберген Жұбанов-
тың, құрылтайшы-академик Ісмет Кеңесбаевтың, академик Нығмет Сауранбаев-
тың, академик Мәулен Балақаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылығына 
арналған танымдық еңбектер жарық көрді. 
«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор 
болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және бо-
лашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі осы» деп елба-
сымыз айтқандай, соңғы жылдарда үш құрдас академиктердің – Әбдуали Қайдар, 
Рабиға Сыздық және Шора Сарыбаевтың ғылыми мұраларын зерделеу ісі кешенді 
түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы Ә. Қайдар мен Р. Сыздық тұлғасын ашуға қыз-
мет ететін ғылыми жиындар, конференциялар болып өтті. Олардың ғылыми сабақ-
тарын саралау үстіндеміз. 
Бүгінгі күні академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың 95 жылдығын атап өт-
келі отырмыз. Осыған орай «Ұлы дала тұлғалары: академик Шора Сарыбаев және 
ұлттық тілтаным тағылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция 
өткізу ісі қолға алынып отыр. 
Шора Шамғалиұлы – қазақ ұлттық тілтаным негіздерін, оның тіл тарихы, диалек-
тология, грамматика, лексикология, лексикография, тіл мәдениеті, терминология са-
лаларын білімпаздықпен дамыта отырып, жалпы түркітаным мен алтайтанымның 
күрделі мәселелерін көтерген, қазақ-маңғол тілдерінің туыстығын алғашқылардың 
бірі болып дәлелдеген, қазақ тіл білімі бойынша білікті шәкірттер тәрбиелеп, өзінің 
мектебін қалыптастырған 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет