65. Мектеп және балабақша ғимаратына қойылатын гигиеналық талаптар



бет3/10
Дата09.05.2023
өлшемі37,45 Kb.
#91309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
65-75 анатомия

68.Бөлмелердің жарықтандырылуы
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін көру қызметінің дұрыстығын сақтау проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.
Табиғи жарық. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы. Күнделікті санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады
Балалар мекемесін сумен қамтамасыз ету.Химия, физика, биология кабинеттерінің лабораторияларына, санитарлық тораптарға, бірінші-төртінші сыныптардың әрбір бөлмелеріне және ұзартылған күн тәртібіндегі бөлмелерге міндетті түрде суық су жүйесі қосылуы керек. Ыстық судың температурасы 600С жоғары болмауы керек. Жалпы білім беру мектептерде эпидемиологиялық жайлы кездерде сода, сабын немесе жасанды жуғыш заттарды пайдалану арқылы күнделікті жуып-тазарту жұмыстары жүргізіледі
69. Мектеп және балабақша жер телімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Балалардың физикалық тұрғыда дұрыс дамуы және денсаулығының нығаюы үшін олардың уақытын жеткілікті түрде таза ауада өткізгені жөн. Сондықтан балабақша аумағын абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың ойнауы мен демалуына арналған ойын құрылыстары, ғимараттар, сәндік көгалдандыру – мұның барлығы балабақша келбетіне даралық пен өзіндік ерекшелік беруге тиіс. Ауылдық балабақшалардың қала балабақшаларынан айырмашылығы сонда, ауылда жер телімдері көбірек. Бұл ретте ауылдық балабақша телімдеріне белгілі бір талаптар қойылады: 

  • толымдылық, мақсаттылық, қарапайымдылық, жабдықтау мен безендірудің қолжетімділігі;

  • тәрбиелік және әкімшілік-шаруашылық кешендерін жоспарлау мен аймақтандыруға қатысты бірыңғай тәсілдеме;

  • топтық алаңдар мен әр жастағы топтар алаңдарында балаларды жасына қарай кезеңге бөлу есебі;

  • көлеңкелі қалқада жабдықтардың болуы мен оқу аймағын безендіру;

  • өсімдіктердің үздіксіз өсуіне жағдай жасау, ғимаратты, шарбақты көгалдандырудың түрлі тәсілдерін пайдалану;

  • педагогикалық процесті оңтайландыру үшін аумақты заманауи техникалық тұрғыда жарақтандыру.

Сәбилер балабақшаларының жер телімдерін қоршауды жергілікті жағдайға қарай қарастыру керек. Алайда жер телімінің қоршауы аласа және аталған жерге тән материалдардан жасалуы керек. Кіретін жер кең, ал оның безендірілуі неғұрлым сәнді болуға тиіс. Кіретін жерде мүмкіндігінше балалары бар ата-аналар үшін демалыс бұрышын жабдықтау, орындықтар қою, балалар жұмысы көрмесіне арналған немесе ата-аналарға арналған ақпарат орнын безендіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет