34
типтері мен оның кәсіби, ескі кітаби, қарапайым лексикалық бірліктерге қатына-
сы зерделенеді. Сондай-ақ әдеби және диалектілік лексикографияның өзара байла-
нысы, әсіресе диалектологиялық сөздіктерге енетін жергілікті сөздерді таңдаудың
принциптері, көпмағыналы диалектілік, диалектілік-әдеби, диалектілік-кәсіби сөз-
дердің, омонимдер мен омоантонимдердің, этнографизмдердің лексикографиялық
ресімделуіне ерекше назар аударылады. Аймақтық сөздіктің құрамы мен ондағы
сөздік мақалаларының құрылымы, жергілікті тілдегі кірме сөздердің (орыс, араб-
парсы, түркі тілдерінен енген) түрлері, шығу төркіні, лексикографиялану тәсілдері,
сөйленіс иелерінің тілінен, мерзімді баспасөз, көркем әдебиет беттерінен жиналған
иллюстративтік материалдарды сөздікте орналастыру жолдары, шартты белгілердің
құрамы, оларды пайдалау ерекшеліктері сынды мәселелер жан-жақты зерттеленді.
Сонымен қатар еңбекте диалектологиялық сөздіктердегі диалектизмдердің бері-
лу ретін қарастыру барысында әдеби тілді байытуға жарарлық сөздердің түсіндірме,
екі тілді сөздіктердегі көрінісін, лексикографиялану жолдарын санамалап көрсете-
ді. Ғалым диалектілік лексиканы әдеби тілдің сөздіктеріне қамтуда төмендегідей 6
принципті [2, 112-113] ұсынады:
1. әдеби тілді байытатын жергілікті сөздерге а й м. белгісі қойылған жөн;
2. диалект сөздің әдеби тілде баламасы болған жағдайда мүмкіндігінше ондай
сөздерді аз қамтыған жөн;
3. диалектілік-әдеби дублеттің жиі жұмсалатын нұсқасы түсіндірме сөздікте не-
гізгі етіп беріледі, келесі нұсқасының түсіндірмесінде негізгі нұсқаға сілтеме жаса-
лады;
4. диалектілік-кәсіби лексика құрамындағы жалпы қолданысқа ие сөздерді кеңі-
нен таныстыру мақсатында әдеби сөздіктерге енгізген жөн;
5. жергілікті сөздердің әрі диалектілік, әрі әдеби тілдегі мағынасы қатар жұмса-
латын болса, әдеби сөздіктерге тек соңғы мағынасын енгізіледі;
6. белгілі бір сөздердің (
там, леген, пияла) бірнеше мағынасы болып, баспасөз
тілінде олар жарыса қолданылса, әдеби сөздіктерге барлығы қамтылады.
Бұл принциптер ғалымның жауапты редакторлығымен жарық көрген «Орысша-
қазақша сөздікте» және кейінгі түсіндірме сөздіктерде жергілікті сөздерді лексиког-
рафиялауда басшылыққа алынды. Бір ескерерлік жайт – Ш.Ш.Сарыбаев еңбегінде
ғалымдар мен әдебиетшілердің назарын аударарлық, әлеуеті жоғары диалектизм-
дер ретінде көрсетілген
зембіл, айлақ, арасан суы, дәке, қыша, ашкөк, пендір, жең-
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: