277
мыскер, 358-б.). Жоғарыда кейіпкерлер тілінен келтірілген
шикіөкпе – бала, қаң-
ғырған неме – үй-жайы жоқ адам сөздерінде эмоциялық-экспрессиялық реңк бар,
жағымсыз мағынаны тудырып тұр. Бұлар бейнелі-бағалауыштық метафоралар.
Адамның мінез-құлқына байланысты жануарлар
әлемінен олардың нақты зат
ретінде санадағы бейнелеріне негіздеп көкжал, оқжылан, көртышқан сияқты ата-
лымдарын сөйлеуге қолданғанда олардың белгілі бір қасиеттері немесе қасиеттер
жиынтығы метафоралануға қатынасады. С. Жүнісов те кейіпкерлерінің бейнесін
жасау үшін
аң-құс атауларын жұмсайды.
С а р ы ж о р ғ а.
Барарымды барсам да, ол сұр жыланның бетін көруге дәтім
шыдамады (Ажар мен Ажал, 92-б.). Адамның мінез, жүріс-тұрысына байланысты
жағымсыз мағынада жұмсалынған, жек көру сезімін береді.
А ж а р.
Қатай – тонын айналдырған қасқыр (Ажар мен Ажал, 94-б.). Қолданыс-
тағы метафоралар арқылы адамның жек көру сияқты сезімі берілген.
А ж а р.
Тең құрбы болған соң өзіңізге алдын-ала құлаққағыс қылайын десем, сіз
жөн-жосық жоқ... (Ажар мен Ажал, 82-б.).
Құлаққағыс-емеурін бірлігі бейнелі ой-
лау нәтижесінде жасалынған.
М ұ х т а р.
Отыз жеті – көмусіз жатқан ұйқыдағы алып жылан, құйрығын ба-
сып қайтесің? (Кемеңгерлер
мен көлеңкелер, 380-б.).
М а х а м б е т.
Мен құйқасын үйтіп, езуін тіліп табаққа салар көнбіс қойдың
басы емеспін, иә, табағыңа да, тамағыңа да сыймайтын азулы иттің басымын
(Махамбеттің өте шыққан өмірі – ай! 13-б.). Еркіндік, бостандық үшін күрескен
Махамбет ақын мен Исатай батырдың бейнелерін жасау үшін, Махамбет тілінде
«
азулы иттің басымын» деп ит сөзін өзінің тура мағынасында емес, ауыспалы мән-
де, метафора ретінде жұмсап тұр.
З ұ л х а р н а й ы н.
Көке-ау, мен жұмыртқаны әлдеқашан жарып шыққан, екі
қанатында екі погоны бар орыс қоразымын да, ал сіз тауық емес, татар тауығы-
ның әтеші емессіз бе?! (Сонда, 15-б.),
Қ а р а у ы л қ о ж а.
Осыдан он-ақ шақырым жерде ордалы қасқырлар. Үш-төрт
мың қол. Ордаңды талқандап, ханның басын шабам деп келеді. (Сонда, 28-б.),
К о м п о з и т о р.
Сенің түрме бастығың – абжылан, сен – ібіліс, ал қазіргі өкі-
мет басшылары – пайғамбарлар, ең басшысы – құдай (Тұтқындар, 161-б.).
С. Жүнісовтың «Кроссворд немесе әзіл маскарад» комедиясында жаңа жыл қар-
саңында аңдардың маскасын киген кейіпкерлердің айықтырғыштағы әңгімесі бе-
рілген. Бұл драма трагикомедиялық бағытта жазылған. Бұл пьесаның көтерген мә-
селесі кезінде «тоқырау жылдары» деп аталған кезеңдегі шындыққа сай болатын.
Өмірде білімі шамалы, шен дәрежесі жоғары адамдардың адами қасиеттерінің аз-
дығы беріледі. Парақор, жемқор, айлакер, алаяқтар өмірін хайуандар кейпінде күл-
кілі етіп көрсетуде қаламгердің асқан шеберлігі байқалады.
Автор ойына, баяндалып отырған оқиға желісіне,
аңдар кейпіндегі бетперде
(маска) кейіпкер бейнесіне, бітім-болмысына, ішкі әлеміне сәйкес келеді. С. Жүні-
сов драма оқиғасын кейіпкердің түс көруі әдісі арқылы береді. Болып жатқан оқиға
айықтырғыштың бастығы Жұмабектің түс көруінде өтеді. «Кроссворд немесе әзіл
маскарад» драмасында күлкілі сәттер мен күрделі тартыстар ғана емес, орта мен
279
Қарасайдың қазіргі ойы да ақсақ ойылып келеді (Қос анар, 279-б.).
Осы сөйлемдегі ақсақ ойылу тіркесін индивидуалды-авторлық (тура мағынасы:
тепе-тең түспеу) метафоралық қолданыс, яғни жазушы әр жерден ойылып жатқан
қарды сан-саққа жүгірген кейіпкер ойының бір тоқтамаға келе алмағанымен жа-
рыстыра қолданып тұр.
Төмендегі метафораларды жеке авторлық қолданыстағы метафоралар деп анық-
тадық:
күн кірпігі; дымқыл бүйірі; кәрі төмпешіктер; жалпақ өңірдің ақ көрпесін;
қарлы жыландар; отты күннің маңдайы; ескі дастарқан кенеуін кетірмей, көсіле
жатқан дархан дала; ой іріген бөздей жыртылып; безер жас; ішін өртеп ағыл-те-
гіл аққан мол жас; тоқпақтай қол сандықтың ішінде жүздеген қара кетіп барады,
астаудай семіз жылқылар; жүрексіз қалған қуыс кеуде, жұртты жалаң бидай кө-
жеген қамау; парасатты ойды жұтатып алмайық; тың жер – ұшан-теңіз дария.
Бұл метафоралар бойынан бейнелілік,
экспрессивтік, баға берушілік,
танымдық
сияқты қасиеттерді байқауға болады.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: