70. Мектепалдыдайындық, мектептің бастауыш сатыларындағы қазақ тілі бағдарламарына талдау. Мектепалды дайындық- сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы өтеді,себебі 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды .Зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды.
71.Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар Сауат ашу дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі
-әліппеге дейінгі кезең Сойлеудің маңызын білдіру Сөйлеу, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сойлеу дағдыларын жетілдіру, жазуға дайындау.
-әліппе кезеңі.Негізгі кезең тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптерді жазба, баспа түрде салыстыру меңгерту.
-әліппеден кейінгі кезең. Оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру, мазмұн айтуға баулу.
Оқыту үдерісінде сабақты озық әдіс тәсілдермен оңтайлы түсіндіру қазіргі оқу жүйесіне енгізілген, Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқыту ұтымды әдістері, дұрыс таңдай білу және орын орнымен нақты қолдана білу міндеті тұрады. Осыған орай ойын, карточка тарату, топқа бөлу, видеоролик сиякты сабақ беру тәсілін өзгерту қазіргі оқу жүйесіндегі жаңалық болып табылады.
72.Синтаксисті оқытудың теориясы мен технологиясы. Сөз тіркесінің сөйлемге қатысы, оның әдістемелік проблемасы Синтаксистік байланыс- сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін құрастыратын формалардың көрінісі.
Сөз тіркесі- сөздердің өз ара тіркесу, байланысу қабілеті арқылы сойлем құралады. Сөз тіркесі- сойлем құраудың материалы. Сөйлем- кісінің ойын айтудың негізгі формасы
73.Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы. Олардың дайындығының зерттеу өлшемі Сауат ашу кезеңінде оқу тәрбие жұмысының нәтижелі болуы оның қабылдау мүмкіндігін дамытуға байланысты 6-7 жастағы балалардың қабылдауы көру, есту түйсігі арқылы жүзеге асады. Психологиялық міндет оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту. Ойлау машығын дамыту, баланың өз түйсігіне ойлау қабілетіне баса мән беру. Балалар қиялының қуатын пайдалану Тілдык дамыту жұмыстары- дидактикаға байланысты. Үйретілетін жаңа сөздер мен берілетін тапсырмалар, қолданылатын суреттер балаларға мейілінше таныс күнделікті өмірмен тығыз байланыста болған жөн.
Математика