60х84 1-8 Сарыбаев indd


Ш. САРЫБАЕВ АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ


бет25/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Ш. САРЫБАЕВ АЙМАҚТЫҚ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖАЙЫНДА
Булекбаева Л. 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты 
Атабаева М. 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің филол. ғ. д., профессоры 
Этномәдени бірліктер парадигмасының көлемдісі – ас-су, тамақтануға байла-
нысты бірліктер деуге болады, өйткені тағам, оның түрлері, тамақтану үрдіс-дәстү-
рі халық мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл парадиг-
мада халықтың географиялық жағдайына үйлескен өндірістік қатынастар үдерісін-
дегі тіл иелерінің шаруашылық әрекетінің нәтижесі түгел көрініс табады. Этногра-
фиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда, заттық мәдениеттің киім-кешек, үй-жай 
т.б. түрлері сияқты емес, тамақ, тамақтану дәстүрі этникалық, мәдени-тұрмыстық 
белгілері жағынан тұрақтылығымен ерекшеленеді [1, 25-б.]. 
Этнографиялық мазмұнды аймақтық сөз, оның ішінде ас-суға байланысты атау-
лар сол аймақ тұрғындарының тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі сияқты ерекшеліктер-
ді білдіреді. Әдеби тілде оның баламасы болмауы да немесе басқа атауы болуы 
да мүмкін. Нарын – оңтүстік аймағында тағам атауы, етін де, нанын да ұсақ етіп 
тураған ет. Нарынға қара бұрыш, айран қосады (Мер). Нарын – бұл елдің ең жақсы 
тамағы, тек сыйлы қонаққа ғана береді (Сыр). Осы сөз – кең таралған географиялық 
атау (Нарын құм, Нарынқұдық, Нарынқопа, Нарынқол т. б). Ұ. Р. Ержанова нарын 
сөзіне қатысты деректермен қатар оның: 1) жіңішке, нәзік; 2) жинақты, ұқыпты; 
3) шебер, қу, айлакер; 4) сараң, қатты мағыналарын келтіреді. Қазақ жеріндегі құм 
атауын білдіретін «Нарын» осылардың «жіңішке, нәзік» мағынасынан шыққан деп 


49
есптейді, өйткені Нарын – басқа құмдарға қарағанда, кішкене, шағын және сусыған 
нәзік құм. Ғалым пікірі Нарын сөзі «күн, күнгей» мағынасынан гөрі аумақ, көлем 
өлшемін білдіретін монғолдың «нарийн» сөзінен шыққан деген жорамалдың дұ-
рыстығына саяды [2, 33-б.]. Ендеше қазақ сөйленістеріндегі тағам атауы мен то-
понимдердің арасындағы байланыс қандай деген сұраққа да осы «нәзік, жіңішке» 
ұғымы жауап бола алды. Бұл – тамақтың жеңіл де, қолайлы, сыйлы түрі. Оны үлкен 
асқа дейін сыйлы, үлкен кісілерге ұсынады [3, 207-б.]. 
Этнография ғылымын ас-су, азық-түліктің өндірілуі мен тағамның дайындалуы-
нан гөрі, этнос тіршілігінің өзге қырларымен байланысты адамдар, тұтас халықтар 
арасындағы қарым-қатынасы мен бір-біріне тигізетін әсеріндегі тұрмыстық мәде-
ниет құбылысы ретіндегі қызметі көбірек қызықтырады. Әр халықтың қолданатын 
азық-түлік жиынтығы мен оларды өңдеу тәсілдерінде, тағам түрлері, дәстүрлі ас 
мәзірі, той т. т.б. дастарханы тәрізді жағдайларда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе 
жатқан материалдық және рухани мәдениетінің көріністері өзектесе жүреді, бас-
қаша айтқанда, өмірдің әр кезеңіндегі әртүрлі жайттар ас-су, тамақтану дәстүрлері 
арқылы өрнектеліп отырады. С. Мұқанов ежелгі қазақ ауылдарының негізгі азығы 
малдың еті мен сүмесі (сүті) болғанын айтады [4, 107-б.]. Түркі халықтарын ант-
ропологиялық ерекшелігі тілі тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып т.б. қырларынан салыс-
тыра зерттеуші С. Бизақов «Қазақтың ұлттық тағамы оңай даярланатын, химиялық 
құрылымы денсаулыққа пайдалы тағамдар» [5, 50-б.], -деп, қазақ халқының негізгі 
азығы ет, сүт, ұн тағамдары екенін атап көрсетеді. С. Кенжеахметов «Ас-адамның 
арқауы» деп тауып айтқан қазақ дастархан байлығына ерекше мән беріп қараған. 
Тағам түрлерін ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет) және көк (жеміс) деп үшке бөлген» [6, 
88-95-б.], – деп, сусын мен жеңсік тағам: қымыз, шұбат, құрт, құрт көже, ежігей, 
ірімшік, сарысу, ақлақ, қатық, айран, сүзбе, торта, келсоқ, балқаймақ, сөк, жент, 
мыжыма, қарма, томыртқа, ақтүймеш, бұқпа, мипалау т.б. түрлерін атайды бұ-
лардың арасында: ежігей, ақлақ, келсоқ, балқаймақ, бұқпамипалау, ақтүймеш 
аталатын түрлерінің аймақтық сипаты бар, аймақтық сөздіктерге енген. 
Ас-су, азық-түлік атаулары сан жағынан көп болмағанымен, алғашқы экспедиция 
материалдарынан-ақ тақырыптық топтардың ең негізгілерінің бірі ретінде көрінеді. 
С. Аманжолов оңтүстік аймағы бойынша: атала, аймаш/ нан салма, ауқат, ақта, 
шұқпа зуала, қима/ құймақ, мас көже, майек, насыр көже, пал, патырман, пәтір/
пәте, сүзбе нан, сәме/шамба, салма нан, тақпа/тұқпа, тұқым, түймеш, тоқаш/
шүрек, топ/төп, тураған, чікілдек, шүбет, әсел, үзбен, қиықша, қайнатпа нан, қа-
рыма, ұстаған тәрізді отыз шақты, батыс диалектісінен: ардап, бүжі/бұжы, бұж-
бан, дуан, жаламат, жаламық, жари, кіре/кере, кермек, кілегей, нан ысу, өтпек, 
сужік, талқы шай, төп, шама/шәмбе, қыз алар, қымыран тәрізді он сегіз жергілікті 
атауды көрсеткен [7: 305-306-б.; 371-б.]. 
Батыс сөйленістерінің ерекшеліктері бұдан кейінгі кезеңдердегі зерттеулер арқы-
лы толыға түсті. С. Омарбеков Маңғыстау қазақтары өмірінен батыс сөйленістері 
бойынша С. Аманжолов атаған бірліктерден өзге төмендегідей деректерді келтіре-
ді: женшекей – ірімшік, тарың құрт, т.б. араластырып жасайтын тағам, әдеби тіл-
де – жентжент- ұлттық тағам, шай мәзіріне жатады; май түймеш – женшекей 


50
тәрізді тағам, тарыға қант, ірімшік араластырып, келіге түйеді оған сүт, май қоса-
ды, Торғай жағында мұны келісоқ деп атайды; дағара –үлкен етіп пісірілген нан; 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет