274
4. Постовалова В. И. Картина мира в жизнедеятельности человека // Б. А. Се-
ребренников и др. Роль человеческого фактора в языке: Язык и картина мира. –М. :
Наука, 1988. –С. 8-69.
5. Формановская Н. И. К становлению лингистики общения // Конференция
«Теория и практика русистики в мировом контексте». Симпозиум «Теоретическая
лингвистика и преподавание русского языка как иностранного». –М. : Диалог, МГУ,
1997. –С. 34-35.
6. Колшанский Г. В. Объективная картина мира в познании и языке. –М. : Наука,
1990. –107 с.
7. https: //alashainasy. kz
С. ЖҮНІСОВ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫНДАҒЫ
МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Рақымжан О.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
гуманитарлық ғылым магистрі, докторант
Метафораның табиғаты әлемге көркемдік көзбен қараумен байланысты. Әрбір
автордың поэтикалық туындысы оның өзі құрған және қолданыстағы метафорала-
рының сипатына байланысты. Сондықтан метафора ‒ поэтикалық мәтіннің басты
компоненті, ол міндетті түрде поэтикалық ой мен әлемдік бейненің көрінісі болады.
Метафораны поэтикалық мәтінге жақындастыратын факторлар:
• ойдағы бейне мен айтылмақ пікірдің бірігуі;
•
дәл мағынада айтылмауы;
• объектілердің белгілері мен мағыналарының өзара араласуы;
• бірнеше интерпретацияда ұғынылуы;
•
дәлелдемелердің қолданылмауы;
• объектілердің мәнін ашуда тиімді әрі қысқа жол таңдау;
• көлемдік баламамен астарлау.
Тілдегі метафоралардың концептуалдық өзегінен кез келген тілдік қолданыста-
ғы метафоралар когнитивтік қызмет атқаратындығын байқауға болады. Мәселен,
метафора табиғатына тән бейнелілік,
көркемдік, бағалағыштық, образдылық қа-
сиеттерінің тілдегі орын алуына адам ойы мен танымдық тетіктерінің қатысатын-
дығынан, метафоралардың прагматикалық сипатынан көрінеді.
Метафоралардың
туындауына адам ойындағы өзара салыстырулар мен ұқсатулар, санадағы суреттеу-
лер негіз болады. Осы жағынан келгенде метафора ғылыми ойдың (концептуалды)
формасы болып келеді. Метафораның концептуалдық болмысына ұлттық дүниета-
ным тұрғысынан келу арқылы, метафора тудырудағы әр ұлттың ойлау дәрежесі мен
ұлттық сана-сезімі мен дүниені қабылдаудағы ұлттық ерекшеліктері сол ұлт тілін-
дегі метафораның өзіндік болмысы мен тілдік сипатын көрсетеді. Мәселен, тілдегі
276
салуына теңеудің негіз болатындығын айтады: «Әрбір
теңеудің көлеңкесінен мета-
форалық мағына көрініп тұрады» [4, 119]. Көркем шығармада метафора көркемдік
амал – тәсілдің негізгі тілдік элементі екені белгілі. Ғалым М. Серғалиев метафора
туралы: «Метафора (грек. metaphora-ауыстыру) – белгілі бір нысанның (обьекті-
нің) басқа топтағы нысандардың белгісі мен қасиетіне қарай ауыстыра қолданатын
троптың бір түрі. Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзін-
де кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі
қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және
сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Сөздерді метафо-
ралау процесінде 3 түрлі жағдайды байқауға болады. Бірінші жағдайда сөздің сырт-
қы белгісі алынады. Мыс., кілт – есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау – бұлақтың
бастауы, шығармашылық бастау т. б. Екінші жағдайда метафора метафора жасай-
тын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі – аң, айла-
керлік белгісі; адам мінезіндегі екіжүзділік т. б.) Метафоралаудың үшінші түрінде
белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән
екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мыс., ұлиды
деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында: жел ұлиды. Сол сияқты
өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе
тіркесі қолданылып жүр» деп анықтама береді [5, 274-275]. А. Сыбанбаева метафора-
ны былай деп анықтайды: «Адамның ақыл-ойы салыстыруға келе бермейтін семан-
тикалық концептерді (ұғымдарды) салыстырудың нәтижесінде метафора туындайды.
Сондықтан метафораның жасалу механизмін зерттеу – адамның ойлау процесін зерт-
теу деген сөз» [6, 22]. Тіл білімінде метафора семасиологиялық, ономасиологиялық,
гносеологиялық, лингвистикалық тұрғыда зерттелді. Зерттеуші Г. Зайсанбаева мета-
фораны когнитивтік бағытта қарастырып, былай түйіндейді: «Метафораның әртүрлі
нысандар арасындағы ұқсастықтары солар туралы түсініктер арқылы қалыптасады.
Сонымен қатар, метафоралануға адамның эмоциялары, экстралингвистикалық білі-
мі, тұрмыстық тәжірибесі кей жағдайда кездейсоқ түсініктер түрткі болып жатады.
Адам тәжірибесі арқылы жинақталған білім қорындағы ақпараттардың өзара алма-
суы танымдық үрдістермен байланысты. Аталым жасаудағы метафораның қызметі
тілдің барлық салаларында қолданылады» [7, 24]. Метафора тілде көркемдік қыз-
метімен бірге жаңадан пайда болған ұғым, түсінікке неғұрлым дәл атау беріп бейне-
лейді. Метафора көңілге сыйымды, тіпті бір-біріне мүлдем сыйымсыз, қарама-қарсы
ұғымдардың ассоциялануы негізінде жасалып, үйлесімді, нанымды, көркем, жарқын
бейне туғызады және ұқсату заңдылығына негізделеді. Ұқсату философиялық тұрғы-
да заттардың, құбылыстардың немесе процестердің бір қасиетіне қарай ұқсастығын
тану әрекеті ретінде танылады. Метафорада ұқсастық тілдік бірліктердің тілден тыс
сипатына байланысты. Аталымдардың қоршаған әлем заттары мен құбылыстары ара-
сындағы әртүрлі ұқсастықты тануда, оны тілде белгілеуде адамның бай тәжірибелік
қоры ескеріледі. Жаңа мағынаның тууына метафораның қызметі зор. Өзге тәсілдер
сияқты метафора да тілдің дамуына қызмет етеді.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: