60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет119/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Құдайбергенева К. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. – Алматы, 2007. 
2. «Нәтижеге бағытталған білім беруде жеке тұлға қалыптастырудағы мұғалім 
ролі» тақырыбындағы педагогикалық оқу материалдары. - Өскемен, 2006. 
3. Тер-Минасова С. Язык и межкультурная коммуникация. – Москва: Издательст-
во Московского Университета, 2004. 
4. Садохин А. Введение в теорию межкультурной коммуникации. Москва: Выс-
шая школа, 2004. 
5. Верещагин Е. М., Костомаров В. Г. Язык и культура. - Москва: МГУ, 1973. 
6. Грушевицкая Т. Г., Попков В. Д., Садохин А. П. Основы межкультурной ком-
муникации. Учебник для вузов. ML: Юнити-Дана, 2002. 


235
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ПОЭЗИЯСЫ: 
«ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК» КОНЦЕПТІ
Бүркітбаева Ш.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Түрксой кафедрасы, 3-курс докторанты
Қортабаева Г. 
филол. ғ. к., доцент. Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Түрксой кафедрасы
Түркі халықтарының әдебиеті дүниежүзі өркениеті кеңістігіндегі көрнекті ру-
хани мәдениет қазынасы. Қазақстандағы түркі халықтарының әдебиеті де әлемдік 
сөз өнері құрамындағы көркемдік жалғастық қозғалысы арнасын құрайтын рухани 
құндылық болып саналады. Қазақстан Республикасы мемлекеттігін құрушы не-
гізгі, байырғы ұлт – қазақтар. Қазақ ұлтының осы дәуірге дейінгі мыңжылдықтар 
белестерінен өткен пайда болу, қалыптасу, даму жолдары да туысқан түркі тілдес 
халықтар тарихымен ортақ сипаттарымен ерекшеленеді. Түркі өркениеті – қазіргі 
Қазақстан Республикасының және жер бетіндегі түркі тілдес халықтар тарихының 
ортақ кезеңі. Қазіргі Қазақстан Республикасы – мыңжылдықтар белестерінен өт-
кен бүгінгі дәуірге жеткен, ертеңі болашаққа ұласқан түркі өрениеті құндылықта-
рының тарихи мұрагері, негізгі иесі. 
Бұл орайда Қазақстандағы түркі халықтары поэзиясындағы көркемдік жалғас-
тық пен ұлттық сипат ерешеліктерінің өзектілігі айқын танылады. Қазақстанда-
ғы түркі халықтары (түрік, ұйғыр, татар, т. б.) поэзиясы байырғы түркі өркениеті 
фольклоры мен әдебиетінің көркемдік сақ, ғұн, түркі замандарында негізі қалаған 
лирикалық және эпикалық поэзия жанрлары шығармаларындағы мазмұн мен пі-
шін жүйесі әлем әдебиетінің дамуына қосылған үлесінің маңыздылығымен баға-
ланады. Қазақстан Республикасы халықтарының фольклор мен әдебиеті – қазіргі 
заманғы фольклортану және әдебиеттану зерттеулері нысанына енді алына баста-
ған зәру мәселердің бірі. 
Түркі халықтары әдебиетінің тарихилық болмысын құрайтын даму желісінде, 
әрине, байырғы түркі қағанаттары дәуірлерінің жазбаша ескерткіштерінің мәтіндері, 
мүсін, сәулет ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк жазулары, Есіктен, Маңғыстаудан 
табылған алтын адамдар, т. б.) барлығы да түркі халықтарының ата жұрты қазіргі 
Қазақстан екендігін дәлелдейді. Түркі халықтары мекендеген Азия мен Еуропаның 
барлық аймақтарындағы материалдық және рухани мәдениет үлгілерінің барлығы 
да қазіргі Қазақстандағы байырғы өркениеттен бастау алғандығы дәлелденуде. 
Алтын Орда мемлекеті кезеңдегі әдебиет – байырғы түркілік негізділігін сақ-
тай отырып, Еуропалық және шығыстық әдеби ықпалдастық үдерісін жүзеге асыр-
ған сипатымен ерекшеленеді. Қазақстандағы түркі халықтары поэзиясның тарихи 
негізді бастаулары қатарында Алтын Орда – Египет қарым – қатынастары (XII ғ. 
ортасы мен XIV ғ. соңы) да ықпалды орын алады. Бұл көркемдік жалғастық арна-
сында түркі халықтары әдебиеттері қатарлас, сабақтас дамыған аймақтарының – 
кейінгі жалпытүркілік дамуға негіз болғандығы айқындалады. 


236
Демек, Қазақстандағы түркі халықтарының поэзиясы – сөз арқауында байырғы 
түркі өркениеті (V-VIII ғ. ғ.), орта ғасырлық ислам дәуірі (IX-XI ғ. ғ.), одан кейінгі 
Алтын Орда (XII-XIV ғ. ғ.), Египеттегі мәмлүк қыпшақтары мемлекеттері, Түркия 
мемлекеттері кезеңдерінде қалыптасқан әдебиет дәстүрін жинақтаған көркемдік 
жалғастық көрсеткіші. 
Қазақстандағы түркі халықтары (түрік, ұйғыр, татар, өзбек, әзірбайжан, т. б.) 
әдебиеті – қазақ сөз өнері шығармаларымен тарихи тамырластығын, поэтикалық 
үндестіктерін сақтай отырып, ұлттық – этнографиялық сипат өзгешеліктерімен 
дамуда. Қазақ фольклортануы мен әдебиеттануының көрнекті ғалымдары Ш. Уа-
лиханов, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев, 
Ә. Марғұланның, С. Қирабаев, С. А. Қасқабасов, Н. Келімбетов, А. Қыраубаева, А. 
Егеубаевтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде Қазақстандағы түркі халықта-
ры фольклоры мен әдебиеті мұраларының өзекті мәселелері үнемі сөз арқауына 
алынуымен келеді. 
XX ғ. 2-жартысы мен қазіргі XXI ғ. басындағы Қазақстандағы түрік халықтары 
(түрік, ұйғыр, татар, т. б.) поэзиясының көркемдік жалғастық дамуы заңдылығы-
мен сақталуы қазақ мәдениетінің әлем өркениеті кеңістігіндегі тұғырын нығайта 
түсетіні ақиқат. Қазақстандағы түрік ақындарының поэзиясы – ұлттық және жал-
пытүркілік сөз өнері дамуы көркемдік жалғастығының көрсеткіші. Қазақстандағы 
түрік қаламгерлері шығармашылығы X-XX ғ. аралығында Кіші Азиядағы Анадо-
лы түбегінде орналасқан Түркияның әуелде Қазақстаннан басталған ата – баба-
лық тарихымен сабақтастырыла бағаланады. Түркия Республикасының IX-X ғ. ғ. 
тарихи әуелгі Отаны – қазіргі Қазақстан. Байырғы Тұраннан X ғасырда Анадолы 
атырабына қоныс аударған түріктердің тарихы, тағдыры қазақ халқы қайраткерле-
рінің үнемі назарында болып келді. 
Қазақстан Республикасындағы ахыска түріктері – XX ғ. 20-30-жылдары болған 
саяси қуғын-сүргін зардабын тартқан халық. [7, 10] Тарихи мекендерінен Түркия, 
Грузия, Ресей мемлекеттерінің саясаты салдарынан ажыраған ахыска түріктері ба-
йырғы ата-бабалық қоныс Қазақстанда ғана баянды өмір сүру бақытына ие бол-
ғандары – тарихи ақиқат. Қазақстандық түріктер қазақ халқын өздерінің сақта-
луындағы басты тірек санайды. Қазақстандық түріктердің де өзіндік әдеби шығар-
машылығы бар. 
Ахыска түріктерінің де жыраулық, суырып салмалық ақындық дәстүрі біршама 
сақталған. Қазақстан түріктері поэзиясын құрайтын ақындар: Джеври, Меркуог-
лы, Чиркини, ЭмраҺ, Гариб, Гүлалы, Хашими, Хаста Хасан, Исмайл, Иззет, Нури, 
Севдайы, Ташдемир, Алиев Пилош Мәһәммәт оглу, Хукиев Ибрагим Катибоглу, 
Мамед Мүрсәлоглу, Алиев Бәчәт Мәһәммәт оглу, Бадалов Баһадүр Абдуллаһоглу, 
Караев Камал Караоглу, Мераев Әмірстан Берфаоглу, Бадалов Шыңғыс Ахметог-
лу, Ровшан Мамедоглу, Мамош Каһраманоглу, Ашық Гүлалы Кочалыоглу, Тельман 
Дямуршаев, Зейнул Фаһриоглу Йектайы, Асампалы Зияоглу Чалабов, Мұртаза Ле-
бисли, Ашық Мәвлүт Ахмедов, Бекир Перишан, т. б. [4, 105-121] 
Түрік ақындары-ашықтарының (Ахыска түріктері ақынды «ашық» деп атай-
ды) лирикалық өлеңдері мұңлы – шерлі элегиялық сарынмен жырланған. Түрік 


237
халқының туған атамекеніне, ата-бабалық Отандары Түркияға, Қазақстанға деген 
бауырластық, достық сезімді азаматтық – отаншылдық көңіл-күйін Али Паша Вей-
селоглуның «Аспинзамға», «Ахыска», «Қазақтарға ризамын», т. б. жырларынан кө-
реміз. Али Пашаның «Қазақтарға ризамын» атты өлеңінен елімізге жер аударылған 
түріктердің барша қазақ халқына деген шексіз ризашылығын байқаймыз. Олардың 
бастарындағы ауыр жағдайды түсініп, көмек қолын ұсынып, құрметтеген, «Ер Түрік 
қанынан жаралған түбі бір қандасым!» деп бауырына басқан қазақтарға қарыздар 
екендігін айтады. Ақын адам бойындағы ең асыл қасиеттерді – мейірімділікті, ізгі-
лікті, бауырмалдықты, қонақжайлықты, жомарттықты, білімділікті мадақтайды. 
... Біз құрмет көрдік қазақ халқынан

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет