Пайдаланылған әдебиет:
1. Ильминский Н. Материалы к изучению киргизско наречия. - Казан, 1861. - 5 с.
2. Мелиоранский П. М. Записки Восточного отделения императорского русского ар-
хеологического общества, Т. 11. Спб, 1899. 361-с.
3. Кемеңгерұлы Қ. «Қазақша-орысша тілмаш» туралы түсініс // Еңбекші қазақ, 1926,
26 қазан.
4. Аймауытұлы Ж. Тіл туралы // Еңбекші қазақ. - 1926, 9 наурыз.
5. Омарбеков С. Қазақтың ауызекі тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. -Алматы,
1965. - 35-46 б.
6. Малов С. Е. Памятники древнетюркской писменности. - М-Л., 1951. - С. 194,
195, 373.
88
ЕСКІ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Абитжанова Ж., Жақып М., Ешметова Б.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
ғылыми қызметкерлері
Қазақ тілі – көне, ескі тіл. Оның ескілігі көне түркі жазба ескерткіштері тілінен
көрініс тапқан. Қазақ халқының мәдени мұралары мен тілінің тарихы көне заман-
дарға кететіндігін Б. Кенжебаев, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Х. Сүйіншәлиев, Қ.
Сыдиқов сынды ғалымдар көрсеткен болатын.
Қазақтың ескі жазба тілі араб әліпбиі негізінде шамамен ХV ғасырдан ХХ ғасыр-
дың басына дейін қолданылды. Қазақ тілінің ерекшелігіне жақын Орта Азиялық
түркі жазба тіліне тән жазба үлгілер – Әбілғазы Бахадүр ханның Шежіре-и түр-
ки (ХVІІ ғ.) мен Қадырғали Жалайыридің Жамиғат-Тауарих (ХVІ ғ.), Әділ сұлтан
эпикалық жыры және Өтеміс қажының Шыңғыснама атты шығармалары болып
табылады. Сондай-ақ, ескі қазақ тілінің үлгілеріне қазақ хандары мен сұлтандары-
ның сыртқы елдермен жазысқан қатынас қағаздары, хаттары және ақын-жыраулар
шығармалары, риторикалық туындылар (заң, дәстүр, мәдениет, мемлекеттілік т. б.),
лиро-эпостық, батырлар жырлары жатады. Ресей патшасы Елизаветаға Әбілхайыр
ханның жолдаған дипломатиялық жазбалары, Махамбет Өтемісұлы, Ш. Уәлиха-
новтың хат-қағаздарының тілі, Абайдың қара сөзі түріндегі шығармаларының тілі
(Мүрсейіт қағазға түсірген) ескі қазақ жазба тілінің үлгілері болып табылады. ХIX
ғасырдың соңында сөйлеу тілінің ықпалына көбірек ұшыраған ескі қазақ жазба ті-
лінің нормаларында халық тілінің элементтері жүйелі сипат алды. Бұл кезде «Ай-
қап» журналы, « Қазақстан» газеті, т. б. сияқты басылымдардың орны ерекше бол-
ды. Әсіресе ХХ ғ. басындағы көркем әдеби шығармалар тілінде ескі жазба тіліне
тән сөз үлгілерімен қатар сөйлеу тілінің нормалары анық көрінді.
Мәдени ұлттық тарихымызда ескі қазақ жазба тілі ерекше құндылыққа ие. Әдеби
тіліміздің жаңа тұрғыда дамуына ескі қазақ жазба тілі жол салды. Ескі қазақ жазба
тілінде түркілік сөздер, арап-парсы сөздері, қазақтың сөйлеу тіліне тән белгілер
болды. Сондықтан ескі қазақ жазба тілінің емле жүйесі тым күрделі болды. Мұндай
тілдік бірліктердің аралас-құралас болуы емле жүйесін игеруге қиындық тудырды.
Қазақтың ескі жазба тілі бұқаралық сипат алмады, халықтың белгілі бір әлеуметтік
тобы ғана қолданды.
Ескі қазақ жазба тіліне тән бірліктер мен грамматикалық формалар және араб,
парсы сөздері жиі кездеседі. Мәселен, п орнына ф (шарафат), е орнына ә (әгар),
ш орнына ч (үчүн, ачық, т. б), і, ы қысаңдарының орнына ұ, ү (берүб, айтұб, оқұр,
айтұр), ж орнына и (иане, иерде, т. б.), с орнына ш (кіші, шондай, т. б.) жазылады,
араб, парсы сөздері түпнұсқа варианттарымен беріліп отырады хасрет (қасірет),
хұда, хақ (құдай), қимат (қымбат), мағлұм (мәлім), хисап (есеп), иттифақ (ынты-
мақ), мөһір (мөр), дост (дос), хүкім (үкім), әуара (әуре), уалаят (аймақ), раст (рас)
т. б. Сондай-ақ, ескі тілдік бірліктер кездеседі: ачығы (ашуы), ағызы (аузы), ерді
(еді), ойғанды (оянды), иұқлады (ұйықтады), туғды (туды), иоқлады (жоқтады), із-
89
леді (іздеді), сақлады (сақтады), йығлады (жылады), иалғанчы (екіжүзді, өтірікші),
тірік (тірі), тіріклік (тірлік), бойұн (мойын), андан соңыра (одан соң), ұғыл (ұл),
жұрағат (ұрпақ, бала), үшбу (осы, бұл), бiлән, бiрлән, бiрлә, илән (мен, бірге), әйла
(жасау, істеу), дейүп, дейүрлер (деп, дейдi), бағыр (бауыр), бұғаз (мойын) т. б.
Ескі тілімізде көне түркі дәуірінен бері сақталған «түмен» сөзінің қолданысы
байқалады:
Аттарынан жүз түмен құлағанлар,
Көз жастарын сел қылып бұлағанлар.
«Дариға, падишамыз не болды», - деп,
Ойбайласып баршасы жылағанлар [1, 138].
Көне түркілерде түмен «он мың адам/әскер» мағынасындағы сандық жиынтық
атау. Түркі-моңғол ұлыстарында болған әскери-әкімшілік бірлікті «түмен» деп
атаған. Өз кезегінде мыңдық пен жүздікке бөлінген, түменді түменбегі басқарған.
«Түмен» сөзі кейбір фразалық тіркестерде, тарихи әдеби тілде ғана болмаса, бүгін-
де қоғамдық қолданыстан шығып қалған [2]. Алайда «Бірдің кесірі мыңға, мың-
ның кесірі түменге» деген мақал құрамында кездесіп қалады. В. Катаринский 1898
жылы басылып шыққан грамматикасында «түмен» сөзінің төркіні жайында мына-
дай пікір білдіреді: «Дальше миллиона у киргизов нет счета и в случае нужды гово-
рят сансыз бессчетное (число), бесчисленное множество, или тумȫн (монгольское
слово, соответствующее и созвучное славянскому слову тьма), но оно при счете не
употребляется» [3, 38]. Аталған сөзпарсы және кейбір түркі тілдерінде «сансыз, он
мың» деген мағынада ие. Алтайша тÿмен «сансыз көп, қыруар». Тіліміздегі Түмен-
бай// Тұманбай, Түменов сияқты адам аттарының түбірі де осы түменмен төркіндес
болу керек [4].
Ескі қазақ жазба тілінде үшбу, дүр сөздері белсенді жұмсалады. Үшбу сөзі «осы,
бұл» мағынасына ие. Үшбу қисса, үшбу пәни сөз тіркестері мына жолдарда көрініс
тапқан:
Адамның ойы ұзын, ғұмыры қысқа,
Қысқалықта жазылды үшбу қисса.
«Қисса жазып ғұмырың өткiздiң» деп,
Иә, Рабби, қиямет күн менi қыспа [1, 9].
Мұныменен неше жыл, заман өттi,
Падишаға ажалдың уақыты жеттi.
Бiр уақытта падиша науқас болып,
Үшбу пәни дүниеден өтiп кеттi [1, 9].
Онын да бiр күн ғұмыры бiткен екен,
Опат болып дүниеден өткен екен.
Осы Бәйтул-Мұқаддис шаһарында
Үшбу пәни дүниеден кеткен екен [1, 48].
Емін-еркін қос сөзі «ешбір қағажу көрмеу, бетімен, қалауынша» деген мағынаға
ие. Ал ескі қазақ тілінде осы мағынада қос сөздің бір сыңары « емін» жұмсалған:
Бiр ғазиз қонағымсың, болсын жолың, Һеш қорықпа, бұ жерде емiн болың [1, 31].
90
Тарихи сөздердің кейбіреулері бүгінгі сөздердің ұтымды баламасы бола алады.
Мысалы, шақпа (сіріңке, шырпы, кеуірт, оттық), шекілдеуік (сыртында қабығы бар
майлы өсімдік; кұнбағар):
Уақыт болды тамақты даярлайтын,
Құлдарым ап келдiлер терiп отын.
Шақпа жағып сол жерде отты жағып,
Пiсiрдiлер банағы киiк етiн [1, 141].
Құлдарым ол аралда кезiп жүрдi,
Һәр түрлi шекiлдеуiк, жемiстердi.
Шекiлдеуiк, жемiске тойып алып,
Құлдарым сейiл қылып қайтып келдi [1, 141].
Ескі қазақ жазба лексикасы өзіндік ерекшелікке толы. Олай болса, ескі сөздердің
қолданыстарына, семантикалық ерекшеліктеріне тоқталайық.
Андан соңыра– одан кейiн. Андан соңыра тағы да жазамын мен Мұхаммед пай-
ғамбардың салтанатын [1, 9].
Мақсұт– арман, тілек; тілеп, күтіп алған. Ендi мақсұт сөзiме келейiн мен, Жәр-
дем қыл деп Құдайдан тiлейiн мен [1, 9].
Һәр– әр. Бұ қиссаның iшiнде һәр орында, Расулдың шариф есiмi болған үшiн [1,
9].
Тірік, тіріклік(түрк.) – өмiр; тiрi болу; тiршiлiк ету. Дүниенiң тiрiклiгi бәрi мех-
нат, Әуре болып iздеме бекер аны [1, 12].
Ризық– несібе. Тағдыр еткен адамның ғұмыры Құдай, Ризықтарын жазыпты со-
ған қарай [1, 12].
Һеш– еш. Әй, Даниал, бұл сөзiң не деген сөз, Мақлұқ болған болар ма һеш ме-
кенсiз [1, 12].
Қимат– қымбат. Сатпаққа қимат болар бидай басы, Жемекке жақсы болар арпа
асы. Пайғамбарлар арпаны же дейдi екен, Болған үшiн бiз[дер]ге [зор] пайдасы [1,
16].
Мағлұм – мәлiм, белгiлi. Мағлұм болды, ажалдың уақыты жеттi, Ықтият бол сен
ендi, өлермiн мен [1, 16].
Тамам, тәмам – соңы, аяқталды. Тоғыз ай, он күн тамам өткеннен соң, Бiр ер
бала дүниеге келтiрдi ендi [1, 17].
Һешбiр– ешбір. Қандай кәсiп, өнершi үйретсе де, Һешбiр кәсiп үйренiп бiле ал-
ған жоқ [1, 17].
Кепиет
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |