51
сика семантикалық топ өзара байланысты ұғымдар екені көрінеді [14, 128-135-б.].
М. Атабаеваның диалектілік семантиканың мәселелері қаралатын еңбегінде ай-
мақтық лексиказат, сын, қимылт.б. Ұғым атауларын
білдіретін сөздер сипатында
топталып, зат есімдердің қырық тоғыз, сын есімдердің алты, етістіктердің тоғыз
тақырыптық тобы жіктеліп сипатталады [3, 5, 28-б.], ал Ш. Сарыбаев пен О. На-
қысбековтың аймақтық лексика жайлы еңбегінде қазақ тілінің жергілікті ерекше-
ліктерінен бойынша тіркелген материалдар жинақталып, ұғымдық-атауыштық мә-
ніне қарай (зат, сын, сан, қимыл, мезгіл, мекен, көңіл-күйатаулары, есімдік, шылау)
макротоптарға, іштей жіктеліп микротоптарға бөлініп алынған [11]. Аймақтық лек-
сикадағы семантикалық өзгерістер жайында кең көлемдегі зерттеу Ш. Сарыбаев-
тың «Казахская региональная лексикография» еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде
диалектологиялық сөздік жасаудың теориясы мәселелерін шешудегі аймақтық сөз-
дің белгілері мен олардың семантикалық жақтан топтастырып жіктеу мәселелеріне
тоқталған. «Сөз семантикалық жақтан семантикалық байланыстың екі типі: пара-
дигмалық және синтагмалық типі арқылы сипатталады, сондықтан сөз семаларын
айқындауда осы екі типтің біріне сүйену керек [3, 56-б.]. Семантикалық парадиг-
мадан атаулар арасындағы мағынаны анықтауға болады. Парадигмалық байланыс
парадигмалық мағынадан жасалады. Парадигмалық және синтагмалық мағына бі-
рімен-бірі байланысты, себебі парадигма қатарындағы сөз қандай парадигма жү-
йесіне енуіне қарай өзінің синтагмалық қатынасын белгілейді. Егер ас-су,
тағам
атаулары тобына қатысты болса, сөз табы ретінде – зат есім сондықтан олардың
синтагмалық мағынасы септелу жүйесі (парадигмасы ) арқылы анықталады. Ш. Са-
рыбаев аталған еңбегінде аймақтық сөзді сематикалық ерекшеліктеріне қарай: омо-
ним және көпмағыналылық, антонимдік мағына, дублет және синонимдерге бөліп,
аймақтық сөзге тән ерекшеліктерін көрсеткен.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: