"6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу таныстырылым іс-тәжірибесінің бағдарламасы. – Қарағанды, 2021. – 28 бет


Оқу таныстырылым іс- тәжірибесінің ерекшеліктері



бет3/10
Дата08.12.2023
өлшемі183,5 Kb.
#134693
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқу таныстырылым іс- тәжірибесінің ерекшеліктері

Оқу таныстырылым іс- тәжірибесі күндізгі бөлімде 6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша – 2 апта, 2 кредит 60 сағатты құрайды.
Білім алушы бакалаврдың кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар: бакалавр кең түрде іргелі және практикалық дайындығын үйлестіре білуі, өз мамандығын еркін меңгеруі, өз білімін үздіксіз толықтырып отыруы, педагогикалық әрекетті ұйымдастыру қағидаларын іс жүзінде жетекшілікке алуы, педагогикалық үдерісті басқарудың жетекші әдістерін игеруі тиіс
Оқу таныстырылым іс- тәжірибесінің пререквизиттері «Педагогикалық мамандыққа кіріспе».
1.2 Іс-тәжірибенің мақсаты мен міндеттері
Іс-тәжірибенің мақсаты: білім алушыларды бастауыш мектептің оқу – тәрбие үдерісіндегі бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетімен таныстыру.
Міндеттері:

  • педагогикалық іс-тәжірибенің базасы ретінде оқыту мекемесінің педагогикалық үдерісін талдау және зерттеу

  • мұғалімнің кәсіби-әрекетінің ғылыми және практикалық негіздерімен таныстыру;

  • мектептегі мұғалім жұмысының негізгі және түрлерімен таныстыру;

  • бастауыш мектептегі оқу еңбегінің мәдениетін меңгеруге көмектесу;

  • бастауыш мектептегі мектеп құжаттарын жүргізу тәртібімен таныстыру;

  • өз бетінше бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби сапаларын қалыптастыруға үйрету;

    1. Іс -тәжірибені ұйымдастыру және өту түрі

Тәжірибенің мақсатына жету мен міндеттерді шешу жетекші принциптерді және оның ұйымдастыру формаларын жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етіледі:

  • іс-тәжірибенің мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының талаптарға сай болуы;

  • іс-тәжірибенің болашақ педагогтарды даярлаудың теориялық кезеңімен байланысы;

  • іс-тәжірибенің базасы ретінде таңдалған оқу мекемелерінің, білім алушы- практиканттардың ерекшеліктерін есепке ала отырып іс-тәжірибенің мазмұнын саралау және даралау.

  • карантиндік шаралар күшейтілген жағдайда, тәжірибені қашықтықтан ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда кафедрадан және іс-тәжірибе базасынан практиканттардың, іс -тәжірибе жетекшілерінің өзара әрекеті мессенджерлер мен idl.ksu.kz платформасы арқылы жүзеге асады.

Білім алушы-практиканттардың тәжірибесі МББС, оқу үдерісі жоспары мен бағдарламасының негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет