64. Қазақтардың ұлттық мәдениетінің ерекшеліктері 68. Тауелсіздік кезең философиясы 71. Орта ғасыр философиясындағы діни дүниетаным


-сұрақ Философияның зерттеу салалары



бет33/99
Дата10.05.2022
өлшемі244,65 Kb.
#33920
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99
Байланысты:
Философия сессия2

3-сұрақ Философияның зерттеу салалары

Философияның зерттейтін мәселесі - жалпылама әлем және оған адамның қатынасы,оларға қандай да болсын, болмыстың,танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия нәрсені жалпылама сипатта зерттейді. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісіне келетін болсақ, дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау-ең басты болып табылады. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Жеке жалғыз өзі түсіндірілмейді, әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана жүреді. Олай болмағанда, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі-барлық философиялық әрекеттердің орталығында болады. Дүние, адам және дүниеге қатынас-философияның 3 басты тақырыбы. Олар бір-бірімен өзара байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет