67. Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Оқушылардың мінез-құлқына бақылау жасау, талап қою әдісі. Баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор.
Талап қою дегеніміз – баланың іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы – мұғалімнің сұрауы және орынды нұсқау беруі. Бұл әдістің ерекшелігі - баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез–құлқын, өзін-өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының арақатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қойған кезде болатын жағдай.
Бақылау әдісі дегеніміз - баланың іс-әрекетін, мінез-құлқын, белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Ол белгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындату құралына баланың күнделікті мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, оқушының мұғалім мен жолдастарының алдында есеп беруі сияқты іс-әрекеттер жатады. Бақылау баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.
Баланың бір іс-әрекет түрінен екінші іс-әрекет түріне ауысуының психологиялық негізі педагогикадан өзгеше. Бала өзі дағдыланған іс-әрекетін өзгертуге бастапқы кезде қарсылық білдіреді. Ондай балаға жаңа іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі атқаруға ынтасын ояту керек. Тәрбие әдісін орынды жерінде қолдану ғана оң нәтиже береді. Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін кешенді түрде қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болады.