60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет158/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. – Алматы: Жазушы, 1970. – 429 б. 
2. Белинский В. Г. Таңдамалы шығармалар. 1-кітап. Алматы: Жазушы, 1948. – 
521 б. 
3. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: «Жалын баспасы» 
ЖШС, 1997. – 368 б. 
4. ҚР ҰҚК архиві материалдары. №7854-іс, 7-том. 
5.Белинский В. Г. Собрание сочинений в 13-ти томах, 5-т. Москва: 1954. – 481с. 


328
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ МОДЕЛІ
Сейітова М. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институтының
2-курс магистранты
Қазіргі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің инновациялық және дәстүр-
лі екі типін ажыртатындығы белгілі. А. Тоффлердің пікірінше, осы қарам-қайшы-
лықтан құтылу қиын, өйткені, дәстүрлі оқу үдерісі индистуриялық өндірістің ерте 
кезеңіндегі еңбекті ұйымдастырудың конвейерлік іздерін сақтап қалған [1]. 
Инновациялық білім жаңа білім мен ақпаратты қоғамның инновациялық дина-
микасына негіздейді. 
Инновациялық білімнің негізгі белгілері: 
• антропоцентризм 
• өзін-өзі басқару 
• кәсібилік 
Инновация теориясындағы инновациялық үдеріс оны ұйымдастыру, идеяның 
туындауынан бастап қазіргі жаңа өнімді жасау, қызмет көрсету немесе техника-
лық ресурстық қамтамасыз ету кезеңдерін қамтитын жұмыстардың жиынтығынан 
тұрады. 
Инновациялық үдеріс – бұл ғылыми білімнің инновацияға түрленуі. Ол иннова-
цияны жасау, меңгеру, таратумен байланысты. Сондықтан инновацияны басқару-
дың тұтастай жүйесін жасау қажет. 
Инновациялық үдеріске жағымды да жағымсыз да факторлар әсер етеді. Инно-
вациялық үдеріске жағымсыз әсер ететін факторларға төмендегілер жатады: 
- инновациялық жобаларды қаржыландыру қаражатының жеткіліксіздігі; 
- ұйымдастырудың материалды-техникалық және ғылыми базасының әлсіздігі
- қызмет тәсілін өзгертуге қызметкерлердің қарсы болуы; 
- ұйымдастыру құрылымдарының шектен тыс орталықтандырылуы; 
- инновациялық қызметті жоспарлаудағы қатаңдық
- қалыптасқан нарыққа бейімделу; 
- инновациялық өнімдердің тез сатылуына бейімделу; 
- инновациялық үдеріске қатысушылар қызметін келісудегі қиындықтар. 
Инновациялық үдеріске тән белгілер: 
1. Инновациялық үдерістің нақтылы белгілері бар. 
Инновациялық үдерістің жүйелілігі оның мақсатты бағытының нәтижесі болып 
табылады, сондықтан инновациялық үдерістің барлық ұйымдастырушы бірліктері 
жалпы даму векторын анықтайтын қызығушылықтардың теңдігі принципіне құ-
рылады. 
2. Инновациялық үдерістің циклділігі кері байланыстың бірнеше дүркінділігі-
мен байланысты болады. Инновация – бұл зерттеу саласындағы нәтижелерді пай-


329
далану техникалық, ұйымдастырушылық, эконмикалық өзгерістерге әкелетін тех-
никалық – экономикалық цикл, ол осы саладағы қызметке кері әсерін де тигізуі 
мүмкін. Егер инновация ендірілсе, бірақ қажетті экономикалық тиімділік бермесе, 
кері байланыс басқа сипатта болады. Бұл жағдайда экономикалық жағдай нашар-
лайды, инновациялық үдерістің дамуына бағытталған ресурстар көлемі азаяды
нәтижесінде үдеріс тоқтайды. 
3. Кез-келген зерттеу бағдарламасының табысты болуы, нарықта табысқа ие бо-
луына кепілдік жоқ, таралу перспективасы да анықталмаған, бұл инновациялық 
үдерістің мүмкіндікті сипатын көрсетеді. Өнертабыстың пайда болуы мен оны 
пайдалану арасындағы уақыт (инновациялық цикл) технологиялық деңгей, орта-
ның бейімделу қабілеті және сыртқы экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп 
отырады. Егер жоғары дамыған елдерде инновациялық циклдің ұзақтығы – 5-6 
жылды құраса, дамыған елдерде – 5-25 жылды, дамушы елдерде – 15-25 жылды 
құрайды. 
4. Инновациялық үдерістің әлеуметтік маңызы бар, өйткені ол әлеуметтік ортада 
өтеді, әлеуметтік қажеттіліктер мен әлеуметтік өзгерістерді талап етеді. Иннова-
циялық үдерістерді жоспарлау және басқаруда оның әлеуметтік салдарларын есеп-
ке алу қажет. Инновациялық үдерісті түрлі позициядан, әр түрлі деңгейде, соның 
ішінде, төмендегідей бөлікте қарастыруға болады: 
а) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, инновациялық, өндірістік қызмет пен 
маркетингті параллельді-бірізді жүзеге асыру; 
б) жаңа ендіру циклінің уақыттық кезеңі ретінде – идеяның пайда болуынан 
бастап оны жасау және таратуға дейін
в) өнім немесе қызметтің жаңа түрін таратуды жасауды қаржыландыру және ин-
вестициялау үдерісі ретінде. Бұл жағдайда ол инвестициялық жобаның шаруашы-
лық практикасында кең тараған жеке жағдай ретінде көрінеді. 
Жалпы алғанда инновациялық үдеріс өнертабысты, жаңа технологияларды, өнім 
түрлері мен қызметті алу және коммерциялаудан, өндірістік, қаржылық, әкімші-
лік немесе тағы басқа сипаттағы мәселелерді шешу және басқа да интеллектуалды 
қызметтің нәтижелерінен тұрады. 
Академик Р. С. Кареновтың еңбектерінде инновациялық үдерістің кибернетика-
лық моделінің мәні толық ашылған. Жаңадан ендіруді жасауда кері байланыстың 
маңызы зор екендігі белгілі. Инновациялық үдерісте кері байланыс оның кезеңде-
ріндегі жұмыстар нәтижесі туралы ақпарат түрінде беріледі. 
Іргелі, ізденісті, қолданбалы зерттеулер кезеңдеріндегі инновациялық қызмет-
тің нәтижесі жеке меншік және тауардың нысаны болған интеллектуалды өнім бо-
лып табылады [2]. 
Соңғы жылдары педагогикада практиканы және жұмыс әдістерін қайта құру 
жүргізілуде, жоғары оқу орындарында оқытудың пассивті әдісі емес, белсенді 
және интербелсенді әдісі мен түрі кең таралуда [3]. Дидактикалық үдерістегі оқу-
шылардың қарым -қатынас мәдениетінің деңгейін жоғарлатуға деген қажеттілік 
мектеп оқушыларының өздері оқып жатқан пәнге деген қызығушылығын ынта-
ландыратын танымдық белсенділігін жоғарлатудың қажеттілігін анықтады. Бұл 


330
міндеттерді шешуде оқытудың интербелсенді тәсілдері мен түрлері көмектесе алады. 
Оқытудың мұндай түрлерін пайдалануды оқытудың әртүрлі кезеңдерінде қолдануға 
болады. Мұндай сабақтарда оқушылар әрқашан қызығушылықпен жұмыс істейді. 
Қазіргі уақытта оқытудың үш моделі қолданылуда: пассивті, белсенді және интер-
белсенді [4]. 
Қазірде кең қолданылатын оқытудың пассивті моделінде, оқытушы- негізгі тұлға, 
ал оқушылар – пассивті тыңдаушылар. Оқытушының оқушылармен байланысы сұ-
рақ-жауап жүргізу (модульді бақылауда – МБ, сынақ, емтихан), бақылау және үй жұ-
мыстарын тексеру арқылы жүреді. Оқытудың мұндай әдісі толықтай жоққа шығаруға 
болмайды, өйткені бұл әдістің бірқатар артықшылықтары да болды: 
- сабақтарға әдістемелік тұрғыдан дайындалуға көп уақыт кетпейді, конспектіле-
рі, жаттығулар және т. б. дайын беріледі, оқушыға көптеген оқу материалын ұсынуға 
мүмкіндік бар; 
- егер оқушының нақты мақсаты болса, меңгеріп отырған пәніне ынтамен қараса, 
оқушы кең көлемде білім алады. 
Осы белгілерімен байланысты оқытудың пасивті әдісі оқу үдерісінде кең таралған. 
Оқытудың белсенді моделі оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестік қарым- қа-
тынасына негізделген, яғни олар оқу үдерісінің белсенді қатысушылары болып табы-
лады. 
Оқытудың интербелсенді моделі тек қана оқушылардың оқытушымен өзара әре-
кеттестік қарым- қатынасына ғана емес, бір- бірімен өзара әрекеттестігіне құрылған. 
Оқытушының рөлі оқушылардың қызметін сабақ мақсатына жетуге бағыттаудан тұ-
рады. Сабаққа топ оқушыларының барлығының қатысуы міндетті. Әрбір оқушы өзін-
дік үлес қосады, жұмыс барысында білім, идея, әрекет тәсілдерімен алмасады. (Әрбір 
оқушы толық талдау жасайды, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетеді). 
Проблемалық жағдаятты шешу миға шабуыл тәсілін қолдану арқылы шешіледі. 
Оқытудың инновациялық әдісі бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиетті зерттей 
отырып, біз поэманы оқытудың интербелсенді моделін жасадық, біздің ойымызша, 
қазіргі таңда бұл әдіс оқушыларды оқыту мен олардың бойында кәсіби әдебиеттану-
шылық жұмыстар мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. 


331
1-кесте. Поэма жанрындағы шығармаларды оқытудың интербелсенді моделі

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет