"6B01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» оқу таныстырылым іс-тәжірибесінің бағдарламасы. – Қарағанды, 2021. – 28 бет


Білім алушы-практиканттардың құқықтары мен міндеттері



бет6/10
Дата08.12.2023
өлшемі183,5 Kb.
#134693
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Білім алушы-практиканттардың құқықтары мен міндеттері

Құқықтары:

  • іс-тәжірибе барысында туындаған барлық сұрақтар бойынша іс-тәжірибе жетекшісінен кеңестер алуға құқылы;

  • іс-тәжірибені ұйымдастыруды, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге байланысты өз тарапынан ұсыныстар енгізуге құқылы;

  • университеттің және іс-тәжірибе базасының дидактикалық материалдарын, көрнекі оқу-әдістемелік құралдарын, кітапханасын қолдануға құқылы.

Міндеттері:

  • білім алушы-практикант өзі өтетін мектептің ішкі тәртібінің ережелеріне, іс-тәжірибе жетекшілерінің және мектеп әкімшілігінің нұсқауларына бағынады. Практикантқа қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда ол іс-тәжірибені өтуден босатылуы мүмкін.

  • Іс-тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды толық орындау, тәжірибе күнделігін жүргізу;

  • Білім беру мекемесінің ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағыну;

  • Өндірістік санитарияның, қауіпсіздік техникаларын және еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау және білу;

  • Рационалды және ойлап табу іс-әрекетіне қатысу;

  • Орындайтын жұмысы және оның нәтижелері бойынша жауапкершілікті алу;

  • Іс-тәжірибе жетекшісіне апта мерзіміне сәйкес жазбаша есеп беру, тәжірибе күнделігін және басқа да тәжірибе бағдарламасында көрсетілген құжаттарды дайындау;

  • Бекіту және қорытынды конференцияларға қатысу.

Іс -тәжірибенің қашықтан өту форматы аясында:
Білім алушы-практикант:
- іс-тәжірибе жетекшісі жасаған бұлтта орналасқан «Электронды күнделікке» күнделікті жазбаларды жүргізеді;
- қашықтағы форматта базалық мекеме жетекшілерінің тапсырмаларын орындайды;
- форумда іс-тәжірибе жетекшісінің тапсырмаларын қабылдайды, оларды орындайды, файл менеджері немесе пошта арқылы тапсырмаларды тексеруге жібереді.
2. Іс -тәжірибенің мазмұны
Университетте білім алушылардың оқу таныстырылым іс-тәжірибесін өткізу үшін келісім-шарт негізінде іс-тәжірибенің тұрақты базасы ретінде мектептер анықталынады. Іс-тәжірибе базасы ретінде мектептерді таңдаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:

  • мектеп кадрларының құрамы, мұғалімдердің жоғары білімінің және педагогикалық өтілінің болуы;

  • қазіргі техникалық оқу құралдарының болуы;

  • оқытудың алдыңғы қатарлы педагогикалық технологиясын жүзеге асыратын мұғалімдердің болуы;

  • мектептің педагогикалық ұжымындағы дұрыс моральдық-психологиялық климат;

  • педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби және әдістемелік жағынан өсуін қамтамасыз ететін жағдайлардың болуы.

Іс-тәжірибенің әр кезеңінің алдында іс-тәжірибе базасымен таныстыру мақсатында мектептерде әкімшілік басшылары мен мұғалімнің сынып жетекшілерінің қатысуымен бекіту конференциясы өткізіледі. Білім алушы-практиканттар іс-тәжірибеде мынадай көрсеткіштермен таныс болады;

  • мектеп басқармасының құрылымы, мектеп ұжымының құрамы;

  • мектептің соңғы 2-3 жыл ішіндегі жұмысының негізгі сапалы көрсеткіштері;

  • мектептің даму перспективасы;

  • мектепте педагогикалық процесті тиімді көтеру резервтері;

  • мектеп мұғалімнің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесі;

- балаларды оқыту үшін қауіпсіз және салауатты жағдайларды туғызу және қамтамасыз ету.
Іс-тәжірибе несиелік көріністе беріледі, базалық мектептермен бес жылға өзара ынтымақтастық пен іскер қарым-қатынас жасау туралы келісім шарттар жасалады.
Білім алушы-практиканттарды практикаға жіберу процедурасы:
А) күндізгі оқу бөлімі студенттері үшін:

  • педагогикалық іс-тәжірибені өту үшін білім алушыларды базалық мектептерге бөлу;

  • білім алушыларды іс-тәжірибеден өту кезеңіне бекіту және қорытынды конференцияларының жоспарын, сонымен қатар БОПмӘ кафедрасы шараларының жоспарын құру;

  • факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің тарапынан педагогикалық іс-тәжірибенінің өту барысына бақылау-кестесін құру.

Іс-тәжірибенің алғашқы күні университетте бекіту конференциясы өткізіледі, онда білім алушы практиканттар іс-тәжірибенінің мақсаты, міндеттері, мазмұнымен таныс болады. Базалық мектептерде іс-тәжірибе жетекшілері мектеп мұғалімдерінің қатысуымен бекіту конференциясын ұйымдастырады. Білім алушы-практикант педагогикалық іс-тәжірибенінің барлық кезеңіне дербес күнтізбелік жұмыс жоспарын құрады, оны топ жетекшісі бекітеді. Әр апта сайын топ жетекшісі білім алушы практиканттардың іс-әрекетін бақылау мақсатымен аралық аттестация өткізеді. Онда білім алушы практиканттар апта ішінде атқарған жұмыстары туралы есеп береді, өзінің және басқа жолдастарының іс-әрекетіне талдау жасайды, іс-тәжірибе жетекшісі педагогикалық бақылау күнделіктерін тексереді.
Іс-тәжірибенің аяқталуына 1-2 күн қалғанда мектепте немесе университетте білім алушы практиканттар іс-тәжірибе нәтижесін қорғау мақсатында шығармашылық есеп береді. Қорғауға іс-тәжірибе бағдарламасын толық орындаған және іс-тәжірибе жетекшісіне тиісті есеп беру құжаттарын тапсырған білім алушы практиканттар босатылады. Қорғауға білім алушы практиканттар және іс-тәжірибе жетекшілері (топ жетекшілері, дербес пәндердің оқытушылары, бастауыш сынып мұғалімдері) қатысады. Есепте білім алушы практиканттардың іс-тәжірибе жетекшілерінің іс-әрекетіне талдау жасалынады, іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізудегі жетістіктер мен кемшіліктер көрсетіледі. Іс-тәжірибе бағалану үшін: іс-тәжірибе күнделігі, есебін өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет