1.4. Іс -тәжірибе жетекшісінің құқығы мен міндеттері 1.4.1 Факультеттен және кафедрадан жетекшілер Факультет жетекшісі БОПмӘ кафедрасымен келісімі бойынша факультет кеңесінде тағайындалады.
Факультет жетекшісі:
мектеп әкімшілігіне іс-тәжірибені өткізу мерзімі, мақсаты, мазмұны туралы хабарлама жасайды;
іс-тәжірибе базасымен байланыс жасап, білі алушыларды мектептерге бөлу жөнінде бұйрық дайындайды;
университет пен базалық мектеп әкімшілігінің шығармашылық ынтымақтастығы туралы келісім шарттың барлық баптарының сақталуын қадағалайды;
мектеп әкімшілігі және мұғалімдерге төлемақы бөлу туралы құжаттарды уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
университетте іс-тәжірибе бөлімінің өкілдері, факультет жетекшілері, кафедра меңгерушісі, іс-тәжірибе жетекшісі, әдіскерлер, білім алушылардың қатынасуымен қорытынды конференция өткізеді.
Іс-тәжірибе жетекшісінің міндеттері:
өз тобындағы білім алушылардың практикасына тікелей басшылықты жүзеге асырады;
білім алушы-практиканттардың есептерін қорғауды ұйымдастырады және өткізеді, бағыттаушы және қорытынды конференцияларды өткізеді;
іс-тәжірибе бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді, жеке жоспарларды жасауға көмек көрсетеді, оларды бекітеді және олардың уақтылы орындалуын бақылайды;
іс-тәжірибе бағдарламасы түрлі мәселелері бойынша білім алушыларға кеңес береді;
білім алушылар мен іс-тәжірибе базаларындағы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастарды орнатуға жәрдемдеседі;
білім алушылардың есеп беру құжаттамасын талдайды және іс-тәжірибе бойынша есептерді қорғауға рұқсат береді, іс-тәжірибені бағалау бойынша ұсыныстар жасайды;
бағыттаушы және қорытынды конференциялардың жұмысына, білім алушылардың іс-тәжірибе нәтижелерін қорғау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.
Іс -тәжірибенің қашықтан өту форматы аясында:
іс-тәжірибені онлайн және офлайн режимінде ұйымдастырады, мектеп әкімшілігімен байланыс орнатады (электрондық пошта, WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы);
форумға апта сайын, қажет болса күнделікті барлық топқа да, жеке адамға да ортақ тапсырмалар қояды;
іс-тәжірибе бойынша есеп беру құжаттарына қойылатын талаптарды анықтайды және форумға қояды;
өзіне бекітілген әрбір білім алушы -практикант үшін материалдарды жүктеу құқығымен бұлтты сілтеме (mail.ru немесе Google) жасайды, осы сілтемені базалық мекеме жетекшісімен бөліседі;
«Бағалау парағын» базалық тәжірибе жетекшілеріне жібереді.