65. Мектеп және балабақша ғимаратына қойылатын гигиеналық талаптар


Мектептің,балабақшаның микроклиматы



бет2/10
Дата09.05.2023
өлшемі37,45 Kb.
#91309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
65-75 анатомия

66.Мектептің,балабақшаның микроклиматы.
Объектілерде үй-жайлардың оңтайлы микроклиматтық жағдайлары қамтамасыз етіледі. 
94. Жылыту кезеңінде ауаның мынадай температурасы көзделеді:
1) ұйықтайтын үй-жайларында, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізетін және демалыс үй-жайларында, компьютер сыныптарында, қызметтік-тұрмыстық, кір жуатын орындарда + 18 + 22 градус Цельсий (бұдан әрі – 0C);
2) буфеттерде, киім үтіктейтін, кептіретін бөлмелерде, қоймаларда және киім-кешек бөлмелерінде +160C;
3) физиотерапевт кабинеттерінде, уқалау кабинеттерінде +280C;
4) медициналық үй-жайларда, ойын бөлмелерінде, киім ауыстыратын бөлмелерде, дәретханаларда +20 + 220C;
5) спорт залында, рекреацияларда, вестибюль мен киім ілетін орындарда, +15 + 170C;
6) спорт залының орнында +19 + 230C;
7) ваннасы, бассейні бар үй-жайларда +300C;
8) себезгі бөлмелерінде +250C;
Үй-жайлардағы ауаның оңтайлы салыстырмалы ылғалдылығы 40 – 60 %-ды, асүйде және кір жуатын бөлмелерде 60–70 %-ға дейін құрайды.

67.Балалар мекемелерінің ауа-жылуымен қамтамасыз етілу тәртібінің гигиенасы
Адамдардың ұзақ уақыт болатын бөлмелері күні бойғы тіршілік іс-әрекетінің қалдықтарымен, яғни дем алғандағы ішкі ауалар, ішек газдары, тері арқылы бөлінулер, антропотастандылар арқылы ластанып тұрады. Сонымен қатар ауа құрамы тұрмысқа байланысты химиялық бөлінулер (жеке жұмыстарға қолданылған полимерлік материалдар, залалсыздандыру заттары, желдеткіштердің дұрыс болмауы т.с.с.) арқылы ластанады.
Осындай жағдайлардың нәтижесінде ауаның биологиялық қасиеті жедел өзгеріп, тотығуы жоғарылап, бактериямен ластануы өсе түседі. Оның электрлік қасиеті де, иондық құрамы да өзгереді - организмнің функционалдық жүйелеріне қолайсыз әсер ететін ауыр, оң зарядталған бөлшектердің саны өседі. Адамнан бөлінетін жылу, ылғал арқылы бөлме ауасының температурасы мен ылғалдылығы жоғарылайды
Балалар мен жасөспірімдердің термореттеу жүйелерінің ерекшелігіне байланысты, олар микроклиматтың және бөлменің жылулық өзгерісіне өте сезімтал келетіндіктен, оларға ауа-жылу комфортын қалыптастырып, термореттеу механизмдерін жаттықтыруға жағдай жасау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет