Пайдаланылған әдебиет:
1. Современные этнические процессы в СССР. -М., 1975. -с. 300
2. Ержанова Ұ. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этнолингвистикалық
сипаты. // Филол. ғыл. канд. дисс. авторефераты. – Алматы, 1998. – 25 б.;
3. Атабаева М. Диалектілік сөз мағынасы. – Алматы: РБК, 1996. -116 б.
4. Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы: Қазақстан, 1974. – 236 б.
5. Бизақов С. Түрік әлемі. -Алматы: ИИа Айкос, 1998. -232б.
6. Кенжеахметов С. Жеті қазына. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 128 б
7. Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. -Алма-
ты: Сөздік-словарь, 2004. -536 б.
8. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. -Алматы:
53
Ғылым, 1965. -201б
9. Нұрмағамбетов Ә. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. -Алматы: Мектеп,
1985. -160б.
10. Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері. – Алматы: Мектеп, 1981.
-135 б.
11. Сарыбаев Ш., Нақысбеков О. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы. – Алматы:
Ғылым, 1989. -192б.
12. Айдаров Т. Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері. -Алматы: Мектеп, 1975.
-184б
13. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы: Арыс, 2000. – 624 б
14. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991. – 216 б.
АКАДЕМИК Ш.Ш.САРЫБАЕВ –
ДИАЛЕКТОЛОГ ЛЕКСИКОГРАФ
Көбденова Г.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері,
филол. ғ. к.
Дүйсенбаева Э., Ақшылбаева Ш.
Тілдің жергілікті ерекшеліктері –
терең ескіліктің жанды куәгерлері
(Ш. Ш. Сарыбаев)
ХІХ ғасырдағы диалектологиялық мағлұматтар фольклорлық материалдарды
жинаумен байланысты болды. Г. Потанин, О. Әлжанов, Дүйсембаев, Д. Айманов,
Ғазин және т. б. солтүстүк-шығыс облыстардың диалектілерін, А. А. Диваев, Н.
Н. Пантусов, М. Миропиев және Шайхул-Ислам Юсупбеков оңтүстік облысының
фольклорын, ал Н. И. Ильминский, А. Е. Алекторов, А. Васильев, И. В. Аничков
және В. В. Радловтар батыс өңірінің фольклорын жинастырды. Қазақ тіліндегі го-
ворларды зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар революциядан бұрынғы зерт-
теушілер А. А. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш. Ш. Уәлиханов, А. А. Диваев, И. В.
Аничков, И. Лаптев т. б. бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсқаларында кезде-
седі. Диалектология мәселесімен арнайы шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шені-
нен басталады. Қазақ тіліндегі диалектілер мен говорлардың төңкерістен бұрынғы
жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың
ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен шұғылданбады. Бірақ со-
ған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен
сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер мен дыбыстық, грамматикалық тұлғалар
белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар
мен грамматикаларда жекеленген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар
54
немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-бөлінбеуі жайында жол-жөнекей айтыл-
ған бірен-саран пікірлер бар.
Қ. Кемеңгерұлының тілдік мұраларын зерттеуші О. Жұбаеваның көрсетуінше,
«Қ. Кемеңгерұлы – алғашқылардың бірі болып жергілікті тіл ерекшеліктерін сөз
етіп, оларды жинастырып, бастыру қажеттігін айтқан ғалым. Қазақ тілінде жергі-
лікті сөздердің бар екендігін және оны жинастыру қажеттігін мәселе ретінде күн
тәртібіне қойып, осы мақсатта өзі де кейбір сөздердің аймақтық сипатын көрсе-
тіп отыруға тырысқан. Бұған дәлел «Қазақша-орысша тілмаш» (1925 ж. ) кітабы,
«Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсініс» деген мақаласы. «Қазақша-орысша тіл-
машта» жергілікті сөздерді беріп, оның мәні мен таралу аймағын көрсетіп отыра-
ды» [1, 152-153 б.].
1926 жылы Жүсіпбек Аймауытұлы «жергілікті ерекшеліктер» деген атауды ал-
ғаш ұсынып, қазақ диалектологиясы бойынша тұңғыш мақала жазды [2].
1934 жылдан бастап қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер мәселесі күн тәр-
тібіне қойылып, зерттеле бастады. Ал 1937 жылы алғашқы лингвистикалық экс-
педициялар ұйымдастырылды. Бірінші экспедициялар: Алматы облысы Кеген-На-
рынқол ауданында; Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында; Қарағанды
облысы Нұра аудандарында жүргізілді. ХХ ғасырдың екінші жартысы 1955 жылдан
бастап жергілікті ерекшеліктер жалпы тілдік жүйенің белгілі бір саласы ретінде
қарастырылып, ғылыми тұрғыдан танудың салдарынан оларды диалектологиялық-
сөздікке жинақтау мәселесі өзекті мәселеге айналды. Бұл қазақ тілінің диалектоло-
гиялық лексикология мен лексикографиясының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді.
Жалпыхалықтық лексикалық жүйенің белгісі ретінде диалектілік деректерді зерт-
теу мен жинақтау жұмыстары саналы және мақсатты түрде басталды. 1960 жылда-
ры «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты жинақтың шы-
ғып тұруытіл мен диалектінің тығыз байланысын нақтылай түсіп, диалектология-
лық зерттеулердің кең құлаш алуына септігін тигізді. Қазақ диалектологиясының
алғаш зерттелуі және қалыптасу тарихы, оның теориясы мен тәжірибесі проф. С. А.
Аманжолов, Ж. Досқараевтың есімдерімен тығыз байланысты. Бұл салада зерттел-
ген еңбектердің алғашқысы да, бірегейі – С. Аманжоловтың 1959 жылы жариялан-
ған «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» атты монографиясы [3].
Диалектілік лексика сөздік құрамның бір бөлшегі, қабаты ретінде танылып, ескілік-
тің куәгері екендігі дәлелденіп, жан-жақты зерттеле бастады. Қазақ тіл білімінде-
гі диалектологиялық зерттеулердің негізін салушы ғалымдарымыз С. Аманжолов,
Ж. Досқараев, Н. Т. Сауранбаевтың еңбектерінен басталған осы жұмыс және басқа
да зерттеушілердің ғылыми мақалаларында өз жалғасын тауып, халық тарихына
байланысты қазақ диалектологиясының теориялық мәні бар мәселелер қозғалып,
оларды тіл тарихымен байланыстыра отырып, қазақ тіліндегі жергілікті ерекше-
ліктердің пайда болуы, жалпы сипаты жайында бірсыпыра пікірлер айтылды. Ғ.
Мұсабаев тарихи-салыстырмалы зерттеу негізінде қазақ тілі тарихы мен диалек-
тологиясының қалыптасу тарихын зерттеп, лексикалық сөз байлығының қорлану
барысын анықтауға тырысты.
1970 жылдардың басында Ш. Ш. Сарыбаев «Казахская региональная лексиког-
рафия» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады [4]. Бұл бүгінгі күні
55
қолға алынып жатқан тарихи лексикография саласы үшін өзіндік орны бар, тари-
хи бағыттағы сөздіктердің бірінен саналатын диалектологиялық сөздікке қатысты
теориялық мәні зор ғылыми жұмыс болды. Ш. Сарыбаев қазақ тілінің аймақтық
лексикографиясының теориясы мен тәжірибесін, Ж. Болатов қазақ тілінің шығыс
говорлар тобын, Ә. Нұрмағамбетов батыс говорлар тобын және аймақтық сөздердің
этимологиясын, О. Нақысбеков оңтүстік говорлар тобын, С. Омарбеков қазақ тілі
говорларының дыбыстық жүйесін, Ғ. Қалиев қазақ тіліндегі диалектілік сөз туды-
ру ерекшеліктерін, Ж. Айдаров Өзбекстандағы қазақтардың тілдік ерекшеліктерін,
Б. Өтебеков Ауған, Иран қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді, А. Ж.
Үдербаев Монғолиядағы қазақ диаспорасының тіліндегі фонетикалық ареал құ-
былыстарды салыстырмалы түрде зерттеп, Х. Кәрімов т. б. зерттеулерінен өз жал-
ғасын тауып, монографиялар жарияланды. Осы еңбектердің негізінде диалектілік
ерекшеліктерді жүйелі түрде жан-жақты зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы нақты
түрде ғылыми дәйектелді.
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |