72.Мектептегі сабақтар кестесін медициналық бақылау. Санитарлық дәрігер, басқа мамандармен бірлесе отырып, мектеп оқушыларының денсаулық жағдайына, жеке бас ерекшеліктеріне байланысты, мамандыққа бағыт беру жұмысын дұрыс қалыптастыруы керек. Бұл саладағы санитарлық дәрігердің негізгі міндеттері:
Мектеп оқушыларын еңбекке дайындайтын мамандықтардың санитарлық сипаттамасын (профессиограммасын) жасау;
Таңдалған мамандықтың өсіп келе жатқан организмге тигізетін әсерін алдын-ала болжау;
Мектепте дәрігерлік-мамандық консультацияның толық және уақытында жүргізілетіндігіне бақылау жүргізу;
Мектеп оқушылары, олардың ата-аналары және педагогтардың арасында мамандыққа бағыт берудің медициналық аспектілері жөнінде санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Дәрігер жасөспірімдердің жас ерекшеліктері және функционалдық мүмкіндіктері туралы мәліметтермен қатар, әртүрлі мамандық факторларының организмге тигізетін әсері және мамандықтың түрлеріне байланысты жұмысшылардың функционалдық жағдайына қойылатын мәліметтермен кеңінен таныс болуы керек. Ол үшін, өсіп келе жатқан организмге өндіріс орындарының тигізетін әсерін болжап, білуге мүмкіндік беретін, мамандықтардың санитарлық сипаттамасы (профессиограмма) жасалады.
Мамандықтарға санитарлық сипаттама беру үлгісі мөлшермен алғанда төмендегідей сұрақтардан тұрады:
Өндірістің және жеке мамандықтың аталуы;
Жұмыс процессін және жеке операцияларды бейнелеп жазылуы;
Жұмыс кезіндегі жұмысшының дене тұлғасының сипаттамасы (отырып, түрегеп тұрып, амалсыздан біржақты ұстау ...) статикалық жүктеме және бірыңғай монотондылық бар ма (ұзақтығы қандай);
Жеке анализаторларға (есту, көру, иіс сезу) және орталық жүйке-жүйесіне (ынта, ықылас, есте сақтау, қимыл-қозғалыс координациясы) жоғары талаптар қойылуы;