273
беріс» пен «барыс-келіс» ең негізгі заңдылықтардың бірі. Қазақтың ежелден келе
жатқан «алаған қолым – береген...» /болуы тиіс/ деген идеясы мына паремияларда
өрнектелген:
Досыңның тауығын алсаң, Қанжығасына қаз байла;
Біреудің үйрегін жесең, Өзіңнің қазыңды дайында.
Мұндағы негізгі тағылым «сыйға – сый, сыраға – бал» деген қағидатқа негіздел-
ген жомарттықты, сыйласа білуді, алғанын еселеп қайтаруды дәріптеу.
Ал келесі мәтелдерде адам баласының өмірлік миссиясы – жалғыздықтан қашу,
өмірлік жұбын тауып, отбасын құрып, жарасымды тұрмыс кешу идеясы меңзеледі,
яки насихатталады деуге болады, салыстырыңыз:
Құс қосағымен ұя салады;
Құс – қанаттасымен қатар ұшады // Бас екеу болмай – мал екеу болмас.
Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – ел бірлігі, ауызбірші-
лік, ынтымақтастық проблемасы орнитонимдердің қатысуымен жасалған мынадай
мақал-мәтелдерде айшықталады:
Тозған қазды топтанған қарға жем етер;
Екі құзғын таласса, Бір қарғаға жем болар /ауызбіршілігі жоқ елдің кім көрін-
геннен жапа шегетінін меңзеп тұр/.
Бірлескен сауысқан бұғыны шоқып мерт етер /күш – бірлікте екендігін білдіріп тұр/.
Ел өміріндегі ең өзекті мәселелердің бірі болған еркіндік, бостандық идеясы
мына мәтелге арқау болған:
Құсқа алтын тордан қу бұтақ қымбат.
Сонымен, құс атауларының қазақ паремиологиялық жүйесін құрайтын концеп-
туалдық құрылымда актив қолданылатыны анықталды. Яғни мақалада орнито-
нимдердің қатысуымен жасалған мақал-мәтелдердің «Адамгершілік», «Адалдық»,
«Әдептілік», «Еңбекқорлық», «Еркіндік», «Ынтымақ, бірлік», «Сыйластық» сияқ-
тырухани құндылықтарды айшықтауда алуан түрлі мәндерде жұмсалатыны, сөйтіп
ұлттық ғалам бейнесінің халықтың когнитивтік санасындағы үзігін, аялық білім
қорын көрсетуге жол ашатыны нақты тілдік материалдармен дәйектелді.
Қорыта келгенде, мақал-мәтелдер құрамында қолданылған құс атауларына линг-
вомәдени аспектіде талдау жасаудың бүгінгі оқырманның тіліміздің байлығы ар-
қылы халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына да қатысты көптеген мағ-
лұматтар алуына себі тиері сөзсіз. Оны талдау барысында
ғаламның тілдік бейнесі
деп аталатын лингвистикалық категория іргелі ұғым болып саналады. Ол этнос дү-
ниетанымының өзегін құрайды және халықтың менталитеті, яғни дүниені қабыл-
дау және түсіну тәсілі – ғаламның тілдік бейнесінде (дүниені вербалдап түсіну, оны
тіл арқылы бөлшектеу, реттеу және құрылымдау немесе модельдеу) көрініс табады.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: