Literature:
1. Orujova S. The process of English teaching and its history in UNEC. Filologiya
mәsәlәlәri, №2, Bakı «Elm vә tәhsil» , 2016 sәh. 166-171
2. Jeremy Harmer. The Practice of English language teaching. UK, «Pearsons-
Longman», 2007, pp. 448.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ҰЛТТЫҚ КОДТЫ ДӘРІПТЕУ
Турусбекова А.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті,
гуманитарлық ғылымдардың магистрі
Бүгінде қоғамның әлеуметтік сұранысына ие, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
дайындау – кез-келген ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет. «Біз бүгінгі бей-
біт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республиканың жер бетінде барлығы
үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруа-
ғының алдында қашан да қарыздармыз», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай,
ата бабамыздың асыл мұрасын еліміздің болашағына жеткізіп беру біздің боры-
шымыз. «Болашаққа бағдар: рухани жаң ғыру» атты мақаласында «Әжеп тәуір жаң-
ғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас тау алатын рухани коды
болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең бас ты шарты – сол ұлттық кодты сақ тай
білу. Онсыз жаңғыру деге ніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деп атап өт-
кен еді [1] Ал Ұлттық код дегеніміз – ұлттық болмыс, яғни халықтың салт-дәстүрі,
тілі, ділі, тұрмыс-тіршілігі, өзіне тән мінез құлқы. Осы болмысымызды жоғалтсақ
біз белгілі бір ұлт болудан қаламыз. Осы болмысымыздың бар екендігін дәріптеу
үшін, сақталуы үшін қарым-қатынаста көрсетуіміз керек. Жаңа технологияның да-
мып, күллі әлем батыстың мәдениетіне тәнті болып, технологиясы мен техникасы-
на тәуелді заманда адамдар да өзін батысша мәнерді ұстанып, М. Шаханов айтпақ-
шы «компьютербасты» болып кеткен техникалық жоғары оқу орнында қазақ тілі
сабағында осы ұлттық кодты дәріптуіміз керек. Себебі, болашақта компьютердің
құлағында ойнап, кез-келген ақпартты миллиондардың құлағына таратушы осы
319
технология мамандары болады. Осы бастан ұлтымыздың мәдениеті, ділі, болмыс-
бітімін білмеген адам болашақта ол елдің жан-дүниесін түсініп, тереңіне бойлай
алмайды. Орыстілді студенттердің қарапайым деңгейінде оқитын үйренушілер-
ге Менің отбасым, Уақыт, Үй, Ас, Дастархан әдебі, туралы тақырыптарды алатын
болсақ, осының ішінде тақырыпқа байланысты қазақылықты көрсететін мәтіндер,
жатттығулар, аудио-видео арқылы мәліметтерді дұрыс үйрете білуіміз керек. От-
басы тақырыбы қазақтар үшін өте ауқымды тақырып. Сонау ерте заманнан қазақ
болып қалыптасқалы ру-руға бөлінген қазақ жеті атадан аспаса қыз алыспаған,
қан тазалығын сақтаған, қарындасын әйелдікке алмаған. Осылайша Ұлы халықтан
парасатты, ақылды, намысшыл, қонақжай ұрпақ тараған.
Әрбір азамат өзінің шыққан тегін, жеті атасын тарқатып айта алатын болуы, ата
жұртын білуі шарт болған. Осы білімнің соңғы уақытта жоғалып, мәнін жойып
бара жатқаны – қорқарлық жағдай. Бұл – әр қазақтың ғасырлар бойы санасында қа-
лыптасқан дәстүрлі қағидасы. Бағзы замандардан келе жатқан «Қырық рулы елміз,
қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз бекерге айтылған жоқ. Қырық рулы көп елміз,
бірақ бөлінбейтін, берекесі бұзылмаған, түбі бір, қаны бір, бір атаның ұрпағы қарға
тамырлы қазақпыз дегенді меңзеп тұр. Бұл сөздің арғы мәніне үңіле түссек, қа-
зақтың түпкі аталастығын айтпаған күннің өзінде, тамыр-таныс, көрші-қолаң, құ-
да-жекжат, ағайын-туған, жолдас-жора, іргесі сөгілмеген, қаймағы бұзылмаған ел-
дігімізді, тектілігімізді тағыда айғақтайды. Осылайша дәстүрлі таным-түсінікпен
ұрпақ тәрбиелеген қазақ жұрты алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан.
Туыстық байланысты қадірлеп, береке-бірлікті бұзбаған. Ер жігіттің үш жұрты
бар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Мектептен үйренген туыстық атау-
лардың қазақша баламасын барлық Қазақстан тұрғындары біледі және қысқа сөй-
лем құрай алады. Мыс: Менің Отбасым – шағын. Олар әкем, анам, ағам және мен.
Әкем – дәрігер, анам – үй шаруасында, әпкем – университетте оқиды. Біз тату От-
басымыз және мен туыстарымды жақсы көремін. Осы сияқты қарапайым сөйлем-
дерден ойлары аса алмайтын орыстілді қазақтар да көп. Оларға Отбасындағы әке-
нің рөлі, қазақ шаңырағындағы, қазақ әдебиетіндегі әйелдің рөлі, баланың рөлінің
өте ауқымды екенін айтып өту керек. «Еркек – үйдің тірегі, әйел – үйдің берекесі»,
деп жатады. Әке отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Дастарханда
әкең бастамай тамақ жемеу, ол тұрмайынша орнынан тұрып кетпеу, ер адам отыр-
ған жерде әйел адамдар бата бермеу, осылардың бәрі – еркекті, әкені сыйлау, үлгі
тұту болып табылады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың
осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап тәрбиелі болып өседі. Ананың
айтқан тілін алмаған ойын баласын «әкеңе айтамын» деген бір ауыз сөзі жеткілікті.
Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана отбасы мүшелерінің сыйластығын ор-
натады, ағайын мен туған туыстырдың қарым-қатынасын сақтайды. Ана отбасын-
дағы татулық ұйытқысы. Қазақ әдебиетіндегі аналардың ең биігі – Зере мен Ұлжан
ана болатын. Олардың негізгі ерекшеліктерін басып көрсету – қазақ әдебиетінде
де, отбасындағы ананың рөлі де әрқашан сыпайылықтың, даналықтың сипатын-
дай. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар»
деп, отбасын құрған жастардан бірінші кезекте баланың болуын күтеді. Ол дүние-
320
ге келсе ата-әжесінің баласы болады. Ата-әжесінің көзінше әке-шешесі баласын
қатты еркелетіп, сүйе де алмаған. Себебі 14-15 жас аралықтарынан бастап отба-
сын құрып, ата-ана атанған жас жұбайлардың балаға қарау тәжірибесі де болмады,
басқа міндеттері де көп болды. Әйелдер жүкті екенін қазіргі уақыттағыдай «жар-
намалауға» ұят заман болды. Себебі бала жасау, бала туу деген жеке (интимдік),
оңашада айтылатын нәрсе еді. Сол тәрбиеден қазіргі психологтар айтып жүрген-
дей ешқандай жарым-жартылай, ана махаббатына зәру бала болған жоқ, керісінше
ата-әже, әке-шеше деген төрт құбыласы түгел, рухы берік, қайсар балалар шықты.
Қазақ қатынын қаңғыртпаған, жесірін жылатпаған. Жесір қалған әйелді әмеңгер-
лік жолмен күйеуге берген. Қазір кейбіреулер әбестік санар, бірақ ескіден жеке
төлқұжат жоқ, архив пен интернет жоқ заманда шалғайдағы төркініне алып кеткен
баласы күндердің күнінде білместен өз туысына, қарындасына үйленіп жатпасына
кім кепіл еді?. Қазақтың даналығы да осында, өз қаны, өз жанының бөлшегін дала-
ға жібермеген, еге болған. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтпақшы «бесік
жырын жырлайтын келіндеріміз, ертегі айтатын әжелеріміз азайып бара жатыр».
Міне, сол қауіп бүгін өмірдің өз көрінісіне айналып отыр. Соның салдарынан дәс-
түрді сыйламайтын ұрпақ өсіп келеді. Тіліңді білмесең, салт-дәстүріңді сыйлама-
саң, еліңе қызмет етпесең ондай ұрпақтың қажеті қанша, дамыған ел болып, әлем-
ге танылуымыздың қажеті де жоқ.
Қазақ үшін бауырмалдылық деген аса мән беретін жағдай. Туыстарымызсыз не
той-думан, не өлім-жітім өтпейді. Осы қазақы атаулардығ барлығын бірдей білмей,
ұмытып бара жатқан жастар көп. Себебі, ағылшын тілін, орыс тілін үйретушілер
негізгі туыстық атауларды ғана үйретіп күрделендірудің қажеті жоқ деп санайды.
Ал қазақты қазақ қылып тұрған ерекшеліктерінің бірі осы туыстық қарым-қаты-
настар. Қазақы туыстық атаулар: баба, ата, әже, әке, ана (апа, шеше), әпке, аға, іні,
қарындас (сіңлі), әйел (жұбай, келіншек, қатын), күйеу (жолдас, бай, жұбай), абы-
сын, ажын, құда, құдағи (құдағай), бөле, жиен, әпке (апа, тәте, әпше), балдыз, бажа,
т. б.
Отбасын құруда болатын салт-дәстүрлер атаулары: қыз ұзату, беташар, сәлем
салу, ұрын бару, аттастыру, т. б., сияқты ұғымдарды студенттерге түсіндіру арқы-
лы қазақы нақышты бойына сіңдірсең, уақыты келіп, барлық Қазақстан қазақша-
ланғанда оқу орнында өткен осы білімдері бастарында қайта жаңғырады.
Айта кетерлік жағдай, қазіргі таңда Қазақстанда ажырасу үйреншікті жағдайға
айналып, әрбір екінші отбасы ажырасып жатыр деген статистика бар. Осы жағдай-
ды ескеріп баланың психологиясына үнемі жартылай отбасы (жарты адам) екенін
еске салып, қатарластарының көзінше айтқыза бермей, мектеп бағдарламасындағы
қазақ тілі сабағынан «Менің Отбасым» деген тақырыптың орнына «Қазақы от-
басы(жанұя, әулет)», немесе «Менің жақын жандарым» деген тақырыпты ұсынар
едім.
Уақыт, өлшем туралы сабақтарды өткен кезде тек қана сағаттың тілі мен сан
атауларын үйретіп қоймай, қазақы уақыт, өлшем бірліктер туралы да айтып өтке-
німіз абзал. Сағат жоқ, см, мм өлшеуіш құралдар болмаған кезде де қазақтар қарап
қалмады. Саусақтың өзімен ақ қаншама өлшемдерді анықтап тастады: 2 см – 1 елі,
321
8 см- 1 тұтам, 25 см – 1 қарыс, тағы та басқа кере қарыс, құлаш, аршын, адым, ат-
там, қадам деп ұзындықты өлшесе, ұстуға, тартуға болатын нәрселерді, шымшым,
шөкім, уыс деп атады. Мысалы бойы бір-ақ тұтам, бір шымшым ғана тұз, бір уыс
топырақ деген тіркестер көп кездесіп жатады.
Егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда уақыт мөлшерін судың белгі-
лі бір ыдыстан ығысып шығу мерзімі бойынша анықтаған. Жетілдіріле келе бұл
ыдыстар сусағатына айналған. Мұндай бірліктердің басым көпшілігі адамның
көзбен шамалауымен, жұмсалған күш сезімімен, белгілі бір қашықтықты жүріп
өту мерзімімен мөлшерленген.
Сондықтан халық арасында жылқыға байланысты «ат шаптырым жер», «бие
сауым уақыт», «екі елі қазы» тәрізді қашықтықты, уақытты, қалыңдықты біл-
діретін өлшемдік мәні бар сөздер жиі айтылады. Халық арасында сұйықтықты
( қымыз, шұбат, т. б.) сақтайтын көнек, жанторсық, торсық, мес, саба тәрізді
мал терісінен жасалған ыдыстар сол сұйықтықтың мөлшерін шамалауға жиі қол-
данылған. Мысалы, торсық қажеті – сегізаяқ ( литр) қымыз сыйса, местің сыйым-
дылығы екі жарым – үш торсыққа тең. Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен
қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17–
20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы ( foot–табан) байырғы қазақ
өлшемі «табанға» жуықтау келеді: «табан» өлшеміне қазақ табанның енін алса,
ағылшын футы – табан тұрқына тең. Сондай-ақ ағылшынның дюйм ( голландша–
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |