215
Ауру-сырқаттың нәтижесі, салдары: тыртық – заживший шрам, ру бец; жара
– рана; жарықбас – ложбина; тыртықтанбақ – зарубцеваться; жарым жан – калека;
жазылмақ – 1) записаться, 2) исцеляться, выздороветь; тер – пот; жөтелтпек – выз-
вать кашель; солтақтық – хромота; солбыраймақ – проявлять вялость; сырқырамақ
– ломать (о боли в костях); сіңір тартылмақ – подвергнуться нервной спазме (о мус-
кулах); сіңірленбек – превратиться в сухожилие; қабынбақ – задыхаться; құрыспақ
– 1)съеживаться, 2) судорожно сокращаться, 3) мор щиться; күс – мозоль және т. с. с.
Медицина терминдерінің бәрі де ұлттық танымға негізделген. Тұжырымымыз-
дың дәлелі ретінде төмендегі бірліктерді келтіруге болады:
Ықылық – икота; ықылықтамақ – икать; ықылық атпақ – икать (об умира ю-
щем)
Тоңғақ – кал новорожденного; тоңғақтамақ – испражняться (о новорожденном
Сілекей – слюна; сілекейлі – слюнявый
Сілемей – текущая слюна; сілемейлемек – обслюнить
Сөздік тізушілер қазақы танымға сәйкес әр сөздің мағынасын нақты көрсете біл-
ген. Ұядағы бір түбірден тарайтын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасындағы
айырмашылық анық көрсетілген. Қазіргі кезде
сілекей және
сілемей сөздері бірінің
орнына бірі қолданылып жүр. Алайда сөздік құрастырушылардың дефинициясын
оқып, білген соң ол сөздердің әрқайсысының мағыналық ерекшелігі барын бай-
қаймыз. Яғни
сілемей – сілекейдің ағып тұратын түрі. Сол сияқты
ықылықтау сөзі
мен
ықылық ату тіркесі де бірінің орнына бірі жұмсала бермейді екен.
Ықылықтау
– бірнеше рет қайталанған әдеттегі іс-әрекетті білдірсе,
ықылық ату – жан тапсы-
рар алдындағы соңғы сәттер. Сол сияқты
солық – тяжелое дыхание; солықтамақ
– едва дышать от усталости сияқты тілдік бірліктерді де қазіргі кезде қолданыс-
қа әбден енгізуге болады. Тілімізде
солығын басты, солығын баса алмай жылады
т. с. с. тіркестерде ғана кездесетін
солық сөзінің түпкі мағынасы «Тілмашта» нақты
көрсетілген. Мұндай анықтамалар этимологиялық талдаулар үшін де өте маңыз-
ды.
Жоғарыда келтірілген атауларды қазіргі кезде де медицина термині ретінде пай-
далануға әбден болады (бірқатары қолданылып та келеді). Сөздіктен бүгінгі таңда
баламасы табылмай жүрген көптеген атауларлы табуға болады. «Қазақша-орысша
тілмашқа» редакторлық еткен Қ. Кемеңгерұлы сөздік жұмысына араласқанға дейін
Омбыдағы ветеринарлық-фельдшерлік
мектепте, Батыс Сібір мемлекеттік меди-
цина институтының медицина бөлімінде, Орта Азия мемлекеттік университетінің
медицина факультетінде оқыған. Сол себепті тілмашта медицина терминдері сәтті
шыққан. Әрине, «терминдердің бәрін де құрастырушылар ойлап шығарған» деген
ойдан аулақпыз. Сөздік түзушілер 1923-1924 жылдары «Қызыл Қазақстан» жур-
налында «Білім ордасының қазақша ғылыми-әдебиет
кеңесінде қабылдап алын-
ған пән сөздері» деген айдармен жарық көрген терминдерді, жекелеген оқулықтар
(«Оқу құралы», «Тіл-құрал» т. с. с. А. Байтұрсынұлы еңбектері т. б.) арқылы әбден
тұрақталған атауларды, мерзімді баспасөз бетінде жүйелі қолданылу нәтижесінде
қалыптаса бастаған терминдерді де негізге алған. Бұдан, бір жағы, сөздік құрасты-
рушылардың өзіне дейінгі жарық көрген еңбектермен жан-жақты таныс болғанын,
217
Қазақ тіліндегі салалық терминдерді когнитивті парадигма негізінде талдау ар-
қылы тілді білімді игерудің құралы ретінде сипаттауға болады. Сол арқылы адам
санасының, ойы мен танымының құрылымы бейнеленеді, болмыс туралы білімнің
қалай
берілетіні, өзіндік ерекшелігі айқындалады. Когнитивтік бағыттағы зерт-
теулер тілдің ақиқат болмыс туралы білімді сақтап, жеткізуші ретіндегі қызметін
ескере отырып, тілдік категориялар мен олардың құрылымдарын жаңаша сипат-
тауға мүмкіндік береді.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: