се, жаула, жам, тапсырыс, бағыттама, көрсетпе, т.б. сөздер бүгінде әдеби тілі-
міздің сөздік қорынан орын алды. Тапсырыс, бағыттама, көрсетпе, т.с.с. сөздер
соңғы жылдары жаңа сөздер ретінде қолданылып келеді. Мысалы, тапсырыс сөзі
жергілікті тілде «тапсырма» мағынасында (задание) жұмсалса, бүгінде орысшада-
ғы заказ сөзінің орнына қолданылып жүр. Көрсетпе сөзі де терминдік мағынаға
ие болды. Теңіздегі ауа райын сипаттайтын қышын, жаула, жам сөздерінің ішінде
(23-б.) жаула, жам сөздері біртомдық «Қазақ сөздігіне» (2013) енгізілген.
Ғалымның келесі бір диалектологиялық зерттеулерге мұрындық болып, ден қой-
ған бағыты лингвистикалық география немесе ареалдық лингвистикамен байла-
нысты. Қазақ диалектологиясының дepбec caлacы peтiндe лингвoгeoгpaфия XIX
35
ғacыpдың coңғы шиpeгiндe қaлыптacты. Ғылыми еңбектерде лингвистикалық геог-
рафия диалектілік құбылыстардың таралу шегін, аймағын лингвистикалық карта-
лар жасау арқылы анықтайтын диалектологияның бір саласы ретінде танылған. Әр
aлyaн тiлдepдeгi диaлeктілік құбылыcтapдың көптeп жинaлyы мұндaй құбылыc
aтayлының тapaғaн шeгiн aнықтayды қазақ тiл бiлiмпaздapының aлдынa мiндeт eтiп
қoйды. Зepттeyдiң бұл әдiciнiң мәнi – нaқтылы тiлдiк құбылыcтapды гeoгpaфиялық
кapтaның бeтiнe түcipiп, coл apқылы oның тapaғaн жepлepiн aнықтay.
Қaзaқ лингвиcтикaлық гeoгpaфияcы 60-жылдapдың орта шeнiнeн бacтaп жocпap-
лы түpдe қoлғa aлынды. Қaзaқ тiлiнiң диaлeктoлoгиялық aтлacынa apнaп мәлiмeт
жинay үшiн Ж.Дocқapaeв пен Ш.Capыбaeв 1966 жылы қaзaқ диaлeктiлepiнiң дыбыc,
лексика, грамматика жүйeciн қaмтитын 145 cұpaқтaн тұpaтын бaғдapлaмa жacaды
[4]. Осы бaғдapлaмa бoйыншa 1966-1969 жылдap apaлығындa жep-жepгe диaлeктoлo-
гиялық экcпeдициялap шығapылып, oлap Қaзaқcтaнның oңтүcтiгi мен oңтүcтiк-шы-
ғыc өңipiн, Орта Азия pecпyбликaлapының қaзaқтap шoғыp opнaлacқaн ayдaндapын
қaмтып, қыpyap дepeк жинaды. Осы дepeктep нeгiзiндe бip топ қaзaқ диaлeктoлoг-
теpі 70-жылдapдың бас кeзiндe aтaлғaн өңipлepдeн жинaлғaн тiлдiк құбылыcтap-
дың apacынaн бacты-бacты дeгeндepiн ipiктeп aлып, карта бeтiнe түcipiп, 250-дeн
acтaм лингвиcтикaлық карта жacaп шығapды. Kapтaлapды жacaғaн да, oғaн кepeктi
мәлiмeттi экcпeдициялapғa шығып жинaғaн да – Қaзaқ ССР Fылым aкaдeмияcы
Tiл бiлiмi инcтитyтының coл кeздe Диалектология бөлiмi дeп aтaлғaн бөлiмiнiң ғы-
лыми қызмeткepлepi Ш.Ш.Capыбaeв, O.Haқыcбeкoв, C.Oмapбeкұлы, Ж.Бoлaтoв,
Ә.Hұpмaғaмбeтoв, Қ.Aйтaзиндep бoлaтын.
Қaзaқ тiлiнiң диaлeктoлoгиялық aтлacын жacayдың бipқaтap мeтoдикaлық
мәceлeлepiн cөз eтeтiн Ш.Capыбaeвтың aлғaшқы мaқaлacы [5], T.Aйдapoвтың
«Лингвиcтикaлық география» дeгeн, кейін Өзбeкcтaн жepiндeгi қaзaқтapдың тiлiн
лингвиcтикaлық география тұpғыcынaн зepттeyгe apнaлғaн кiтaптapы aтлacқa ар-
найы жинaлғaн фoнeтикaлық epeкшeлiктepдi iшiнapa түciндipyгe apнaлғaн O.Ha-
қыcбeкoвтiң мaқaлacы [6] да «Қазақ тілінің кіші лингвистикалық атласын» жасауға
негіз болды. Академик Ш.Ш.Сарыбаев ғылыми еңбектерін қазақ диалектологиясы-
на ілесе дамып келе жатқан жаңа лингвистикалық география саласындағы ізденіс-
терімен де ұштастыра зерттеу жүргізді, «Қазақ тілінің диалектологиялық атласын»
жасауға қатысты.
Айтылып өткендей, әр жылдары диaлeктoлoгиялық aтлacқa apнaп мәлiмeт жинay
үшiн жүргізілген диалектологиялық экспедициялардың нәтижелері, одан бөлек
диалектологиялық сөздік түзудегі күрделі мәселелер, қажетті мәліметтер, канди-
даттық, докторлық монографиялық зерттеулер бойынша мақалалар «Қазақ тілі та-
рихы мен диалектология» мәселелері» жинағында жарияланып тұрды. Академик
Ш.Ш.Сарыбаевтың басқаруымен, әрі тікелей қатысуымен 1950-1970 ж. бұл жинақ-
тың 8-шығарылымы жарық көрген екен. Бұл жинақтарда диалектология ғана емес,
қазақ тілі тарихының мәселелеріне арналған жарияланымдар да ғылыми көпшілік-
тің назарына ұсынылып отырды.
Соңғы осындай жинақ белгілі ғалымдар Б.Әбілқасымовтың 75 жылдығы, С.О-
марбековтің 85 жылдығына арналған дөңгелек үстел материалдары «Қазақ тілі
36
тарихы мен диалектология мәселелері» [7] деген атаумен шықты. Біздің ойымызша,
содан бері жинақталған материалдарды реттеп, осы жинақта қайта жариялауға болар
еді. Бұл кейінгі жарық көретін диалектологиялық не аймақтық сөздікке бірден бір да-
йындық болады деп білеміз.
Сонымен қатар ғалымның диалектология саласына қосқан ғалымның үлкен үлесі
– диалектологиялық зерттеулер нәтижесін жоғары оқу орындарының филология фа-
культеттеріндегі оқу процесіне енгізуге айрықша көңіл бөлгені. ЖОО студенттеріне
арналған «Қазақ диалектологиясының мәселелері» деген қазақ тіліндегі тұңғыш оқу
құралын Ғ.Қалиев жазса, кейін бұл оқулық толықтырылып, Ш.Ш.Сарыбаевпен бірге
«Қазақ диалектологиясы» деген атпен 1967 жылы жарық көрді. Бұл оқулық [8] бірнеше
рет толықтырылып басылып, әлі күнге жоғары оқу орындарында қазақ диалектология-
сы бойынша оқытылып келеді. Диалектология оқулығы еліміздегі филология маман-
дықтарына арналған бірден бір негізгі оқулық болғанын, кейіннен О.Нақысбековпен
бірге дайындап, бастырып шығарған «Қазақ диалектологиясы. Практикумынан» басқа
осы пән бойынша оқулық жарық көрмегенін айта кету керек. Филолог мамандығына
оқып жүрген студенттер әр өңірдің қазағының тіліндегі ерекшеліктердің әртүрлі сипат-
та, оның өзіндік себептері жайында ғылыми негізделген тұжырымдарды алғаш осы оқу
материалынан оқып танысады.
Кітап екі бөліктен тұрады, бірінші бөлікте қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің
жалпы сипаты, жергілікті диалектілерді зерттеудің маңызы, кеңес дәуірінде және оған
дейінгі зерттелу тарихы, ұлттық тіл мен қазақ тілінің өзге өмір сүру формаларынан өзге-
шелігі, оның ішінде басқа бейәдеби лексикалық топтарға қатысы (жаргондық сипатта-
ғы ескі кітаби элементтер, арготизм, қарапайым сөздер) сөз етіледі. Еңбекте Ж.Аймауы-
товтың мақаласынан бастап С.Аманжолов, Ж.Досқараев, Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев
сынды қазақ диалектологиясының негізін салушылардың қазақ тілінің диалектілерін
топтастырудағы көзқарастары талданады, қазақ тілі сөйленістерінің классификациясы
келтіріледі. Авторлар диалектологтардың классификацияларына талдау жасап, соңғы
зерттеулерге сүйеніп, қазақ тілінің жергілікті тілі сөйленістік сипатта, олар өз ішінен
оңтүстік, батыс, орталық-солтүстік және шығыс сөйленістер тобы деп 4-ке бөліп атап
көрсетеді. Бүгінде қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін сөз еткенде тіл зерттеушілер
осы классификацияға сүйенеміз [8]. Қазақ сөйленістеріндегі негізгі фонетикалық, лек-
сикалық, грамматикалық ерекшеліктер айқындалып, олардың көркем әдебиет, баспасөз
тіліндегі көрінісі, олардың мақсатты-мақсатсыз, сәтті-сәтсіз қолданысы, кәсіби және
аймақтық лексика әдеби тілімізді байытудың дереккөзі ретінде қарастырылу жайы,
диалектілік құбылыстардың шығу төркіні, таралу көлемі, қамтитын аудандары, батыс,
шығыс, солтүстік-орталық, оңтүстік сөйленістерінің топтарға ажыратылуы зерттеуші-
лер үшін аса бағалы мағлұмат болып табылмақ.
Қазақ диалектологиясында ұйымдастырылған экспедициялардың материалдары Тіл
білімі институтының Ш.Ш.Сарыбаев басқарған Диалектология бөліміндегі картотека-
лық қорда сақталып, үнемі толықтырылып отырды. Нәтижесінде жылдан жылға халық
тілінің сөздік қоры молайып, арнайы диалектологиялық сөздік түзу мүмкіндігі туды.
Қазіргі таңға дейін қазақ тілінің диалектологиялық сөздіктері тілдік материалдармен
толықтырылып, үш рет басылып шықты.
37
Алғаш 1969 жылы шыққан шағын диалектологиялық сөздік, одан кейінгі екінші ба-
сылымы 1996 мен 1999 жылдары жарық көрген 2 томдық диалектологиялық сөздік
және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2005 ж. жарық көрген «Қазақ
тілінің аймақтық сөздігін» айрықша атап өтуге болады. Ш.Ш.Сарыбаев бұл лексиког-
рафиялық еңбектердің жауапты редакторы әрі авторы болып, толықтай қатысты.
1969 жылы жарық көрген 27 баспа табақтан тұрған алғашқы «Диалектологиялық
сөздікте» алты мыңнан астам сөз қамтылды [9]. Осы сөздікті құрастыру үстінде
С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың жоғарыдағы аталған сөздіктерімен қатар Тіл бі-
лімі институты диалектология бөлімінің қорындағы лексикалық материалдар мен
диалектоло гия бойынша қорғалған кейбір диссертациялық еңбектердегі материал-
дар пайдаланылды. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін құрастырудың алдын-
да Ш.Ш.Сарыбаевтың авторлығымен оның инструкциясы [10] жасалып, жан-жақты
талқыланды. Диалектологиялық сөздіктер құрылысы, реестрлік сөздерді түсіндіру
принциптері, мысал беру тәртібі жағынан түсіндірме сөздіктің құрылысына ұқсай-
ды. Сондықтан сөздік түзушілер қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің жасау тәжірибе-
сімен танысып, басшылыққа алды. Бұдан басқа диалектологтар татар, азербайжан
тілдері бойынша жасалған диалектологиялық сөздіктердің тәжірибесін, Ф.П.Фи-
лин, Г.Мельниченко, Р.А.Рустамов, Л.Т.Махмутова, Г.Бакинова, Л.А.Покровская,
К.Мұсаев, т.б. ғалымдардың аймақтық лексикографияның түрлі мәселелеріне арнап
жазған мақалалары мен еңбектерін де пайдаланды [11].
Бұл диалектологиялық сөздік бұрын-соңды шығарылған осындай сөздіктердің
ішіндегі ең көлемдісі болса да, оны «толық сөздік» (немесе үлкен сөздік) деп есеп-
теуге болмайтын еді. Өйткені, біріншіден, ол кезде Қазақстан территориясындағы
сөйленістердің бәрінен материалдар түгел жиналмаған болатын. Екіншіден, Түрік-
мен, Орынбор, Қошағаш қазақтарының тіл ерекшеліктері болмаса, Қазақстаннан
тыс жерді мекендеген қазақтардың тіліндегі жергілікті ерекшеліктер жете зерттел-
мегендіктен, 1969 жылғы сөздікке аз көлемде енген. Үшіншіден, сөздіктің көле-
мі көтермегендіктен, жеке монографиялардағы, мақалалардағы материалдар түгел
қамтылмады [11].
Бұл материалдар кейін академик Ш.Ш.Сарыбаевтың редакторлығымен қайта
жарық көрген көптомдық диалектологиялық сөздіктің І-ІІ томдарын (1996, 1999)
құрастыруда пайдаланылды [12]. Сөздікке диалектілік ерекшеліктермен қатар изог-
лостық шегі бар белгілі бір мамандық пен шаруашылықтың түрімен байланысты
қолданылатын жергілікті кәсіби сөздер де, тілімізде өте сирек айтылатын бірен-
саран көне сөздер де қамтылды. Кәсіби сөздердің ішінде әдеби тіліміздің өсуіне,
баюына аса қажетті сөздер де бар. Редактордың пайымдауынша, көптеген сөздер
сөздікке жалпыхалықтың игілігіне айналдыру мақсатымен енгізілген [11]. Олар-
дың көпшілігі қазіргі қазақ әдеби тіліне енген, әлеуеті жоғары сөздер болып отыр.
Сөздіктің тағы бір ерекшелігі – еңбекте Қазақстанның бұрын-соңды зерттелмеген
орталық, солтүстік облыстары мен Тәжікстан, Моңғол Халық Республикаларынан
жиналған тілдік деректер мен иллюстрациялық материалдар қамтылды.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынған тұста жоғарыда атал-
ған сөздіктердің негізінде және соңғы 90-жылдардан бері жүргізілген диалектоло-
38
гиялық зерттеулер, жарияланған мақалалардағы материалдардың басын қосып,
толықтыру нәтижесінде 2005 жылы «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» тұтас бір кі-
тап ретінде жарық көрді [13]. Сөздіктің негізгі материалы ретінде Қазақстан тер-
риториясынан тысқары, шетелдерде өзге тілдік ортада шоғырланып, қоныстанған
қазақтардың, нақты айтқанда, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Тәжікс-
тан, Ресей Федерациясындағы, сонымен қатар алыс шетелдер – Моңғолия, Қытай,
Ауғанстан, Иран елдеріндегі қазақ диаспорасы мен ирредентасының тілінен лекси-
калық, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер пайдаланылды. «Қазақ тілінің
аймақтық сөздігін» түзу барысында 2005 жылға дейін Тіл білімі институтының
Қазақ тілі тарихы және диалектология бөліміндегі картотекалық қордың материал-
дары компьютерлік базаға енгізіп, түгелге жуық электрондық нұсқаға көшірілді.
Ш.Ш.Сарыбаевтың монографиясында диалектологиялық сөздікте ескі кітаби
лексика қамтылмауы тиіс екені айтылған еді. Бұл ұстаным аймақтық сөздікпен
жұмыс барысында басшылыққа алынды. Дегенмен әр өңірден жинақталған жергі-
лікті сөздердің қатарында мұндай лексикалық бірліктер ұшырасып қалады. Кейбір
өңірлерде ескіше оқыған тұрғындардың тілінен жиналған сөздердің ішінде кіта-
би лексика да кездеседі. Әсіресе ондай сөздерді ескі жыр, қисса-дастандардың мә-
тіндерінен байқауға болады. Себебі ондай сөздерге арналған арнаулы сөздік бол-
мағандықтан әрі ескі кітаби сөздер бекер қалмас үшін аймақтық сөздікте ішінара
енді. Сондықтан ескі кітаби тілді зерттеушілер үшін де аймақтық сөздіктің мате-
риаларды зерттеу нысаны бола алады. Ғалымның қазақ тіліндегі жергілікті ерек-
шеліктердің қатарында фонетикалық ерекшеліктерді жинақтап, өз алдына сөздік
етіп беру керектігі туралы ұсынысы да зерттеушілерге ой салады. Себебі ондай
еңбек тіл тарихын зерттейтін тарихи фонетика мамандары үшін де құнды дүние
болары сөзсіз.
Диалектология мен тіл тарихын сабақтастықта зерттеген ғалым – Ш.Ш.Сарыбаев
сол уақытқа дейінгі зерттеу еңбектерді шолып, саралау нәтижесінде қазақ тіл білі-
мінде сипаттама диалектологияның негізі қаланғанын нақты дәйектер келтіре оты-
рып, жүйелі түрде дәлелдеп берді. Қазақ диалектологиясының өткені мен бүгінін
таразылай келе осы сала бойынша болашақта қандай бағытта зерттеулер жүргізу
қажеттігін, қандай мәселелерге ерекше назар аудару қажеттігін айта келіп, бағдарла-
ма сипатты нұсқауларын да берді. Академик диалектологиялық зерттеулерді тари-
хи-диахрондық бағытта жүргізу қажеттігін айта келіп: «Жергілікті диалектілер мен
сөйленістерді зерттемейінше халықтық, ұлттық тілдер мен әдеби тілдің қалыптасуы
тарихын толық білу мүмкін емес», – деген еді. Ғалымның бұл ұстанымы бүгінгі таң-
да еліміз бет алып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен де өзектес, мазмұн-
дас болып отыр. Ғалымның көрегендікпен айтып кеткен тұжырымдары қазақ тіл бі-
лімінде әрі қарай сабақтастық тауып, бүгінгі таңда диалектологиялық зерттеулерді
жаңа бағытта, инновациялық жаңа парадигмалар негізінде талдауға мүмкіндік беріп
отыр. Соған байланысты бұл салада антропоөзектік бағыттағы зерттеулерге ерекше
көңіл бөлініп, лингвомәдениеттаным, лингвоелтаным, когнитивті лингвистика са-
ласындағы зерттеулер жанданып келеді. Ендеше, академик Ш.Ш.Сарыбаевтың қазақ
әдеби тілі, қазақ диалектологиясына қатысты еңбектері өміршеңдігін ешқашан жой-
39
майды. «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» дегендей, уақыт өткен са-
йын ғалымның қажырлы еңбегі мен тынбай ізденуінің нәтижесінде жасаған ғылыми
дүниесінің маңызы арта бермек.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |