60х84 1-8 Сарыбаев indd


Қымыран сөзінің шұбат мағынасынан шашыраңқы диалектілік полисемия та- райды:  1)


бет28/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Қымыран сөзінің шұбат мағынасынан шашыраңқы диалектілік полисемия та-
райды: 
1) сиыр сүті мен су қосылған қымыз ( Жамб. Мер., Қорд. ); 2) шалап, айран-
ға су қосып жасайды (Көкш., Қ. ту); 
3) жылы сиыр сүтін қосқан қымыз (Рес., Орын. 
). Қатырма – 1) Жұқа етіп жайып, қазанға не табаға пісірген нан ( Егемберді берді 
ғой қатырманы, қатырманы берді де қатырғаны). Бұл мағына Жамбыл облысының 
Жуалы, Шымкенттің Түлкібас, Ақтөбе облысының Ключевой аудандарында қол-
данылады; 2) қазанға пісірген нан (Майын көп қосса, қатырма тәтті болады(Рес., 
Омбы); 3)нанды дөңгелектеп жұқа жайып пісірген нан (Қатырманы ораза кезінде 
көп жасайды(Шымк., Түркіст. ). Осы сөздің Талдықорғанда «турап, қарынға салған 
ет» мағынасы бар, бұл аталған мағыналармен омонимдік қатар жасайды. Біртұтас 
полисемияның мағыналары бір не бір-біріне жақын сөйленістерге таралады және 
мағыналарының бәрі де сол тіл иелерінде қатар қолданыла береді. Үзбен: 1) кеспе 
көже (Мына қонаққа жақсылап тұрып, сүт қақан үзбен жасап бер(Ақт., Ойыл); 2)
етке салатын нан; 3) жүгерінің қамырынан үзіп жасалған тағам; 4)балыққа қамыр 
қосып пісіретін тамақ(Кедейлер бұрынғы уақытта көбінесе үзбен ішетін( Гур., Тең. 
). Қаттама жұқа нанның арасына қаймақ салып орап, майға пісірген нан (Мейман 
келді ғой, қаттама пісір (Алм., Шел); 2) жайылған нанға май жағып қаттап, табаға 
немесе қазанға пісіретін нан. 
Қазақ тілі жергілікті ерекшеліктері жүйесіндегі азық-түлік атауларының түрі, не-
гізінен, жоғарыда аталғандар деуге болады. Тіл деректеріне қарағанда, азық-түлік 
атауларының арасында аса түсініксіз, алшақ тұрғандары аз, керісінше, дыбыстық 
айырмашылығы, семантикалық өзгерістерге ұшырағандары мол кездеседі. Аймақ-
тық лексикадағы ас-су, тағамға байланысты атаулар қазақтың дәстүрлі тамақтану 
жүйесіне енеді. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет